
24.06.2019
Мемлекеттік қызметкер күнімен құттықтаймыз !
Жуырда Алатау ауданы аппараты әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысы Шахмерден Рыспаев аппарат қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.

-«Сіздерді кәсіби мерекеміз Мемлекеттік қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік қызметші атану, адамның жан-жақты білімді, жауапкершілігі мол және білікті әрі кәсіби маман болуын талап етеді.- Сіздер осы жолда қажымай еңбектеніп келесіздер, осыдан әрі қарай шаршамай-талмай жұмыс жасай беріңіздер. -Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, береке мен бірлік, бақыт тілеймін»- деді аудан әкімі Шахмерден Рыспаев. Аудан әкімінің қолынан мына мамандар алғыс хаттар алды: Алмаз Кеңесбай, Мақсұт Нұрғалиев, Алмат Сайлыбайұлы, Азамат Қасенов және Толқын Әлімжанов.