2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Азық-түлік себеттері таратылды.

25.03.2020
Азық-түлік себеттері таратылды.


19.03.2020
Қоғамдық пайдалану орындарын дезинфекциялау жалғасуда.


17.03.2020
Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Алатау ауданы әкімдігі жанына вирустың таралуына қарсы әрекет ету және жағдайға мониторинг жүргізу жөніндегі жедел Штаб құрылды.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.01.2016

Сенбі күні Алатау ауданында мешіт бой көтерді

Алатау ауданындағы «Дархан» ықшам ауданында мешіт ашылды. Бұл аудандағы  онбірінші мінәжат ететін орын. 

«Өмірдің құны жоқ тіршіліксіз, Тіршіліктің құны жоқ құлшылықсыз»-дегенді тереңнен түсінетін, құдайға құлшылық еткісі келетін жамағат   - осы жақсылықтың боларын асыға күткендей, көпшілік  сол күні таңмен мешіт алдына жиналды.  Жиналған жұршылық назарына уағыздар айтылып, жақсы тілектер тыңдалды. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфтиі Ержан қажы Малғажайұлы  арнайы келіп, өзінің аудан халқына арналған тілегін тілеп мешітті ашты.  Сонымен қатар ол-жаңа мешітке қасиетті «Құран» кітапты сыйға тартты.

Одан кейін  аудан әкімі Мәнізоров Бағдат Сайланбайұлы –Бұл біздің аудан халқының игілігіне беріліп жатқан Алланың сыйы, енді мешітке келемін деуші халыққа есік ашық  дей келе, ауданның  құрылғалы бергі жетістіктерін тілге тиек етті.

Алтын түсті күмбезді мешіт алыстан көзге түседі.  Өз ықшамаудандарында бой көтеріп жатқан мешіттің ашылуымен бірін-бірі құттықтаған халықтың қуанышында шек жоқ. Жүздеріне күлкі үйірілген жұртшылық мұсылман қауымінің сәждеге бас иетін орынының бірден-бірі осы алланың үйі екенін айтып шүйіркелесіп жатты.

Бұл жиынан ақ жаулықты аналар  шашу шашып, аудан халқы уағыз тындап , халыққа арнайы жайылған дастарханнан дәм татып тарқасты.


18.01.2016