2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әкімнің қабылдауы 28.01.2020

28.01.2020
Әкімнің қабылдауы 28.01.2020


27.01.2020
Алматы құтқарушыларында қонақта


27.01.2020
Бүгін Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы халық алдындағы есебін берді.

  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматы әкімі білім министріне оқу орындарында АӘД пәнін оқыту әрекеттерінің мақсатқа сәйкестігін қарастыруды ұсынды
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

18.11.14 18.11.2014

Алматы әкімі білім министріне оқу орындарында АӘД пәнін оқыту әрекеттерінің мақсатқа сәйкестігін қарастыруды ұсынды

Бүгін V сайланған қала мәслихатының XXXIІІ сессиясында Алматы әкімі Ахметжан Есімов депутаттарға сән және дизайн колледжінде орын алған төтенше жағдайға байланысты ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпівке хат жолдағаны жайлы айтты. Хатта оқу орындарында алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту бағдарламасы кеңес заманынан бері өзгертілмегені айтылған. Шаһар басшысы АӘД пәні бағдарламасын оқыту қаншалықты қажет екенін және оның өзектілігі мәселесін көтерді.

«Мен “Алғашқы әскери дайындық” пәнінің өзектілігіне күмән келтірудемін. Жолданған хатта АӘД пәнін оқыту бағдарламасын әлемдік тәжірибе мен заманауи талаптарға сүйене отырып, қайта қарастыруды ұсындым. Тек мамандандырылған оқу орындарында болмаса, әлем елдерінде автомат, граната сынды қару-жарақтардың құрылысын үйрететін оқыту пәндері қарастырылмаған. Министрлік шешім шығарғанға дейін, Алматыдағы оқу орындарында сабақ барысында ату жарақтары қолданылмайтын болады», - деді Ахметжан Есімов.

Сондай-ақ, қала әкімі қаза тапқан және жапа шеккен отбасыларға ақшалай жәрдем көрсетілетінін айтты. Қаза тапқан отбасыға 1 млн. теңге және жапа шеккен отбасыларға 500 мың теңгеден қаржы бөлу туралы шешім қабылданды.

Одан бөлек, Мәслихат сессиясында 2014 жылға арналған бюджет нақтыланды. Сонымен, республикалық бюджеттен мақсатты трансферттерге арналған қаржы 3 млрд. 166 млн. 695 мың теңгеге қысқарды. Одан өзге, жергілікті бюджеттің шығыны оңтайландырылды, жалпы сомасы 3 млрд. 787 млн. 022 мың теңгенің 1 млрд. 830 млн. 313 мың теңгесін қаладағы басымды жобаларды іске асыруға бағыттады. Осылайша, 2014 жылға Алматының бюджеті жалпы сомасы 432 млрд. 067 млн. 388,4 мың теңгені, ал нақтыланған бюджет 356 млрд. 471 млн. 200,4 мың теңге құрады.
18.11.2014