
27.06.2019
"Отбасыдағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!"
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша халықты қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру мақсатында 24-27 маусым аралығында "Отбасыдағы зорлық-зомбылыққажол жоқ!" тақырыбында Республикалық акция өтуде.
Алатау аудандық ХҚКО ғимаратында Алатау ауданы ІІБ КҚПБ МТЖ аға инспекторы полиция майоры Ә. Қ. Сералина, "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына арналған дағдарыс орталығының" КММ заңгері Л. Әмірқұл және психологы Ж. Жолдасбаева тұрғындар арасында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы мәселелерді түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізді.