АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алатау ауданында аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді

10.12.2019
Алатау ауданында аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді


06.12.2019
Алатау аудан әкімдігінің мәжіліс залында латын әліпбиіне көшу жөнінде жиын өтті.


05.12.2019
Аудан басшысы мекеме басшыларымен кездесіп, бірқатар тапсырмалар берді.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.11.2019

Денсаулық зор байлық акция



Алатау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандарымен 2019 жылдың 14 қараша айында Өтемісов көшесі, 109 мекен- жайында орналасқан №169 ЖББМ 5 «А», 5 «Е» сынып оқушылары арасында эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандарымен «Таза қолдар» тақырыбында акция өткізілді.

Аталған акцияның басты мақсаты өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын нығайту. Оқушыларға қолды жиі және дұрыс жуу әдістеріне үйрету арқылы, лас қол арқылы таралатын инфекциялық және паразитологиялық жұқпаларды алдын алу. Соның ішінде жедел ішек жұқпалары, вирустық гепатит «А», ЖРВ жұқпалары бойынша ерекше тоқталынып өтілді.

Сонымен қатар, балаларға жеміс-жидектерді жу ережесі түсіндірілді. Балалар өз тараптарынан қол жуу технологиясын көрсетіп, не үшін және қашан жуу керек екендерін түсіндірді.

Акция барысында оқушылар тарапынан лас қолдар арқылы берілетін жұқпалы аурулар туралы сұрақтар қойып,жауаптарын алды. Ұстаздармен оқушыларға 20 жадынама таратылды. Барлығы 45 оқушы қатысты.

27.11.2019