АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Білім беру жүйесінде мектеп психологы қызметінің маңыздылығы» тақырыбындағы аудандық семинар өтті

22.01.2019

«Білім беру жүйесінде мектеп психологы қызметінің маңыздылығы» тақырыбындағы аудандық семинар өтті



19.01.2019

Аудан әкімі 2018 жылдың қортындысы бойынша «Саялы» шағын ауданында халық алдында есеп берді



15.01.2019

Пәтер иелері кооперативтері мен басқарушы компаниялар өкілдерімен жиналыс өтті


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.03.2018

Алатау ауданында «1- наурыз алғыс айту күні» мерекесі аталып өтті

          Қазақстан халқы «1-наурыз алғыс айту күні» мерекесін 2016 жылдан бері атап өтіп келеді. Осы дәстүрмен биылғы жылыда Алатау ауданы мерекені атап өтті. Көктемнің алғашқы күнімен сәйкес келген бұл мерекені биыл аудан халқы өзге ұлт өкілдерімен бірге тойлады.№ 82 Жалпы білім беретін орта мектепте өткен концертке Алатау ауданы әкімінің орынбасары Ағыбаев Саят Болатұлы қатысып, мерекемен аудан халқын құттықтады.


       Мерекелік концертте ұйғыр, дүнген, вайнах, орыс,кәріс ұлтының өкілдері өнер көрсетіп, әр ұлттың өзіне тән биімен мәдениетін қазақ халқына тарту етті. Ұлттық тағамдарын дайындап әкеліп, көпшілік сол тағамнан ауыз тиді.Дүнген диаспорасының өкілі сахнада өз ұлтының Қазастанға келу тарихын әңгімелеп берді. Содан соң мың бұралған дүнген қыздар би тарту етті.


      Концерт соңында барлық ұлт өкілдері қазақ халқының мейірімділігі мен бауырмалдығы үшін алғыс айтты!


01.03.2018