2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әкімнің қабылдауы 28.01.2020

28.01.2020
Әкімнің қабылдауы 28.01.2020


27.01.2020
Алматы құтқарушыларында қонақта


27.01.2020
Бүгін Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы халық алдындағы есебін берді.

Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Сладкая ярмарка 30.09.2014

Шығысқазақстандықтардың жәрмеңкесі қалалықтардың көңілінен шықты

     Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен екіжақты келісімге орай азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Алтай таулары баурайынан жеткен ағайындар жәрмеңкеде бал өнімдерін молынан ұсынды. Жәрмеңкеге қала әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова арнайы бұрылып, азық-түлік, көкөніс өнімдерінің сапасымен танысты.

     Аймақаралық ынтымақтастық аясында ауылшаруашылық өнімін жүзеге асыруда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге Өскемен, Зырьяновск, Глубоковский, Қатон-Қарағай, Ұлан, Үржар, Аягөз, Шемонаихиндік, Көкпектілік, Шығыс Қазақстанның Тарбағатай аудандарының ауылшаруашылық өндірушілері қатысты. Жәрмеңкеге қатысуға 92 сауда шатырлары орнатылып, одан бөлек жүзден аса сауда нүктелері ұйымдастырылды. Орталық алаңда орналастырылған шатырларда балдың түрлері мен омарташы шаруашылығының өнімдері жәрмеңкеге қойылды. Сондай-ақ, өсімдік майы, жарма, бұршақ, сиыр, қой және жылқы еті, сүт, ірімшік, қаймақ, сүзбе тәрізді бірқатар сүт өнімдері, шұжық өнімдерінің кең түрлері, балық өнімдері, қымыз, тары, құрт тәрізді ұлттық азық-түлік өнімдері базар нарқынан 20-30 пайыз жеңілдікпен көпшілік назарына ұсынылды. Жәрмеңке аясында Алматы тұрғындарына 20 тонна бал, 2 тонна шұжық өнімдері, 2 тонна сүт өнімдері, 4,5 тоннадан аса өсімдік майы, 4,2 тоннадан аса жарма өнімдері, 2 тонна балық, 19 тонна жануарлар еті, 8 тонна қымыз бен ұлттық өнімдер, 4 млн. теңге көлемінде Тарбағатай маралының мүйізінен өндірілген панталық өнімдер қалалықтардың көңілінен шықты. Жәрмеңкеде балдың 1 келісі 1000 теңгеден, қой еті - 1000 теңге, картоп - 50 теңге, пияз - 60 теңгеден сатылды. Сондай-ақ, алматылық кәсіпкерлер де өз өнімдерін саудалады.

     Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Омар Жақсылықтың айтуынша, шығысқазақстандықтар тұңғыш өткізген ауылшаруашылық жәрмеңкесінде 74 тонна азық-түлік тауарлары саудаланып, 8 млн. теңге айналымға түскен. «Біз алдағы уақытта да Алматыда азық-түлік белдеуін қалыптастыруға әріптестік танытатын боламыз», - деді облыс әкімінің орынбасары.

     КЕРЕК ДЕРЕК

     Жәрмеңке аясында Алматы тұрғындарына 20 тонна бал, 2 тонна шұжық өнімдері, 2 тонна сүт өнімдері, 4,5 тоннадан аса өсімдік майы, 4,2 тоннадан аса жарма өнімдері, 2 тонна балық, 19 тонна жануарлар еті, 8 тонна қымыз бен ұлттық өнімдер, 4 млн. теңге көлемінде Тарбағатай маралының мүйізінен өндірілген панталық өнімдер қалалықтардың көңілінен шықты. Жәрмеңкеде балдың 1 келісі 1000 теңгеден, қой еті - 1000 теңге, картоп - 50 теңге, пияз - 60 теңгеден сатылды. Сондай-ақ, алматылық кәсіпкерлер де өз өнімдерін саудалады .
30.09.2014