АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 шілдедегі №80 Жарлығы бойынша ауданның аналары наградтталды.

21.08.2019
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 шілдедегі №80 Жарлығы бойынша ауданда аналар наградталды.


20.08.2019
Аудан әкімі Шахмерден Рыспаев жиын өткізді


20.08.2019
Аудандық ардагерлер ұйымы президиум мәжіліс өткізді.

Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Көміртегі тотығының балалардың организіміне тигізер әсері


    Көміртегі тотығы-түссіз газ, таза күйінде одан өте әлсіз, әдетте сезіле қоймайтын сарымсақ иісі шығады. Адам дем алғанда ол сезілмейді, сондықтан уланғанын білмей қалады.Бұл өте күшті у алдымен қанды, одан соң жүйке жүйесін,бұлшық ет тінін, жүректі зақымдайды.

     Бұл газбен адамдар өрт кезінде, түтін тартатын немесе істен шыққан пешті жаққанда, жабық гаражда көлік двигателі жұмыс жасап тұрғанда автомашинаның немесе автобустың жабық кабинасында ұзақ отырғанда сондай ақ ацетон, метил спиртын және басқа да органикалық заттар синтездеу үшін көміртегі тотығы қолданылатын өндірістерде уланып қалуы мүмкін.

   Әсіресе көміртегі тотығымен улану балабақшалар мен мектеп жасындағы балаларға өте қауіпті. Себебі, ересек адамдарға қарағанда балалар көміртегі тотығынан уланғандығын бірден біле қоймайды. Бастапқыда бала көміртегінен уланғанда әлсіздік пайда болып, басы айналады, құлақ шулайды, беттің терісі қызарып ысыйды, маңдай күре тамырының, жалпы тамырдың соғуы жиілейді, құсады, ұйқы басады, дененің температурсы 38-40°С қа дейін көтеріледі, көзінің қарашығы ұлғаяды. Одан әрі баланың тыныс алуы жиіліп ысылдап, дененің құрысуы басталады. Ерінде қызғылт көбік пайда болады. Ақырында мидағы тыныс орталығы істен шығып, баланың демі тоқтайды.

     Мұндай жағдайда баланы алдымен таза ауаға алып шығып шалқасынан жатқызу керек. Зардап шегушінің басынан және кеудесіне мұздай компресс басады. Егер бала есінен танбаса, ыстық шайды немесе кофені көбірек ішкізу керек. Улану зардабынан жеңілдету үшін зардап шегушінің денесін уқалау,аяқтарына қыздырғыш (грелка) қою керек. Сонымен қатар зардап шегушінің денсаулық жағдайының деңгейіне қарамастан жедел жәрдем шақыру қажеттігін ұмытпаған жөн. Есінен танған жағдайда мұрнына мүсәтір спиртіне малынған мақта қою сияқты бірінші медициналық көмек көрсету қажет.

Улы газдан уланудың алдын алу шараларын:

- тек жарамды жабдықтарды қолданыңыз. Пеш қалауларындағы жарықтар, тазаланбаған түтін шығару торабы сол сияқты «ұсақ-түйектер» ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

- пештер мен каминдерді қағидаларға сәйкес қолданыңыз. Желдету жүйесінің жұмысына жүйелі түрде тексеру жүргізіп, түтін шығару торабы уақытылы тазалаңыз, пештер мен каминдерді қалауда тек кәсіпқой мамандарға жүгініңіз.

- оқу үй-жайларын үзілістер кезінде, рекреациялық үй-жайларды сабақ уақытында желдету. Сабақ басталғанға дейін және олар аяқталғаннан кейін оқу үй-жайларында өтпелі желдету жүзеге асыру. Өтпелі немесе бұрыштан желдетуді білім алушылар мен тәрбиеленушілер болмаған кезде жүргізу.