АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Ерлік ешқашан ұмытылмайды» кездесу кеші өтті

08.12.2018

«Ерлік ешқашан ұмытылмайды» кездесу кеші өтті



08.12.2018

Алатау ауданындағы Скандинавиялық серуен!



06.12.2018

Алатау ауданы Өндіріс аймағында Құсбегіліктен II Азия чемпионаты өтті


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2018

«Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз» тақырыбында акция өтті

         2018 жылдың 15 ақпанында Алатау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының және Алматы қалалық «Ұлттық сараптама орталығының» мамандарымен «Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз» тақырыбында «Қазына» сауда базарында акция өткізілді.


        Аталған акция халықтың салауаттылығын жоғарылатуға, сапасыз тағам мен тауарды сатып алудан өздерін қорғауға, белгісіз орындарда сауда жасамауға, ретсіз сауда орындарына жол бермеу, сонымен қатар дұрыс және қауіпсіз тамақтану принциптерін ұстау, салауатты өмір сүруге, тағамнан туындайтын аурулардан алдын алуға бағытталды.


   Бұл күні әр тұтынушылар сатып алған өнімдерге зертханалық жедел әдістер бойынша, яғни жемістер мен көкөністердің құрамындағы нитраттарды, дайын тағам өнімдерінің термиялық өнделуінің сапасын, тағамның бактериялық ластану дәрежесін, сүттің қышқылдығын анықтау және т.б. тағам өнімдері тексерілді.


       «Қазына» сауда базарында тағам қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және салауатты тамақтану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, дәріс оқылды.

      Қатысушыларға буклеттер, ескертпелер мен парақшалар таратылды. 25 адамға сұрақнама жүргізілді және 20 тұтынушыға кеңес берілді.

19.02.2018