
Анофелогенді су қоймаларында безгек масаларына қарсы дезинсекциялық өңдеу
Алатау аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы 6 турдан тұратын Қарасу ықшам ауданы мекен-жайында орналасқан анофелогенді су қоймаларында безгек масаларына қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарының 5 кезеңі жүргізілді. Анофелогендік су қоймасының жалпы көлемі- 4,0 га. Дезинсекцияық өңдеу жұмыстары 2019ж тамыз айының 26 күні ШЖҚ «Алматы қаласы Дезинфекция орталығы» филиалымен «Агран» препаратын қолданумен жүргізілді. Сондай-ақ дезинсекциялық іс- шараның жүргізілу тиімділігін 2 тәуліктен кейін жүргізілді, безгек масасының жұмыртқаларының жойылуы 100% құрады.