АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алатау ауданында аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді

10.12.2019
Алатау ауданында аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді


06.12.2019
Алатау аудан әкімдігінің мәжіліс залында латын әліпбиіне көшу жөнінде жиын өтті.


05.12.2019
Аудан басшысы мекеме басшыларымен кездесіп, бірқатар тапсырмалар берді.

  • Негізгі бет
  • Бос жұмыс орыны
  • Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған ішкі конкурс туралы хабарландыру Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
Бос жұмыс орыны БОС ЖҰМЫС ОРЫНЫ

06.12.2019


Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған ішкі конкурс туралы хабарландыру Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:


Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

Е-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

      5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      6) ғылыми дәрежесінің болуы;

      7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбексіңіргенжылдарынабайланысты

min

max

Е-3

263 596

343 820

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88 e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Алматы қаласы Алмалы ауданы Коммуналдық шаруашылықбөлімінің басшысы, Е-3 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Алматы қаласы әкімінің және қалалық мәслихаттың шешімдерінің, өкімдері мен қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын жүзеге асырады. Бөлім қызметі бойынша бағдарламалар, келешек жоспарлар даярлау және олардың орындалу барысына бақылауды жүзеге асырады. Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына, дайындық сапасына тікелей жауап береді. Бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, еңбек және орындаушылық тәртібін қамтамасыз етеді. Аудан әкімінің және әкім орынбасарының тапсырмалары, нормативтік құқықтық актілер, құжаттар бойынша бөлімнің құзыры шегінде талдамалық анықтамалар, ақпараттар және өзге де материалдарды дайындайды. Кондоминиум объектілерін басқару органдарымен бірге көппәтерлі тұрғын үйлердің аула ішіндегі орналасқан апаттық ағаштар мен бұтақтарды санитарлық қырқу жұмыстарын үйлестіреді. Заңды және жеке тұлғаларға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика саласындағы заңнамаларды түсіндіру бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді. Жылу кезеңіне дайындық, ауданды көгалдандыру және санитарлық тазалық бойынша маусымдық (көктемгі-күзгі) шаралар жүргізу бойынша жеке пәтерлер иелері коопиративтермен, тұрғын үй құрылыс кооперативтермен, тұрғын үй кооперативтермен жұмысты үйлестіреді және ұйымдастырады. ауданның жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерімен бірлесіп аудан тұрғындарының жалпы жиналыстары мен жиындарын, Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясымен бірлесіп тұрғын үй қорын тексеруді, ауданның коммуналдық қызметтермен бірлесіп қысқы маусымға дайындалу жұмыстарын қадағалайды. Тұрғын үйлердің және тұрғын үйлерге жанама құрылыстардың жертөлелері, шатырларын жөндеу жоспарларын орындау бойынша мониторингті жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды уақытылы қаралуына жауапты. Қолданыстағы нормативтік құжаттарға және бекітілген істер тізбесіне сәйкес құжаттардың сақталуына және іс жүргізуге жауапты. Ведомствалық мұрағатқа бөлімнің істерін өткізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді. Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін көтереді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару және/немесе құрылыс және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі); ауыл шаруашылық ғылымдары (су ресурстары және суды пайдалану және/немесе өсімдік қорғау және карантин); қызметтер (жерге орналастыру); заң (халықаралық құқық және/немесе заң); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе экономика); жаратылыстану ғылымдары (экология)саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

2. Алматы қаласы Алатау ауданы Коммуналдық шаруашылықбөлімінің басшысы, Е-3 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады, бөлімнің жоспарлы жұмысын атқарады. Бөлім қызметкерлері арасындағы міндеттерді бөледі, атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлерін тағайындау және босату жөнінде ұсыныстар енгізеді, олардың кәсіби деңгейін жетілдіруге және еңбек қызметі үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған шараларды қабылдайды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі ҚР Заңдарының, ҚР Президентінің Жарлықтарының, ҚР Үкіметінің Қаулыларының, қала және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, Алматы қалалық мәслихаты сессияларының шешімдерінің мерзімінде орындалуына бақылау жүргізеді. Нормативтік-құқықтық актілердің орындалуы жөнінде талдау ақпараттарын, анықтамалар, басқа да құжаттарды және аудан әкімінің, бөлімнің құзіреті шегінде жетекшілік ететін әкім орынбасарының тапсырмаларын, іс-шараларын дайындайды. Бюджетті қалыптастыру үшін қызмет көрсетушілермен бірлесе отырып магистралды және екінші дәрежелі инженерлік тораптардың ақауы жөніндегі ведомосты әзірлейді. Заңды және жеке тұлғаларға тұрғын-үй және энергетика саласындағы заңдылықтарды түсіндіру жөнінде жұмыстар жүргізеді. Азаматтарды қабылдайды, олардың өтініштері мен арыздарын қарастырады, олардың шешілуіне ықпал етеді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару) саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технология (жылу энергетикасы, электрэнергетикасы, құрылыс, тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау) саласындағы немесе құқық (құқықтану және халықаралық құқық)саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);

2)   тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

            Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.

            Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

           Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей біріңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға біріңғай персоналды дамыту қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшін

ЖАДЫНАМА

Конкурсқақатысушылар мен кандидаттарқұқылы:

- Құжаттарын (нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынуға.

- Бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды беруге.

- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты электрондық мекен-жайға және ұялы телефонға хабарлама алуға.

- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде танысуға.

- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.


«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша 

                  ____________________________________
                                                 (мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені ______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________                                                      ___________________________________
        (қолы)                                                                                       (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.