АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»

11.10.2019
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында турнир өтті.


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында ауданда көптеген іс-шара өтуде.

Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Ботулизм-өте қауіпті!


  Ботулизм- өте қауіпті жұқпалы-токсикалық ауру, дер кезінде дәрігерге қаралмаса өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.Ботулизмнің клостридий микробы қоздырғышы көптеген жануарлардың ішек жолдарында болады және олардың нәжісі арқылы топыраққа түсіп бірнеше жылға дейін сақталады. Ауасыз ортада, яғни консервіленген тағамдарда, микроб ботулотоксин деген «у» бөледі.

  Ботулизм көбінесе үй жағдайында дайындалған қолдан жапқан саңырауқұлақ, баклажан, көкөніс салаты, ет, балық консервілерін пайдаланғаннан болады. Бір жағдайды есте сақтау керек, барлық консервіленген тағамдар қауіпті болып саналады, дайындау барысында дұрыс жуылмауы және термиялық өңдеудің сапасыз жүргізілуі. Ботулизм таяқшасы терідегі жарақат арқылы ағзаға түсуі мүмкін. Жарақат арқылы түскен токсин, қанға сіңіп ауыр жағдау туғызады. Сол себепті жарақатты ластанудан сақтау қажет.

  Аурудың негізгі белгілері 2-12 сағат аралығында байқала бастайды, науқас адамның басы ауырып, ұйқысы қашады, әлсірейді, жүрегі айнып, лоқсып құсады. Сонымен қатар жүйке жүйесінің зақымдалуымен, көздің көруі нашарлап, адамның жұтынуы қиындап, бірте-бірте даусынан айрылады (афония). Ботулизмнің алғашқы белгісі байқалғаннан дереу жедел жәрдем шақыру қажет.

  Ботулизммен ластанған тағамды сырттай қарап анықтау мүмкін емес. Сонымен қатар оған қарсы егу жоқ және иммунитет қалыптаспайды. Сондықтан да берілетін кеңес біреу: консервіленген тағамдарды тұтынғанда және дайындағанда қауіпсіздік шараларын сақтау. Үй жағдайында консервіленген тағамдарды дайындағанда есте сақтайтын жағдай, Clostridium botulinum-ді термиялық өңдеу арқылы толық жою мүмкін емес.Консервіленген салаттарды пайдаланған кезде қақпағы күмпиген (ісінген) тұтынбау керек. Егер ісінген болса, консервілену процесі бұзылғандығын көрсетеді. Осындай тағамдар улануға әкеледі. Өндіріс орындарында дайындаған консервіленген тағамдарды ғана тұтыну. Ретсіз сауда орындарынан үй жағдайында дайындалған, қолдан жапқан консервіленген саңырауқұлақ, көкөніс салаттарын, ет, балық өнімдерін сатып алудан аулақ болу.

    Қарапайым санитарлық ережелерді сақтағанда, біз өзіміздің денсаулығымызды қорғай аламыз!