2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Дене белсенділігі» тақырыбындағы өткізілген акция.

20.02.2020
«Дене белсенділігі» тақырыбындағы өткізілген акция.


20.02.2020
«Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз?» тақырыбындағы өткізілген акция


19.02.2020
Бүгін таңертең Халық Арена алаңында қала әкімі Б.Ә.Сағынтаевтың алматылықтармен кездесуі өтті.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.01.2020

Бүгін Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы халық алдындағы есебін берді.


 

Айгерім ықшамауданында орналасқан №149 Жалпы білім беретін мектепте тұрғындар, аудан әкімінің есеп беру кездесуіне қатысты. Жиынға қалалық маслихат депутаттары, құрылым басқармалары мен коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері, құқық қорғау органдары мен БАҚ өкілдері Алатау аудан әкімдігінің аппарат қызметкерлері аудандық ардагерлер ұйымы және аудан тұрғындары, атап айтсақ, «Айгерім1», «Айгерім 2», «Самғау» 14 ші және 15 ші аймақ ықшамаудан тұрғындары қатысты.


Аудан басшысы Азамат Қалдыбеков тұрғындарға ауданның өткен жылғы жетістіктерін айта келе, алдағы жылға да оң өзгерістер болуы үшін жан-жақты күш салып жұмыс жасайтындықтарын айтты. Жиналған тұрғындар тарапынан кәріз құбырлары, жол жаңарту, қоғамдық көлік қажеттілігі, балалар ойнайтын алаңның қажет екендігі сонымен қатар, мектеп салынама?- деген сияқты мәселелер көтеріліп, тұшымды сұрақтар қойып жауаптылар тарапынан жауап алып тарқасты.

Кездесу соңында аудан басшысы тұрғындарды жеке сұрақтармен қабылдау өткізді. Әкімнің халықпен келесі кездесуі 29.01.2020 ж. «Шаңырақ-2» ықшамауданында №26 жалпы білім беретін мектепте сағат 15:00 де өтеді.

27.01.2020