АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алатау ауданының 70-тен астам оқушысы

23.04.2019
Алатау ауданының 70-тен астам оқушысы "Жас құтқарушы" жарыстарының бірінші кезеңіне қатысты.


23.04.2019
Алатау аудандық ардагерлер ұйымының кеңесі пленум өткізді


19.04.2019
Алатау ауданында Халқаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай шара өтті.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.03.2019

Делегаттар съезінде айтылған мәселелерді партия мүшелерімен талқылауда

Делегаттар съезінде айтылған мәселелерді партия мүшелерімен талқылауда

«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы «Білім» БПҰ, №169 мектеп-лицейінде партия мүшелерімен партияның кезекті XVIII съезінде айтылған мәселелерді талқылау бойынша кездесу өтті. Кездесуге партияның Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұханқали Алмасаев қатысты.


Жиын барысында БПҰ төрайымы, мектеп директоры Гүлжан Бекенова «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға арналған бағдарламасындағы негізгі 10 мақсаты жайында айтып өтті. Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» жобасы аясындағы көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға степендия тағайындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанына айтып, қазіргі таңда өзі басшылық етіп отырған мектепте 30-ға жуық оқушының осы жеңілдікке лайықты екенін жеткізді.


Сөз алған Мұханқали Алмасаев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде партия төрағасы, Елбасы Н.Назарбаевтың әртүрлі сала бойынша үкімет тарапына берілген тапсырмалары жайында сөз қозғап, нақты мәліметтерге тоқталды. Сонымен қатар, бөлінген қаражат пен берілген тапсырмалардың орындалуын партияның бақылауына тапсырылғанын жеткізді.  

Кездесу соңында жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

15.03.2019