2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әкімнің қабылдауы 28.01.2020

28.01.2020
Әкімнің қабылдауы 28.01.2020


27.01.2020
Алматы құтқарушыларында қонақта


27.01.2020
Бүгін Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы халық алдындағы есебін берді.

  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Желтоқсанның 4-де Алатау ауданына қарасты №-152 мектеп гимназиясында аудан әкімінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты халыққа арналған жолдауын талқылау мақсатында жиын болып өтті
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

04.12.14 04.12.2014

Алматы әкімдігі мен «Самрұқ-Қазына» ӘАҚ» АҚ-ы жалпы сомасы 800 млрд. теңге болатын бірігіп жұмыс істеу жөніндегі Меморандумға қол қойды

Бүгін Алматыда «Мемтапсырыс-2015» акциясы болып өтті. Оның аясында қаланың кәсіпорындары мен ұйымдары «Самрұқ-Қазына» ӘАҚ-на қызмет көрсету және тауарлар жеткізу бойынша өз мүмкіндіктерін ұсынды. Акция барысында 2015 жылы ӘАҚ-ның алматылық кәсіпкерлерден жалпы құны 800 млрд теңге болатын тауарлар мен қызмет көрсетуді сатып алуы жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов пен «Самрұқ-Қазына» ӘАҚ-ның төрағасы Өмірзақ Шүкеев қатысқан алқалы жиында өткен жылы бірігіп атқарған жұмыстардың нәтижелері талқыланды.

«Қормен және Самрұқ-Қазына кәсіпорындарымен бірігіп үлкен жұмыстар атқарылды. Әрине, ол қала экономикасына оң ықпалын тигіуде. 10 айдың ішінде бізде барлық көрсеткіштер бойынша жақсы өсім байқалады. Мысалы, өнеркәсіп 3%, құрылыс 21%, жүк айналымы 12%, сауда 9%-ға өсті. Тоғыз айдың ішінде ӨЖӨ өндіру 4,8 триллионға жетті немесе 8%-ға артты»,- деді Ахметжан Есімов.

Әкім энергетика саласына ерекше көңіл бөлінетіндігін атап өтті. Қормен бірігіп жұмыс жасау арқасында қалада элеткр энергиясымен және газбен қамтамасыз ету ойдағыдай шешілді.

«Соңғы 5 жыл ішінде Самрұқ тарапынан газдандыру ісіне 7,2 млрд теңге бөлінді, соның арқасында 660 км газ желілері тартылды. Біз өз бюджетімізден 5 млрд. бөлдік, бұл 400 км. Осылайша, жеке секторды газдандыруды аяқтап қалдық. 29 қосалқы станция салынды, оның 22-не мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржының жалпы сомасы 62 млрд, электр желілеріне бөлінгені 18 млрд. Яғни, осы жылдар ішінде энергетика кешенін дамытуға бөлінген қаржының жалпы сомасы 80 млрд», - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде «Самрұқ-Қазына» ұлттық қорының басшысы Алматының қордан сатып алудың үштен бір бөлігін қамтитынын айтты.

«Бұл орасан сан осының өзі қалада өнеркәсіп және индустриалды секторларының өте дамығандығынын көрсетеді. Алматылық тауарлар өндірушілер өнімдерінің сапасы бізді қанағаттандырады, олар бәсекеге лайық», - деді Өмірзақ Шүкеев.

«Мемлекеттік тапсырыс» акциясы соңғы алты жылдың ішінде тұрақты өтіп келеді. Оның мақсаты - қала тауарөндірушілерінің мемлекеттік сатып алу ісіне қатысу үлесін арттыру. «Мемлекеттік тапсырыс-2014» акциясы кәсіпкерлерге және Алматы қаласы бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктеріне «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл - ауқат қорының келер жылға жасаған сатып алу жоспарымен кеңінен танысуға мүмкіндік береді.

Қала басшысы мегаполистің энергетика кешені бойынша бірігіп жұмыс істеуге ерекше назар аударды. 2014-2016 жылдарғы жекшелендірудің Кешенді жоспарына сай «Алматы электр станциялары» АҚ, «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ және «Алматыэнергосбыт» ЖШС сатуға шығару жолымен жекешелендірулері тиіс. Осыған орай, Ахметжан Есімов стратегиялық мәні бар энергетикалық обьектілерді жекшелендіру процесстеріне барынша мұқият болуды айтты.

«Біз барлымығыз энергокешенді жекешеге беру барысында орын алған келеңсіз жайттарды жақсы білемі, «Трактебель» осы компанияларды өзінің жеке иелігіне алғанда олардың жағдайы тым мүшкіл болғаны белгілі. Дұрыс жасалмаған жекшелендіру арқасында кейбіреулер күректеп ақшадан пайда тапты, енді біруелер шетелде тұрып жатыр. Проблемаларды шешу мемлекеттік мойнына түсті, мысалы Алматы қаласын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін ондаған миллиард теңге бөлуге тұра келді, содан кейін ғана жұмыс істейтін кәсіпорындарды энергиямен қамтамасыз етуге қол жетті», - деді Ахметжан Есімов.

Жиын барысында әкім алматылық кәсіпкерлерді толғандыратын бірқатар мәселелерді қарау керектігін алға тартты. Соның бірі - бұрыннан бар СТ-KZ. сертификациясы. Өйткені, бизнесмендер бұл схеманы субъективті әрі дұрыс жасалмаған деп есептейді. Биылғы жылдан бастап сертификаттар беру функциясы кәсіпкерлердің Ұлттық палатасының құзырына берілген.
04.12.2014