АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алатау ауданында Ақсақалдар алқасының ұйымдастыруымен пленум өтті.

12.12.2019
Алатау ауданында Ақсақалдар алқасының ұйымдастыруымен пленум өтті.


11.12.2019
Аудан басшысы аналарды құттықтады.


10.12.2019
Алатау ауданында аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.09.2019

Алатауда қарттары арасында спартакиада өтті.

Алатау ауданындағы Зерделі ықшамауданында орналасқан «Халық» спорт кешенінде жыл сайын дәстүрлі түрде қарттар арасында жарыс өткізіліп келеді. Биыл да әр түрлі спорт түрінен спартакиада өтті.

Спорттық сайысқа аудан тұрғындары арасынан әр ықшамауданан жасақталған қариялардан құрама командалар қатысты. Қатысушылар ерлер және әйелдер болып бөлініп жарысты. Атап айтар болсақ; спорттың мына түрлерінен сайыс өтті. Ерлер жүгіру 200 метр, әйелдер 100 метр, орнында тұрып секіру, жіппен секіру тағы басқа.

Жалпы көмандалық сайыс қорытындысы бойынша «Өжет» ықшамауданы бірінші орын «Алғабас Теректі» ықшамауданы екінші орын және «Айгерім» ықшамауданы үшінші орынды місе тұтты. Олар жеңіске жетіп, мақтау қағаздарымен марапатталды. Және жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар үлестірілді.
11.09.2019