2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әкімнің қабылдауы 28.01.2020

28.01.2020
Әкімнің қабылдауы 28.01.2020


27.01.2020
Алматы құтқарушыларында қонақта


27.01.2020
Бүгін Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы халық алдындағы есебін берді.

Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

В Алматы чествуют победителей летней Азиады 15.10.2014

Алматыда жазғы Азиада жеңімпаздары ұлықталды

     Кездесуде жазғы Азия ойындарында ұлттық құраманың Қазақстан тарихында болмаған үлкен нәтижеге жеткендігі аталды. Мысалы, Қазақстан құрамасы 84 медальді, оның 28-і алтын жеңіп алды және Қытай, Оңтүстік Корея, Жапониядан кейінгі төртінші орынды иеленді. Марапаттар қоржынына мол үлес қосқан алматылық спортшылар болды, олар 19 алтын, 3 күміс, 23 қола иеленді.

     Алматы әкімі Азия ойындары кезінде жеңіс тұғырына көтерілген спортшыларды құттықтап, марапаттың басым көпшілігі Алматы өкілдеріне тиесілі екендігін атады.

     Мегаполисте спортты дамытуға үлкен мән берілетіндігі де сөз болды. Бұл саланың бюджеті 6,2 млрд. теңгені құрайды. Соның арқасында қалада спорттық инфрақұрылым барынша дамыған. Мегаполисте 1077 спорт нысаны бар, оның 14-і халықаралық стандартқа сай. 2017 жылы өтетін Универсиадаға қосымша жайылмалы катогы бар 12 мың және 13 мың орынды екі мұз аренасы, 5 мың орынды көпфункционалды атлеттер ауылы салынады. Қалада 224 спорт мектебі мен клубтар бар, оларда спорттың 69 түрі үйретіледі, оның 45 - Олимпиядалық сипатқа ие.

     Қалада спорт инфрақұрылымымен қатар спортқа ден қоюшылар саны да артуда. Қазіргі кезде 375 мың алматылық спортты серік еткен.

     Әкім Алматының халықаралық аренада спорттық деңгейінің жоғары екендігін жеткізді. Соңғы жылдары мегаполисте Әлем мен Азия чемпионаттары, Әлем Кубоктары, басқа да халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар жиі өтуде. Мысалы, «Тур Алматы-2014» 1.1. категориясындағы веложарыстың өтуі соның айғағы.

     «Алматыда 2017 жылы Бүкіләлемдік қысқы Универсиада өтеді, сонымен қатар біздің қала 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдауға да үміткер», - деді Ахметжан Есімов.

     Таяу арада Алматыда бірқатар ірі халықаралық жарыс өтпек. Олар - ауыр атлетикадан, спивейден, дзю-додан, ат спортынан өтетін Әлем чемпионаттары, таушаңғысы спортынан Халықаралық турнир, FIS аясында жастар арасындағы солтүстік пәндер бойынша жастар арасында болатын Әлем чемпионаты.

15.10.2014