2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Азық-түлік себеттері таратылды.

25.03.2020
Азық-түлік себеттері таратылды.


19.03.2020
Қоғамдық пайдалану орындарын дезинфекциялау жалғасуда.


17.03.2020
Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Алатау ауданы әкімдігі жанына вирустың таралуына қарсы әрекет ету және жағдайға мониторинг жүргізу жөніндегі жедел Штаб құрылды.

Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



«Коронавирустық инфекция»


Коронавирустық инфекция – жоғарғы тыныс алу және асқазан ішек жолдарын зақымдайтын жіті вирустық инфекциялық ауру.Жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдануы риниттен, асқазан ішек жолдарының зақымдануы гастроэнтериттен басталады. Этиологиясы. Қоздырғышы – «Coronaviridae» тұқымдасына жататын РНК-геномдық «Coronavirus». Ішек және респираторлық коронавирус түрлері адам организміне патогенді болып саналады. Адамдарға барлық жерде кәдімгі «суық тию» жіті респираторлық вирустық инфекция ретінде тіркелетін респираторлы коронавирустың жұғуы көбірек кездесуде. Вирус сыртқы ортада тұрақсыз және суық ортада сақталады. Инфекция көзі – ауру адам. Таралу жолдары – ауа-тамшылы және инфекцияланған тағамды қолдану арқылы. Адам организмінің сезімталдығы өте жоғары, вирус адамдардың барлық жас топтарына әсер етеді. Негізгі эпидемиологиялық ерекшеліктері: Коронавирустық инфекция жіті респираторлы вирустық инфекциялардың 4,2 – 9,4% құрап, барлық жерде таралып келеді. 1 адам ауырған жағдайда отбасылық қарым-қатынаста ауру туындауы мүмкін. Көбінесе балалар мен жасөспірімдер ауыруда. Ересек адамдарда ауру жағдайының белгілері аз көрініп, жасырын түрде өтеді. Қыс, көктем айларында респираторлық аурудың маусымы, яғни вирустың адамның тыныс алу жолдарын зақымдауы көбейеді. Ауруханалар мен балалар мекемелеріндегі қызметкерлер арасында тек асқазан-ішек жолының зақымдануынан ауырған жағдайлар кездеседі. Вирустың организмге кіруі жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығы арқылы жүзеге асады, бұндай жағдайда адам жіті респираторлық вирустық инфекция сияқты ауырады, ал балалардың бронхтары мен өкпесі қабынуы мүмкін.