АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алатау ауданының 70-тен астам оқушысы

23.04.2019
Алатау ауданының 70-тен астам оқушысы "Жас құтқарушы" жарыстарының бірінші кезеңіне қатысты.


23.04.2019
Алатау аудандық ардагерлер ұйымының кеңесі пленум өткізді


19.04.2019
Алатау ауданында Халқаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай шара өтті.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.10.2018

Алатау ауданында қарттар арасында «Көркемөнерпаздар» байқауы өткізілді

     

      17 қазан күні Алғабас шағынауданындағы №182 орта мектепте Алатау ауданы ардагерлер ұйымы Қарттар айлығы аясында ардагерлер арасында «Көркемөнерпаздар» байқауын өткізді.


     Байқаудың мақсаты: өнерді құрал етіп тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандықтардың қарқынды еңбектерін насихаттау, «Қазақстан –біздің ортақ үй» атты ұранмен халықтар достығын насихаттау.  

             

     Жарысқа 13 шағынауданнан 13 команда қатысып, сахнада барлығы 200 қарт өнер көрсетті. Мерекелік іс-шарада қазыналы қарттарымыз көркем сөз оқып, би билеп, ән шырқап, күй тартып өнерлерімен көрермендерді тамсандырды. Сонымен қатар сахналық қойылымдар қойып актерлік шеберліктерімен бөлісті. Қарттарымыз жанды дауыста ән шырқап, залды әдемі әуенмен әуелете түсті. Қартарымызды жас ұрпаққа жол көрсетер тұлға ретінде танысақ, кешегі байқау нағыз тәрбиеге толы естелік болды. Аудандық ақсақалдар кеңесі, Жергілікті өзін-өзі басқару комитеті және Алатау ауданы әкімі аппараты Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мамандарының жетекшілігімен атқарылған бұл байқауға жанкүйер ретінде ата-әжелерін қолдап немелерінің келуі қуантарлық жағдай. Тағы қуантарлық жағдай бұл байқауда өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға деген сүйіспеншіліктерін таныдық.


     Байқау қортындысы бойынша, 3 орынды «Шаңырақ 2»,«Дархан» шағынауданының ардагерлері, 2 орынды «Парасат» бастауыш ұйымы, 1 орынды «Қарасу» шағынауданы ардагерлері қанжығаларына байлап сыйақылармен марапатталды. 9 номинация бойынша үздік өнер иелері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.


    Қарттарымыздың күш қуатымен өмірге деген талпыныстарын көріп мәз-мейрам болып тарқастық.


17.10.2018