2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Азық-түлік себеттері таратылды.

25.03.2020
Азық-түлік себеттері таратылды.


19.03.2020
Қоғамдық пайдалану орындарын дезинфекциялау жалғасуда.


17.03.2020
Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Алатау ауданы әкімдігі жанына вирустың таралуына қарсы әрекет ету және жағдайға мониторинг жүргізу жөніндегі жедел Штаб құрылды.

  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • «Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз?» тақырыбындағы өткізілген акция
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2020

«Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз?» тақырыбындағы өткізілген акция


 

            2020 жылдың 19 ақпанында, Алатау тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандарымен «Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз?» тақырыптарында «Кенжехан 1» базарында акция өткізілді.

 

           Аталған акция халықтың салауаттылығын жоғарылатуға, сапасыз тағам мен тауарды ретсіз сауда орындарынан сатып алғанда салдары неге әкелетінін түсіндіру болды.

           Тұтынушылар сатып алған тағам өнімдерін Алматы қалалық ШЖҚ МКК «Ұлттық сараптама орталығының» мамандарының жедел әдістерімен тексеріліп, үйге сапалы әрі қауіпсіз тағамды апаруларына мүмкіндік туды. Бұл өткізілген шаралар акцияның талабы бойынша заман талабына сай зертханалық құралдармен жедел әдістер бойынша, яғни жемістер мен көкөністердің құрамындағы нитраттарды және дайын тағам өнімдерінің бактериялық ластану дәрежесін анықтауға мүмкіншілік туды. Зертхана мамандары шұғыл түрде тексеру жүргізіп, тұтынушыларға нәтижесін жариялап берді.

Акция өткізу барысында фортификацияланған ұнның маңыздылығы мен санитариялық-эпидемиологиялық талаптарының негізі туралы құқықтық нормативтік актілердің өзгерістері түсіндірілді.

Сонымен қатар тұтынушыларға тағам қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және салауатты тамақтану бойынша 41 сауалнама жүргізіліп, сатып алушыларды қызықтырып жүрген барлық сұрақтарына жауап берілді, әр тұтынушымен жеке түрде салауатты тамақтану тақырыбында кеңестер беріліп 84 парақшалар таратылды.

Тағам өнімдерінің сатып алғанда сыртқы қорабына, сақтау мерзіміне және температуралық сақтау жағдайларына көңіл бөлу керек екендігі туралы қажетті ақпараттар берілді.

20.02.2020