2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Азық-түлік себеттері таратылды.

25.03.2020
Азық-түлік себеттері таратылды.


19.03.2020
Қоғамдық пайдалану орындарын дезинфекциялау жалғасуда.


17.03.2020
Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Алатау ауданы әкімдігі жанына вирустың таралуына қарсы әрекет ету және жағдайға мониторинг жүргізу жөніндегі жедел Штаб құрылды.

  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Бесінші акпан күні «Алатау» мәдениет үйінде аудан Әкімі халықпен қорытынды есеп беру кездесуін өткізді.
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.02.2016

Бесінші акпан күні «Алатау» мәдениет үйінде аудан Әкімі халықпен қорытынды есеп беру кездесуін өткізді.

Жиынды Аудан басшысы Мәнізоров Бағдат Сайланбайұлы ашып жүргізді. Кездесуге Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы Крылов В.  Л.  Алматы қаласының әкімінің орынбасары Тауфиков Р. Т. тұрғындар, білім беру, денсаулық сақтау сала мамандары, қоғамдық ұйымдар, кіші және орта бизнес, қала және аудандық қызметтердің  өкілдері, құқық қорғау органдардың басшылары қатысты.

Мәнізоров Бағдат Сайланбайұлы аудан тұрғындарына ауданның өткен 2015 жылдың негізгі әлеуметтік- экономикалық көқрсеткіштері және алдағы 2016 жылға арналған жоспарлар, реформаларды жүзеге асыру мақсатындағы міндеттер мен негізгі бағыттар туралы Елбасының жылсайынғы халыққа жолдауындағы тапсырмаларды орындау барысы туралы баяндама жасады.

Кездесудегі негізгі газдандыру, жылу жүйесі, бағдаршам орнату мен аялдамалар кешені қоғамдық көліктердің бағытттары, жол жөндеу, тұрғын үй мәселелері, болашақта ауданда бой көтеретін кешендердің құрылыс мәселелері жөнінде болды.

Аудан Басшысы қорытынды есептік кездесуге дейін «Әйгерім», «Шаңырақ», «Қарасу», «Ұлжан», ықшамаудандарында халықпен кездесіп, есеп берген болатын. Аудан басшысына тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты тұшымды жауаптар қайтарылды. Тұрғындардың сұрақтарына жауаптар тиісті мекемелер мен басқармалар тарапынан сол жерде жауап қайтарылып, күрделілері шешім үшін әкім өзінің бақылауына алды.


05.02.2016