2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әкімнің қабылдауы 28.01.2020

28.01.2020
Әкімнің қабылдауы 28.01.2020


27.01.2020
Алматы құтқарушыларында қонақта


27.01.2020
Бүгін Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы халық алдындағы есебін берді.

Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

15.12.2014

Алматыда «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ашылды

Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңыда Алматының Алатау аудынында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ашылды.

Алматы әкімі, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы Ахметжан Есімов «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген жиынында халыққа жыл сайын жасайтын Жолдауында Мемлекет басшысының партияға үлкен жауапкершілік артқандығын атап өтті. Аудандық филиалдың ашылуы жергілікті жерде партияның жұмысын күшейтуге ықпал ететіндігі сөз болды.

«Бүгінгі күні Алматы қаласында партияның барынша тиімді жұимыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Қалада үш аудандық филиалдар нысандарының құрылыстары аяқталды. Келер жылы тағы да үш филиалдың нысандары салынбақ. Құрамына миллионға жуық адамды біріктіріп отырған «Нұр Отан» партиясы еліміздің ең қуатты партиясы», - деді Ахметжан Есімов.

Филиалдың ашылуы барысында қоғамдық институт ретінде «Нұр Отанның» ең мықты саяси партия екендігі атап өтілген болатын.

Мегаполис әкімі алты жыл ішінде Алатау ауданына бюджеттен 163 млрд. теңге бөлінгендігін, осы кезеңде инвестицияның 175 млрд. теңгеге жеткендігін айтты.

«Мемлекет басшысы айтып өткеніндей, Алатау ауданының болашағы зор, ол әрі қарай дами бермек. Аудан құрылғалы бері мұнда 9 мектеп, 7 балабақша, 3 медицина ұйымы, салынып, іске қосылды, жаңа жолдар жасалуда, көшелер жарықтандырылуда, «Алатау» концерт залы салынды. «Саялы», «Алғабас», «Нұркент» ықшам аудандары пайда болды», - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы аталған аудан аумағының 98%-ның газдандырылғанын ерекше атап өтті, 275 километр су желісі, 75 километр кәріздік желі салынды. Осы жылдар ішінде 1 млн. 100 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.

1998 жылы Президенттікке кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Нзарабаевты қолдау жөнінде қоғамдық штаб құрылған болатын. Кейін штаб қозғалысқа айналды, ал 1999 жылы осының негізінде «Отан» партиясы құрылды. Оның бірінші съезінде партияның төрағасы болып бірауыздан Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. 2006 жылы «Асар», Азаматтық және Ауыл партиялары құрылып, олар кейін «Отанға» қосылып, «Нұр Отан» ХДП-ы пайда болды.

2012 жылы 15 қаңтарда өткен Парламент сайлауында «Нұр Отан» партиясы сайлаушылар дауысының 81%-ын жинады. «Нұр Отан» партиясының фракциялары Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттарда еліміздің маңызды мәселелерін шешуге белсенді түрде араласып келеді.

15.12.2014