2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әкімнің қабылдауы 28.01.2020

28.01.2020
Әкімнің қабылдауы 28.01.2020


27.01.2020
Алматы құтқарушыларында қонақта


27.01.2020
Бүгін Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы халық алдындағы есебін берді.

Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Велогонка «Тур Алматы-2014» 05.10.2014

Алматыда «Алматы 2014» велотуры өтті

     5 қазанда Алматыда бір күндік «Алматы 2014» велотуры өткізілді. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов өз сөзінде велошабандоздарды биылғы турға қатысып жатқандарына алғысын білдіріп, оларға сәттілік тіледі.

     «Алматы туры» веложарысы биыл екінші рет өткізіліп отыр. Халықаралық велосипедшілер одағы бұл турдың мәртебесін 1.1 санатына көтерді. Енді оған халықаралық кәсіпқой командалар қатыса алады. Бұл сөзсіз, жарыстың беделін де, мәртебесін де арттыра түседі. Енді командалар арасында жарыс барынша тартысты бола түседі деген сенімдемін», - деді А. Есімов.

     «Нұрлы тау» бизнес орталығының алдындағы сөреге жиналған командалар таңғы сағат 10:00-де жарыс жолына шықты. Олар 31 шақырымнан тұратын алты айналымды жүріп өтеді. Яғни, жарыс жолының жалпы қашықтығы 186 шақырым.

     Велошабандоздар әл-Фараби даңғылы бойымен батыс бағытта жарыса отырып, Мұстафин көшесі тұсындағы айналма жолмен кері бұрылып шығысқа қарай беттейді. әл-Фараби даңғылымен Шығыс айналма жолына шыққан велошабандоздар Талғар бағыты тұсынан айналма жолмен кері бұрылады. Осы айналымды олар алты рет айналады. Мәре сызығы - «Нұрлы тау» бизнес орталығының алды (әл-Фараби даңғылы мен Панфилов көшесінің қиылысы).

     Айта кетейік, былтырғы жылы веложарыстың сәтті өтуіне байланысты халықаралық велошабандоздар одағы бұл жарыстың мәртебесін көтерген. Енді біздің спортшылар «Скай», «Трек Фактори», «Мувистар» сынды үздік командалармен бірге бір сапта өнер көрсете алатынболды. «Astana Pro Team» командасының велошабандозы Алексей Луценко Халықаралық «Алматы туры 2014» веложарысының жеңімпазы атанды.Ол 186 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 12 минут 17 секундтажүріп өтті.Екінші орында Сергей Чернетцкий - «Katusha» (Ресей). Ал Rusvelo (Ресей) велокомандасының шабандозы Сергей Лагутин үшінші орынға и болды. Жеңімпазға 15 мың еуро табыс етіледі. Екінші және үшінші орын алғандар сәйкесінше 10 мың және 5 мың еуро алды.

05.10.2014