АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Білім беру жүйесінде мектеп психологы қызметінің маңыздылығы» тақырыбындағы аудандық семинар өтті

22.01.2019

«Білім беру жүйесінде мектеп психологы қызметінің маңыздылығы» тақырыбындағы аудандық семинар өтті



19.01.2019

Аудан әкімі 2018 жылдың қортындысы бойынша «Саялы» шағын ауданында халық алдында есеп берді



15.01.2019

Пәтер иелері кооперативтері мен басқарушы компаниялар өкілдерімен жиналыс өтті


Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

02.02.2016

Алматыда Индустриалды аймақты кезеңмен игеру жоспары талқыланды

Алматы әкімі Бауыржан Байбектің төрағалық етуімен Индустриалды аймақты дамыту мәселесі талқыланды.

Әкім өз сөзінде Индустриалды аймақты дамытуда жұмыс орнын құратын және салық төлейтін, тиімділігі жоғары жобаларға ерекше мән беру қажеттігін атап өтті. Қала басшысы осы аймақта биылғы жылдың өзінде 5-6 кәсіпорынды іске қосуды тапсырды.

Қала әкімі аймақты оңтайландыру және кезеңмен игеру қажеттігін баса көрсетті. Мұнда бар коммуникация өндірісті тығыз орналастыруға ықпал етеді.

Шара барысында Алатау ауданында Индустриалды аймақты салу үшін 490 га жер бөлінгендігі,соның 360 гектары немесе 75%-ы игерілгендігі айтылды.Индустриалды аймаққа бүгінгі күні 46 резидент қатысуда.

Анықтама:

Индустриалды аймақ – энергия көздері, көлік тораптары, өндірістік, логистикалық және табиғи- сервистік өндіріс орындары тығыз орналасатын, құрылыс нысандары, әкімшілік, қызмет көрсету мен білім обьектілері бар өндірістік орталық. 

02.02.2016