2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Азық-түлік себеттері таратылды.

25.03.2020
Азық-түлік себеттері таратылды.


19.03.2020
Қоғамдық пайдалану орындарын дезинфекциялау жалғасуда.


17.03.2020
Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Алатау ауданы әкімдігі жанына вирустың таралуына қарсы әрекет ету және жағдайға мониторинг жүргізу жөніндегі жедел Штаб құрылды.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.02.2016

Аудан басшсы халық алдындағы екінші есеп беру кездесуін өткізді

Екінші кездесу «Шаңырақ-1», «Шаңырақ-2» тұрғындарының жиналуымен №169 мектепте өтті. 

Сіздермен биылғы ерекше жылда кездесіп отырғаныма қуаныштымын, себебі осы жылы еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл  толып отыр, ЮНЕСКО-ның мерейтойларының тізіміне енген Алматы қаласының 1000 жылдығы, сонымен қатар, 2008 жылы құрылған Алатау ауданының 8 жылдығы. Сондықтан, биылғы жыл ерекше жауапты жыл болмақ-деп бастады өз сөзін аудан әкімі.

Мәнізоров Бағдат Сайланбайұлы аудандағы әлеуметтік, эканомикалық, білім беру саласы, қоршаған ортаның тазалығына  тоқталады.  Бөтен мүлікті ұрлау мәселесін көтеріп, осы жолда оң нәтижелерге қол жеткізу мақсатында  ауданның Ішкі Істер басқармасына бірқатар тапсырмалар берді.

Б. Мәнізоров « Шаңырақ-1», «Шаңырақ-2» ықшам ауданның тұрғындарының қойған сұрақтарына жауап берді.

Біздің аудан қаламыздағы аудандардың ішіндегі ауқымды келешегі зор аудан. Сонау жарқын болашаққа жетелейтін, ауданымыздың ұзақ мерзімге арналған айқын да, нақты даму жоспары бар.Тек, сіздер мен біздің бірлескен, бір мақсатқа, бір мүддеге жұмылған іс-қимылымыз керек. Ол мақсат пен мүдде - Елбасы атап көрсеткендей, «Біздің ең басты құндылығымыз – Отанымыз, тәуелсіз Қазақстанның» келешегіне қызмет ету.

Олай болса, Ұлы дала елінің ұлы істерінің ұйытқысы болып, мәңгілік елімізде бейбітшілік пен береке болсын деп тілеймін-деген ізгі тілегімен аяқтады аудан басшысы өз сөзін.


03.02.2016