АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қала әкімі Алатау ауданы тұрғындарына пәтер кілтін табыс етті

19.09.2018

Қала әкімі Алатау ауданы тұрғындарына пәтер кілтін табыс етті



18.09.2018

Алатау ауданы әкімінің аппаратында аппарат жиналысы өткізілді



18.09.2018

Ауданда заңсыз сауда дүңгіршектері алынды


Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

24.01.2018

Қарттарым аман саумысың?!

     Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Ұлықпан Хакім мың жасаған   дейді, ешкім   мың жасамайды, тек өсіп-өнген, тәрбиелі   ұрпағымен   мың   жасайды. Ия, ұрпағының өсіп, жетіліп, айналасына үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар? Қазақтың басқа халықтардан айырмашылығы – “Ұрпағым” деп шыр-пыр болатыны. Ол   үшін   көзсіз   көбелектей   отқа   түсетіні. Бұл- біздің ең   ұлы ұлттық қасиеттеріміздің    бірі. Ал   ұрпақтың ата-ана   алдындағы борышын өтеу үшін жасап жатқан ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып, зейнеткерлерге жағдай жасалуда. Президентіміздің жыл   сайынғы халыққа жолдауында арнайы қаралып, оларға қамкорлық ел эканомикасының өсімімен қатар өсіп келеді.


     Соның бір дәлелі «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы мен «Қарттарым аман-саумысың» акциясы аясында «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының қызметкерлері, аудандық филиал жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері Ұлы Отан Соғысының ардагерлері, Тыл қызметкерлері мен жалғыз басты қариялардың үйіне барып, хал-ахуалдарын сұрап қайтты. Іс – шараның негізгі мақсаты қарттарымыздың әлеуметтік – тұрмыстық жағдайын зерттеу, белгілі бір қажеттіліктері болса, әлеуметтік карталарын толықтыру арқылы соның шешілуіне жағдай жасау. Атап айтқанда, Ұлы Отан Соғысының ардагері Кашкаров Виктор Степанович пен Тыл еңбеккері Кашкарова Галина Александровна, Тыл еңбеккері Аблаева Кулайша аталарымыз бен апаларымыздың шаңырағында болып, сұхбат жүргізді. Ардагерлеріміз өздерінің бастарынан өткен соғыс жылдарындағы естеліктерін, соғыстан кейінгі қызықтары мен қиыншылықтарын айтып, бүгінгі бейбіт өмір үшін сол кісілерге қарыздар екенімізді тағы бір білдіріп кетті. Кездесу соңында қарттарымыз филиал қызметкерлері мен жастарымызға өз тараптарынан көрсетілген қамқорлықтары үшін алғыс білдіріп, батасын берді.


     Қорыта айтсақ, бұл бастама әлі де жалғасып, көмекке мұқтаж қарияларымыз ешқашан назардан тыс қалмайтынына сеніміміз мол.


24.01.2018