2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әкімнің қабылдауы 28.01.2020

28.01.2020
Әкімнің қабылдауы 28.01.2020


27.01.2020
Алматы құтқарушыларында қонақта


27.01.2020
Бүгін Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы халық алдындағы есебін берді.

  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматы әкімі «Нұрлы Жол - Болашаққа бастар жол» Жолдауы аясында жүзеге асырылатын негізгі жеті бағытты атап өтті
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

15.11.14 15.11.2014

Алматы әкімі «Нұрлы Жол - Болашаққа бастар жол» Жолдауы аясында жүзеге асырылатын негізгі жеті бағытты атап өтті

Қалалық активтің басын қосқан жиында Елбасының «Нұрлы Жол - Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Алқалы жиында Алматы әкімі Ахметжан Есімов Елбасы Жолдауы аясында Алматыда жүзеге асырылатын негізгі 7 бағытты атап өтті.

Оның айтуынша, жаһандық экономикадағы қазіргі жағдай өзінің кері әсерін тигізуде. Ресей Федерациясына қатысты халықаралық санкциялар экономикалық өсімді тежеуде, Қытайдағы жалпы ішкі өнімнің өсімі болжамдағаннан да нашар нәтиже беруде, Еуроодақ аймағындағы елдерде де жандану байқалмайды. Осыған байланысты Қазақстан Президенті ел экономикасында негативті үрдісті болдырмау үшін тиісті шараларды қолға алу міндеттерін жүктеді. Осы ретте экономикалық өсімге мультипликативтік нәтиже беретін шаралар қолдау табатын болады.

Шаһар басшысы «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық саясаты алдағы жылдарда экономика өсуінің қозғаушы күші болатынын атап өтті.

«Жалпы, мақсатты жұмыс нәтижесінде инвестициялық белсенділік қолдауға ие болып, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Тұрғындардың табысы төмендемеуі үшін барынша әрекет етеміз, нәтижесінде алдағы жылдарда экономиканың тұрақты өсуі қамтамасыз етіледі», - деді Ахметжан Есімов.

Жаңа экономикалық саясаттың негізі Инфрақұрылымды жеті бағыт бойынша дамыту жоспары болады.

Олардың алғашқысы - көліктік логистика инфрақұрылымы. Шаһар әкімі соңғы 5 жыл ішінде Алматыда 14 айналма жол, сондай-ақ, 140 шақырымнан астам жол салынғанын атап өтті. Жалпы ұзақтығы 25 шақырымды құрайтын 5 көшені тесіп өту жұмыстары жасалды, 1300 шақырымнан астам жол қайта жөнделді, 68 жерасты және жерүсті жүргіншілер өткелі салынды, метрополитеннің алғашқы желісі іске қосылды. Қаланың алдағы жоспарында жаңа айналма жолдардың құрылысы, экологиялық таза отынмен жүретін қоғамдық көліктерді дамыту жұмыстары тұр.

«Қаланың коммуналдық қоржынында газбен немесе электроэнергиямен жүретін 850 бірлік коғамдық көлік бар. Бұл қаладағы барлық қоғамдық көліктің тең жартысы. Алдағы екі жыл ішінде, жекеменшік автобус тасымалдаушы мекемелермен бірлесе отырып, қоғамдық көліктерді жүз пайыз газбен немесе электроэнергиямен жүретіндей етіп ауыстыру жұмыстарын атқаратын боламыз», - деді Ахметжан Есімов.

Алматы әкімі қаладағы барлық жұмыстар Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап көрсеткен міндеттерге сай атқарылып жатқанына ерекше тоқталып өтті. Сондай-ақ, алып шаһар республикалық бюджеттен бөлінетін қосымша қаржы есебінен сол жұмыс қарқынын үдетуге мүмкіндік алды.

Екінші бағыт - индустриалды және арнайы экономикалық аймақтардағы инфрақұрылымды дамыту және туристік сала.

Алматыда Алатау ауданындағы Индустриалды аймақ және «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА инфрақұрылым құрылысы бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. 5 жыл ішінде арнайы экономикалық аймақта өз жұмысын өрбіткен кәсіпорындар саны артты, 3 есеге ұлғайды және олардың саны 150-ден асты. Бүгінге дейін Индустриалды аймақ бойынша құны 65,5 млрд. теңгені құрайтын 16 жоба мақұлданды және 4000 жұмыс орны пайда болды.

Өз Жолдауында Қазақстан Президенті туризм саласында 1 жұмыс орнының пайда болуы өнеркәсіп саласына қарағанда 10 есе арзанға түсетінін тілге тиек еткен болатын. Қала әкімі Алматыдағы ерекше табиғат, қолайлы климат, ыңғайлы көлік және қызмет көрсету инфрақұрылымы туризмді дамытуға арналған алғышартты қамтамасыз ететінін айтты.

Соңғы кездері қалада энергетикалық инфрақұрылым мәселесіне зор назар аударылды. Атап айтсақ, қала төңірегінде энергетикалық аймақ құрылысы аяқталды. Жетекші әлем өндірушілерінің қазіргі заман жабдықтары орнатылған 29 аралық станция құрылып қайта жаңғыртылды. Қуаттың жалпы өсімі 3000 мВА-дан асты.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын жаңарту жағына келетін болсақ, қазіргі кезде Алматының жеке меншік секторын газдандыруға зор көңіл бөлінуде. Жаңадан қосылған аумақты есепке алмасақ, бұл жұмыс атқарылды деуге болады. Пайда болған мүмкіндікті қолдана отырып, қала басшысы қосылған аумақта мұндай жұмысты жылдамдату қажеттілігін атап өтті.

Ахметжан Есімов қалада тұрғын үй инфрақұрылымын бекіту бағытында ескі үйлерді сүру бағдарламасының іске асырылып жатқанын да айтты. Бағдарлама шеңберінде 62 үй салу мен 3 мыңға жуық отбасының тұрғын үй жағдайын жақсарту жоспарланған. Жолдаудың қағидаларын есепке ала отырып, бұл бағыттағы жұмыс одан әрі күшейтіледі. Қалада тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларымен қатар облигациялық заем қаражаты есебінен қалалық ипотекалық тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру шешімі қабылданды. Бұған 6 мыңдай Алматы тұрғынына 46 үй салуға мүмкіндік берген 2 мәрте айналымдылық есебінен 4 млрд. теңге бөлінді.

Алтыншы бағыт - әлеуметтік инфрақұрылым қала үшін маңызды болып табылады. Соңғы 5 жылдың ішінде мемлекеттік қаражат есебінен 25 балабақша, 15 мектеп, 11 емхана салынды. Дегенмен, Алматы әкімінің айтуы бойынша, тек бюджеттік қаржыландыру күшімен ғана әлеуметтік сала объектілерін кеңейту мәселесін шешуге болмас. Мұнда мемлекеттік-дербес әріптестік шеңберінде іске асырылатын жобалар үлкен рөл атқаруы тиіс.

Жетінші бағыт - шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау. Қала үшін ШОБ-тың зор маңыздылығын есепке ала отырып, бұл секторға барынша қолдау жасалып жатыр. Елбасының үстіміздегі жылдың наурыз айында Ұлттық қордан 100 млрд. теңгені шағын және орта бизнесті жеңілдетіп несиелеуге бөлу туралы шешімі экономикалық өсу үшін жағымды болғаны сөзсіз. Нәтижесінде қаланың өңдеу өнеркәсібі саласында қызмет ететін 45 кәсіпорын 10,7 млрд. теңге көлемінде қолдау тапты. Жалпы үстіміздегі жылдың 10 айы ішінде ШОБ кәсіпорындарын несиелеу көлемі 44,6%-ға өсті.

Қала басшысы «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты таяу жылдар аралығында экономика өсуінің қозғалтқышы болатынын атап өтті.

«Жалпы мақсатты жұмыс нәтижесінде инвестициялық белсенділікке қолдау жасалып, жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың табыс көрсеткіштерінің төмендеуіне жол берілмейді. Бұл өз кезегінде таяу жылдар аралығында экономиканың тұрақты өсуін қамтамсыз етеді», - деді Ахметжан Есімов.

Қорытындылай келе, Алматы әкімі бейінді басқармаларға мүдделі ұйымдармен бірге Елбасының Жолдауын іске асыру бойынша іс-шаралар дайындауды тапсырды.

Сондай-ақ, қалалық актив отырысына ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарма төрағасы Серік Аханов, Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары және этно-мәдени ұйымдардың өкілдері қатысты.
15.11.2014