АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алатау ауданы аумағында  жалпықалалық сенбілік өтті

21.04.2018

Алатау ауданы аумағында жалпықалалық сенбілік өтті



20.04.2018

Л.Б.Гончаров атындағы КазАДИ – де «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті



20.04.2018

Алатау ауданында «Қазақстан Барысының» іріктеу турнирі өтті



  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Аудан әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы тұрғындармен 8-ші кездесуін «Ұлжан» ықшамауданында өткізді
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.02.2018

Аудан әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы тұрғындармен 8-ші кездесуін «Ұлжан» ықшамауданында өткізді

     

   Алатау ауданының әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы тұрғындармен 8-ші есеп беру кездесуін «Ұлжан» ықшамауданында өткізді. Кездесуге «Ұлжан 1,2», «Дархан–Байбесік», «Құрылысшы» ықшамауданының тұрғындары қатысты. Сонымен қатар Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Касанов Зиятдин Иссмиханұлы, Ниязова Нүрия Исмагилқызы қатысты.Алдымен аудан әкімі 2017 жылда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді, аудан әкімінің есеп беруінен кейінгі сөзді Алатау ауданы ІІБ ЖПҚ басшысы полиция полковнигі Баймұратов Нархозы Орынтайұлы алып, қылмыстық істер бойынша есебімен таныстырды.


     Салық түсімдері бойынша мемлекеттік бюджетке 28 млрд. 126 млн. теңге түсіп, жоспар 105 пайызға орындалды.Оның ішінде:

-      Республикалық бюджетке 16 млрд. 175 млн. теңге түсіп, жоспар 100 пайызға орындалды.

-      Жергілікті бюджетке 11 млрд. 950 млн. теңге түсіп, жоспар 113 пайызға орындалды.


Бүгінгі күні Алатау ауданында 176 өнеркәсіп жұмыс істейді, оның ішінде 2 ірі, 6 орта өнеркәсіптер, 4310 заңды тұлға және 22 345 жеке кәсіпкерлер тіркелген.


Ауданда өнеркәсіп саласында 66 млрд. 767 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 103,6 пайызды құрады.

Ауданның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 48 млрд. 253 млн. теңгені құрады.

Бөлшек тауар айналымы 217 млрд.  256 млн. теңгені, көтерме тауар айналымы барлық қызмет түрі бойынша 453 млрд. 416 млн. теңгені құрап отыр.


Аудан өнеркәсіптерінде 3183 жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмысшылардың орташа еңбекақысы 132 000 теңгеге жетті.

Жабайы саудамен күрес мобильді тобымен 143 рейд өткізіліп, нәтижесінде 330 ұсақ сауда орындары жойылып, 215 дүңгіршектер, 165 заңсыз орнатылған жарнамалар алынып тасталды

      3 сағатқа созылған кездесуде көптеген мәселелер қарастырылып, шешімін тапты. Қойылған сұрақтарға басқарма өкілдері, әкімшілік қызметкерлері тарапынан жауап алынды.

  «Дархан» ықшамауданы бойынша кезек күттірмей тұрған мәселе - мектеп мәселесі. «Сұрақ жауап» бөлімінде бұл сұрақ бойынша аудан әкімі жауап қатып, орынбасарларына тиісті тапсырмалар берді.


      Тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасына сәйкес, 2017 жылы «Құрылысшы» ықшамауданындағы 6 көпқабатты тұрғын үйдің шатырына күрделі жөндеу жүргізілді. Биылғы жылы осы бағдарлама аясында «Құрылысшы», «Алғабас», «Ақбұлақ» ықшамаудандарында тағы 20 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

05.02.2018