2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әкімнің қабылдауы 28.01.2020

28.01.2020
Әкімнің қабылдауы 28.01.2020


27.01.2020
Алматы құтқарушыларында қонақта


27.01.2020
Бүгін Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы халық алдындағы есебін берді.

Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

За успехами Алматы стоит труд горожан 21.09.2014

Алматы жетістіктері қалалықтардың ерен еңбегінің арқасында

     Алматыда Қала күні Тұңғыш Президент атындағы және Орталық демалыс, мәдениет саябақтарында мерекеленуде. Мерекелік шаралар дәстүрлі Apple Fest алма фестивалінің ашылуымен басталды.

     Қала әкімі Ахметжан Есімов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрақты қолдауы арқасында қаланың дамып келе жатқанын атап өтті.

     «Біз соңғы бес жыл ішінде қалада өңірлік жалпы өнім өндіруді екі есеге арттырып, шығыс европалық және ортаевропалық қалалар деңгейіне көтерілдік. Бұл мақтаныш ететін жоғарығы көрсеткіш. Елімізді ЖЖӨ Алматының үлес салмағы 20%. Мұның артында қалалықтардың ерен еңбегі тұр. Мен біз болашақта да ерен жетістіктерге жететіндігімізге сенімдімін», - деді Ахметжан Есімов.

      Алматылықтар еңбегін бағалай келіп қала басшысы мемлекет қайраткері Сергей Терещенкоға, КСРО және Қазақстанның халық артисі Әлібек Дінішевке, архитектор-дизайнер Тимур Сүлейменовке «Қаланың құрметті азаматы» атақтарын берді. Бұдан өзге қала әкімі жанұясы «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының жүлдегері атанған белгілі альпинист Мақсұт Жұмаевты марапаттады. Шара барысында үздік КСК-лар да мараптталды. Мегаполис әкімі 50 тонна алма жеткізілген жәрмеңкені, тақырыптық алаңдарды аралап көрді. Ахметжан Есімов Орталық саябақтағы шараларға да қатысты.

     Қала күні мерекесі сағат 21.00-23.00 аралығында болатын отшашуға жалғасады.

21.09.2014