АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
2019 жылдың15 қыркүйегі мен 10 желтоқсаны аралығында «Участок» атты Республикалық жедел профилактикалық іс-шара өтуде.

20.09.2019
2019 жылдың15 қыркүйегі мен 10 желтоқсаны аралығында «Участок» атты Республикалық жедел профилактикалық іс-шара өтуде.


19.09.2019
"Танысу " тренингтері жүргізілді.


19.09.2019
Ағымдағы жылдың тамыз айының басында Алатау ауданының «Бақыт отбасы» орталығы өз есігін айқара ашты.

Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әкімнің өмірбаяны


   

 

  Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы 1977 жылы 1 мамырда Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылында дүниеге келді. Ұлты - қазақ. 1994 жылы Рахат ауылындағы орта мектепті бітірді. Білімі - жоғары. 1999 жылы Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша аяқтады. 2004 жылы  Мемлекеттік қызмет институты Бішкек филиалының Солтүстік-Қазақстан академиясын, заңгер мамандығы бойынша толық курсын аяқтады.

    1999 - 2001 жылдар аралығында Алматы қаласы «Барыс» ЖАҚ – да бухгалтер-кассир мамандығы бойынша қызмет атқарды.

    2001 - 2002 жылдар аралығында Алматы қалалық экологиялық инспекциясында жетекші маман болып жұмыс атқарды.

  2002 - 2005 жылдары Алматы қалалық «Медеу» мемлекеттік табиғи паркінде аға-кеңесші болып жұмыс жасады.

  2006-2008 жылдары Алматы қаласында «BA ServicesLTD» ЖШС-де кедендік рәсімдеу бойынша ассистент болып қызмет атқарды.

  2010-2011 жылдары Алматы қаласы, Алатау ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

  2011-2015 жылдары Алматы қаласы, Алатау ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы болып орналасты.

  2015-2017 жылдары Алматы қаласы, Алатау ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

  2017 жылдың 10 шілдесінен бастап, Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болып сайланды.

Отбасын құрған, үш қызды тәрбиелеуде.