2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Азық-түлік себеттері таратылды.

25.03.2020
Азық-түлік себеттері таратылды.


19.03.2020
Қоғамдық пайдалану орындарын дезинфекциялау жалғасуда.


17.03.2020
Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Алатау ауданы әкімдігі жанына вирустың таралуына қарсы әрекет ету және жағдайға мониторинг жүргізу жөніндегі жедел Штаб құрылды.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2016

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығы мәселесі шешімін табуда

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жаңа жаһандану нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Алатау ауданындағы мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығын азайту бағытында, жеке кәсіпкерлерді әлеуметтік жобаларға тарту арқылы биылғы жылға 20 жеке-меншік балабақшалар ашу көзделген.

22 қаңтар күні Алатау ауданының әкімі Мәнізоров Бағдат Сайланбайұлы аудан аппаратының бір топ қызметкерлерімен бірігіп, ауданның әлеуметтік нысандарын аралап көрді. Ол аудандағы 5 балабақшаларының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып өз бағасын берді.

Бүгінгі күні ауданда 7 жеке-меншік балабақша ашылып, 5 балабақша өз жұмысын бастады. Олар: Теректі ықшамауданында «Sanya», Рахат ықшамауданында «Нұр-Сәт», Ақбұлақ ықшамауданында «Baby-Балдәурен», Заря-Востока ықшамауданында «Родничок», Шаңырақ-2 ықшамауданында «Баурай»
жеке-меншік балабақшалары. Аталған балабақшаларда 175 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде, аудан көлемінде «Балапан» бағдарламасының ұтымды жүзеге асырылуының нәтижесінде «Sanya», «Родничок», «Баурай» жеке-меншік балабақшаларындағы бүлдіршіндер мемлекеттік бағдарламамен қамтылған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қосымша
3 жеке-меншік балабақшаны ашу мәселесі жоспарланып отыр. Осылайша, әлеуметтік нысандарды салу үшін жеке инвесторларды тарту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы аудан көлемінде жоғары деңгейде іске асырылуда.


22.01.2016