АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алатау ауданында аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді

10.12.2019
Алатау ауданында аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді


06.12.2019
Алатау аудан әкімдігінің мәжіліс залында латын әліпбиіне көшу жөнінде жиын өтті.


05.12.2019
Аудан басшысы мекеме басшыларымен кездесіп, бірқатар тапсырмалар берді.

Жер заңды негізде ЖЕР ЗАҢДЫ НЕГІЗДЕ



ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ!


Басып алған құрылыстарды заңдастыру туралы 

Алматы қаласы әкімдігінің жанынан азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында, "Кедергісіз тұрғын үй" қоғамдық бірлестігі құрылды.

"Кедергісіз тұрғын үй" қоғамдық бірлестігі жобасы заңсыз салынған үйлерді сот арқылы заңдастыру үшін, азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.

Жобаның негізгі бағыты – жеке тұрғын үйлерді заңдастыру бағытында барлық мемлекеттік органдармен бірлесе әрекет ету алгоритмін құрып, азаматтарға тұрғын үйлерін заң жүзінде тіркеуге көмек көрсету.  

"Кедергісіз тұрғын үй" жобасы бойынша азаматтардан құжаттарды қабылдау Алатау ауданы әкімдігі ғимаратының 101 кабинетінде әр аптаның дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00 – 18.00 аралығында жүзеге асырылады.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Шаңырак-2» ықшамауданы, Жанқожа батыр көшесі, 26