2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әкімнің қабылдауы 28.01.2020

28.01.2020
Әкімнің қабылдауы 28.01.2020


27.01.2020
Алматы құтқарушыларында қонақта


27.01.2020
Бүгін Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы халық алдындағы есебін берді.

Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Состоялась очередная отправка юношей в армию 08.10.2014

Алматы қаласында жастарды әскер қатарына шығарып салу рәсімі өткізілді

     Қазанның 8-і күні Алматыда жастарды салтанатты түрде әскер қатарына шығарып салу рәсімі өткізілді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен, әрі бақылауымен елдің қорғаныстық қабілеті бекінуде, қару-жарақ және әскери техниканың алдынғы үлгiлерiмен жабдықталуы жалғастырылуда, Отанымыздың офицерлерінің әскери борышын өтеу үшін жағдайлар жасалуда, Отан қорғаушысының жағымды бейнесін жасау және әскери мамандықтың мәртебесiн жоғарылату үшін көптеген жұмыс атқарылып жатыр.

     Жастарды азаматтық - патриоттық тәрбиелеу, қоғамдық және дербес қауiпсiздiкке қатысы бар екенін саналы түрде ұғындыру, Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарында жастардың әскери борышын өтеуге дайындау, әскери қызметке және әскери мамандыққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында әскерге шығарып салу салтанаты Түркісб ауданының әскери қызмет мекемесінде өткізілді. Осы шараларды өткiзудің мақсаты: әскерге дейiнгi жастардың қарулы күштердiң түрлерінен хабардар болуы, әскерлердiң тектерімен және түрлерiмен танысу, оларды келешек әскери қызметке әзiрлеу. Мерекелік іс-шара еліміздің әнұранымен бастауын тапты. Еліміздің жас жігіттерін әскерге шығарып салу салтанатына Алатау ауданының әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы Маржан Балбаева қатысып, құттықтау тілегін білдірді.

     Әскери комиссариат қызметкерлері мұндай шараны дәстүрге айналдырған. Осы іс - шараға күзгі әскерге, әскерге дейiнгi және әскерге шақырылатын жас шамасындағы жас балалар қатысты.

     Сонымен қатар, Алатау ауданының әкімінің орынбасары Маржан Балбаева «Отан алдындағы борышын өтеу - Еліміздің әр азаматының міндеті, соны абыроймен атқарып, алдағы өмірлеріне жол ашып, қай жерде қызметтеріңді өтесеңдер де «қазақтың жігіттері қандай күшті, қандай тәртіпті, қандай мерген!» дейтін болсын. Аталарыңның рухы қолдап, борыштарыңды аман-есен өтеп қайтыңдар», - деп ыстық лебізін білдірді. Іс-шара соңында Алатау ауданы әкімшілігі дайындаған әскер қатарына қосылғалы жатқан жастарға сыйлықтар табысталды.

08.10.2014