АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Мектепке жол» акциясы өз бастауын алды

06.08.2018

«Мектепке жол» акциясы өз бастауын алды



06.07.2018

Елордасы Астанаға 20 жыл!



04.07.2018

Алатау ауданына 10 жыл!


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.10.2017

Қарттарым асыл қазынам!

  

   2017 жылдың қазан айының 12 жұлдызында Алатау дәстүрлі өнер театрында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының аясында «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы, Алатау ауданы әкімдігі және Алатау дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен «Қарттарым - асыл қазынам» атты мерекелік іс- шара өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты қаламызға, ауданымызға еңбегі сіңген ардагер қарияларымыздың өнегелі өмірін, қоғамда алатын орнын өскелең ұрпаққа үлгі етіп, дәріптеу, қариялардың қоғамдағы белсенділігін арттыру болып табылады. Іс шара барысында ауданымыздың зиялы азаматтары өздерінің қарттарымызға деген жылы лебіздерін білдірді және де ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосып жүрген ата- апаларымыз алғыс хатпен марапатталды. Аталған іс шараның екінші жартысында еліміздің еңбек сіңірген әншілері, Алатау дәстүрлі өнер театрының ұжымы өз өнерлерін көрсетіп, жиналған қауымның көңілін бір сергітіп тастады. Осындай мерекелік іс - шаралар әлі де өз жалғасын табатынына сеніміміз мол.   


12.10.2017