
Қазақстан Республика бойынша 2018 жылдың қараша айынан бастап 723 нақтыланған Қызылша ауруының жағдайлары тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 606 (83,3%). Аурушаңдық көбінесе екпе алмаған балалар арасында тіркелген – 508 жағдай (70,2%), олардың себебі (60% астамы) екпе алу жасына толмағандығынан (1 жастан төмен), екпе алудан бас тарту себебінен - 61(12%). Алатау ауданы бойынша барлығы – 20 жағдай тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 18.
Қызылша кең таралған жіті инфекциялық ауру, көбінесе балалар ауырады, дене қызуының 38-400 С дейін көтерілуі, мұрын, көз, тамақ қабыну, теріде бөртпе пайда болу белгілерімен сипатталады. Қызылша бүгінгі күні ең жұқпалы аурулардың бірі. Бұл инфекцияға шалдыққыштық 100% - ол дегеніміз, егер бұрын қызылшамен ауырмаған және егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен қарым-қатынаста болса, ауру жұқтыру қаупі өте жоғары.
Берілу жолы – ауа-тамшы арқылы. Вирус сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейінен сыртқы ортаға түседі.
Қызылшаның алдын алуда тиімді де сенімді шаралардың бірі – егілу. Қызылшадан егілу сақтану иммунитетін қалыптастырады.