2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әкімнің қабылдауы 28.01.2020

28.01.2020
Әкімнің қабылдауы 28.01.2020


27.01.2020
Алматы құтқарушыларында қонақта


27.01.2020
Бүгін Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы халық алдындағы есебін берді.

Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Как предупредить заболевание бруцеллёзом 10.10.2014

Бруцеллез ауруының алдын-алу шаралары

     Бруцеллез - Brucella атты жалпы атаумен біріктірілген бактериялар қоздыратын созылмалы өтетін адам және жануарлардың ауруы.

     Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының (ФАО) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бруцеллез жөнінде біріктірілген сараптаушы комитеті келесі топтастыруды ұсынады, осыған қарағанда Brucella туыстастығы 6 түрге бөлінеді: Brucella melitensis, Brucella abortus, Brucella suis, Brucella neotome, Brucella ovis, Brucella canis.

     Бруцеллалар жоғары температураға сезімтал. Сұйық ортада 60 градуста 30 мин., 80-85 градуста - 5 минут ішінде, ал қайнатқанда бірден өледі. Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен бруцеллалар 4-5 сағатта өледі, топырықта тіршілігін 100 күн, суда - 114 күн сақтайды. Қоздырушы азық-түлікте ұзақ уақыт сақталады. Төменгі температураға өте төзімді болады (қатырылған етте 5 ай, сүт өнімдерінде - 1,5 айға дейін сақталады).

     Адам бруцеллезінде індеттің негізгі көзі қой, ешкі, сиректеу ірі қара мал, түйе, шошқа, марал және тағы басқа жануарлар болып табылады. Бруцеллез індетінің таралуында адам ролінің эпидемиологиялық маңызы жоқ.

     Бруцеллез адамдарға әр түрлі жолдармен жұғады. Індет көбінесе жанасқанда (ауру малмен немесе олардың өнімдерін, шикізаттарын пайдаланғанда) немесе алиментарлық жолмен жұғады.

     Мал өнімдері мен шикізаттарының эпидемиологиялық маңызы көп мөлшерде ластанғанымен айқындалады, сонымен қатар ол бруцелланың түріне, және оның вируленттілігі мен ұзақ уақыт сақталуына байланысты. Мысалы, ластанған сүтте бруцеллалар 10 күннен аса, ішкі ұлпаларда, сүйекте, бұлшық ет пен лимфа бездерінде бір айдан аса, жүнде - 3 ай сақталады.

     Адамдар бруцеллезге жанасу арқылы, не аэрогендік жолмен бруцелланың вирулентті өсінімен жұмыс істегенде шалдығады.

     Адамның бруцеллезі - ауыр созылмалы індет. Жасырын кезеңі 1-2 аптаға, ал кейбірде 2 айға дейін созылады. Жасырын кезеңнің мерзімі организмге енген микробтардың санына, олардың вируленттігіне және организмнің төзімділігіне байланысты.

     Ветеринариялық-санитариялық шараларға санитариялық режимді және мал шаруашылығы нысандарында шектеу шараларын сақтау, фермаларды қоршау және зоналарға бөлу, ветсанжібергіш және дезбөгеттер жасау, мал өнімдері мен шикізаттарын залалсыздандыру, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау кіреді. Бұл шаралар жалпы қабылданған нормалар және бруцеллездің ерекшелігіне байланысты жүргізіледі.

Профилактикалық іс-шаралар

     Жануарлардың бруцеллез ауруының алдын алу үшін уақытында бақылау зерттеулерін жүргізу қажет. Бруцеллезге бейім жануарларды (оның ішінде асыл тұқымды жануарларды) сатып алғанда, оларды 30 күн бойы басқа малдардан оқшаулап ұстайды және 2-рет бруцеллезге диагностикалық зерттеулер жүргізіп, ал қошқарларды сонымен қатар инфекциялық эпидидимитке тексереді. Басқа жануарлармен жанасуға немесе бірге ұстауға зерттеулерден тек 2 рет теріс нәтиже алғаннан кейін барып рұқсат етіледі. Егер зерттеулер кезінде оң нәтиже берген жануарлар байқалса, оларды оқшаулайды және диагнозын анықтайды, бруцеллез анықталған жағдайда ауру болған жануарларды етке союға тапсырады.

10.10.2014