АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»

11.10.2019
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында турнир өтті.


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында ауданда көптеген іс-шара өтуде.

Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



АЛАТАУ АУДАНЫНЫҢ 2019 ЖЫЛДЫҢ I ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ


Алатау ауданы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен құрылды. Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 4 шілдедегі №3/490 бірлескен қаулысымен және IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XI сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі №109 шешімімен құрылған және Алматы қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Аудан аумағында 23 ықшамаудан орналасқан, жалпы жер аумағы 10 495 гектар (қала аумағының 15,39%). Халық саны - 262 600 адам (қала тұрғындарының 14,7%). Аудан құрылған кезеңде жер аумағы 8200 гектарды, тұрғындар саны 150 918 адамды құраған. 1. БЮДЖЕТ 2019 жылғы қаржыландыру жоспары бойынша ауданның бюджеттік бағдарламаларына 6 млрд. 834,6 млн.теңге бөлінді, 2 млрд. 786,1 млн.теңге нақты игерілді, орындалуы 40,8% құрады. 2. САЛЫҚ ТҮСІМІ 2019 жылдың 21 маусым айының қорытындыларына сәйкес, мемлекеттік түсімдер Алатау ауданына берілген жоспар 103 %-ға орындалды. Атап айтқанда, мемлекеттік қазынаға 16,149 млрд. теңге түсті. Оның ішінде республикалық бюджетке 9,305 млрд. теңге түсіп, 97 %-ға, ал жергілікті бюджетке 6,844 млрд. теңге көлемінде кіріс түсіп, жоспар 113%-ға орындалды. (2018ж. - 14,900 млрд. тг., в РБ-8,307 млрд. тг., ЖБ -6,592 млрд. тг.). 3. ӨНЕРКӘСІП Ауданда 4 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары белсенді жұмыс істейді. Ауданның өнеркәсіптік әлеуеті мынадай компаниялармен ұсынылған: "Масло-дел" ЖШС, "ЭЛ Джи Электроникс Алмати Казахстан" АҚ; Алматы электращит зауыты ЖШС; "Либелла ботлерс Алматы" ЖШС» 2019 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 33,224 млрд.теңгені құрады. НКИ-105,3%. (2018 ж. - 37,3 млрд. тг.). 4. КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ 2019 жылдың 01 маусым айындағы жағдай бойынша аудан аумағында 5 132 заңды тұлға тіркелген оның ішінде жұмыс істейтіндері-3 838. «Бизнестің жол картасы-2020» және «2017-2021 жылдарға арналған Жаппай кәсіпкерлікті дамыту және нәтижелі жұмыспен қамту-Еңбек» мемлекеттік бағадарламалары шағын және орта бизнес секторын дамытудағы мемлекеттік қолдаудың негізгі қаржылық және қаржылық емес құралдарын ынталандыру болып табылады. «2017-2021 жылдарға арналған Жаппай кәсіпкерлікті дамыту және нәтижелі жұмыспен қамту-Еңбек» бағдарламасы аясында аудан аумағында жалпы сомасы 93 млн 298 мың 881тг құрайтын 6 шағын несие берілді. Ағымдағы жылдың басынан аудан кәсіпкерлеріне «Бизнестің жол картасы 2020», «Жібек Жолы», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жж.» бағдарламалары шеңберінде мемлекеттік қолдау құралдары туралы 12 ақпараттық-түсіндіру семинары және 15 көшпелі кеңес өткізілді. Заңсыз сауда орындарын анықтау және жою мақсатында жыл басынан бері құзырлы мекемелермен 112 рейд өткізіліп, 198 ге жуық заңсыз сауда жойылып, 74 дүңгіршек көтерілді. 5. ИНВЕСТИЦИЯ 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 25,746 млрд. теңге, немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 92,9 % (2018ж.-26,7 млрд. тг.(Алматы қаласы – 256,2 млрд.тг.), қала бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар үлесі 10,0% - ды құрайды (Алматы қаласы-256,2 млрд. тг.). 2019 жылдың 5 айында бөлшек тауар айналымының көлемі 107,047 млрд.тг, өткен жылдың тиісті кезеңіне 104,1%, базарлардағы және жеке кәсіпкерлермен сауданың үлес салмағы – 61,6%. (2018 ж. – 93,028 млрд. теңге). Көтерме сауда айналымы 122,078 млрд. теңгені құрады (2018ж. - 108,131 млрд. тг.). 6. ӘЛЕУМЕТТІК САЛА Ауданда 17 127 зейнеткер, 11 Ұлы Отан соғысының ардагері және тылда жұмыс істеген 609 ардагер бар. Мүгедектер саны – 5260, оның ішінде мүгедек балалардың саны – 950. Үйде қызмет көрсетілетін қарттар саны – 134 қарт. Ауданнан 1213 ана тиісті наградалармен марапатталған. Оның ішінде 437 ана – «Алтын алқа», 776 ана – «Күміс алқа» иегерлері. Көп балалы отбасылар саны – 2837. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149-ІІ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес жұмыспен қамту орталығы арқылы 2019 жылдың жартыжылдығында 652 жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылды.Әлеуметтік жұмыс орындарына 237 адам, қоғамдық жұмысқа 669 адам, жастар тәжірибесіне 85 адам және кәсіптік даярлау курстарына 152 адам жіберілді. Сонымен қатар, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы келесідей әлеуметтік төлемдер төленді.: - «Алматы қаласында тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы» Ережесіне сәйкес, тұрғын үй жәрдемақысы 352 отбасына 5 млн. 302 мың теңге; - «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» жәрдемақысы бойынша 151 адамға 5 млн. 703 мың теңге; - Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі №347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне сәйкес, жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын азаматтарға әлеуметтік көмек 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 544 адамға 16 млн. 488 мың теңге; - Орташа табысы күн көріс деңгейінің 3 есе (үш) мөлшерінен аспайтын азаматтарға жарты жылда бір рет 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 636 зейнеткерлерге 10 млн. 976 мың теңге; - Амбулаториялық кезеңде емделудегі туберкулезбен ауыратын 4 санаттағы 124 азаматқа 12 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 1 млн. 286 мың теңге; - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерiне, Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, зайыбына (жұбайы) орташа табысы күн көріс деңгейінің алты есе мөлшерінен аспайтын азаматтарға ай сайын 5,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 14 адамға 1 млн. 50 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес, 141 адам санаторлы-курорттық емдеуге, 36 адам ортопедиялық орталыққа жолдама алды. Сондай-ақ, 341 мүгедек санитарлық гигиеналық құралдармен, 411 мүгедек жеке көмекшілермен, 10 мүгедек ым-тіл мамандарымен, 18 мүгедек тифлоқұралмен, 25 мүгедек сурдотехникалық құраладармен қамтылды. 7. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ Бүгінгі күні, аудан бойынша 27 білім беру мекемелері бар, оның ішінде 2 физика-математикалықлицей,1 мектеп-лицей, 1 мектеп-гимназия, 21 жалпы білім беру мектебі және «Қайнар», «Алгоритм» жеке меншік мектебі. 2018-2019 оқу жылының 3 тоқсан есебі бойынша ауданның жалпы білім беретін мектептерінде 41 366 оқушы және «Қайнар», «Алгоритм» жеке меншік мектептерінде 269 оқушы білім алды. Ауданда жалпы 2915 мұғалім қызмет етуде. Оның ішінде 748 мұғалім жоғары санатты, 615 мұғалім I санатты, 786 мұғалім II санатты және санатсыз мұғалімдер саны - 766. Екі жеке-меншік мектепте - 54 мұғалім Ауданымыз екі жыл қатарынан Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізді. Атап айтсақ, Алатау ауданы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден өткен 2013-2014 оқу жылында 97,3 баллмен, 2014-2015 оқу жылында 97,7 баллмен және 2015-2016 оқу жылында 103,5 баллмен Алматы қаласының аудандары арасында және республика бойынша 1-ші орынды иеленді. 2016-2017 оқу жылында 95,5 балға, 2017-2018 оқу жылында 97,7 балға қол жеткізді. Сонымен қатар, биылғы жылы «Алтын белгі» төсбелгісін ауданның 87 оқушысы, «Үздік аттестатты» 84 оқушы қорғап шықты. Сондай-ақ, 20 мемлекеттік балабақшада 4800 бала және 99 жеке меншік балабақшаларда 6151 бала тәрбиеленуде. Мемлекеттік балабақшаларда 404 маман, жеке-меншік балабақшаларда 502 маман қызмет етеді. 8. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ Бүгінгі күні Алатау ауданында 5 мемлекеттік және 2 жеке-меншік денсаулық сақтау мекемелері халыққа қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда, аудандағы денсаулық сақтау мекемелерінде 1137 медицина саласының қызметкерлері қызмет етеді. Оның ішінде, 329 дәрігерлер, 684 мед. қызметкерлер және 124 өзге қызметкерлер. Денсаулық сақтау мекемелерінің медицина қызметкерлерімен қамтылуы – 94,1 %. Аудандағы қалалық емханаларда 2019 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік тапсырыс бойынша 213 559 тұрғын тіркелген. 2019 жылдың 1 жартыжылдығында 100 мың адамға шаққанда туберкулез ауруына шалдығу 39,6 көрсеткішті құрады, яғни туберкулезбен ауыратын науқастардың саны – 64 адам. 2019 жылдың 1 жартыжылдығында Алатау ауданы тұрғындары арасында флюорографиялық тексеру бойынша 26515 адам адам қамтылып, жоспар 58 %-ға орындалды. Сондай-ақ, емханаларда 144 606 адам тексерілуден өткен, оның ішінде «дәрігерге жазылу» қызметі бойынша 108 711 тұрғынға, «дәрігерді үйге шақыру» қызмет бойынша 17 038 тұрғынға, медико-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу 6359 тұрғынға, медициналық ұйымнан анықтама беру 785 тұрғынға, еңбекке жарамсыз парағын беру 5434 тұрғынға, еңбекке жарамсыз анықтама беру 5 574 тұрғынға, міндетті медициналық қарап тексеруден өту 705 тұрғынға қызмет көрсетілді. 2019 жылдың 1 жартыжылдығында Алатау ауданында дүниеге келген сәбилер саны – 2164 бала. Аудан емханаларын медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету – 81,3 %-ды құрайды. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін емханаларда науқастарды емдеуге бағытталған 61 квота берілді. 9. МӘДЕНИЕТ Алатау ауданы аумағында «Алатау» дәстүрлі өнер театры, «Almaty arena» спорттық мұз кешені, мультимедиялық дәстүрлі музыка мұражайы және қол-өнер шеберлігінің орталығы, 3 кинотеатр, 4 этно-мәдени орталықтар, «Томирис» шағын ауданында №44 кітапхана филиалы, жас көркемөнерпаздар үшін ауданда 45 үйірмеден тұратын, жалпы сыймдылығы 2255 балаға арналған №1 оқушылар үйі жұмыс жасайды. Сонымен қатар ауданда ашық аспан астындағы «Боралдай сақ қорғаны» мұражайы, 6 тарихи-мәдени ескерткіш орнатылған. Аудан бойынша 5 аула клубтары, 19 жеке спорттық фитнес-клубтары жұмыс жасайды. Сондай-ақ, ауданда 3 үлкен спорттық алаң, 36 спорттық алаңдар, Атлетикалық ауылы аумағында 39 мың шаршы метрді құрайтын жеңілатлетикалық алаң орналасқан. 10. КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ. Алатау ауданының көппәтерлі тұрғын үй қоры 655 үйді құрайды (27990 пәтер). Оның ішінде 655 тұрғын үй 22 ЖПИК және басқарушы компаниялар құрамында. Бұл тұрғын үйлерге «Алматы жылу желілері» ЖШС-ның коммуналдық қызметтері, «Алматы су» МКК, ЭТА-1, ЭТА-3,ЭТА-4, ЭТА-7, «АЖК» АҚ қызмет көрсетеді. Аудан аумағындағы тұрғын үйлерді, ғимараттарды электр энергиясымен, суық және ыстық сумен, газбен үздіксіз қамтамасыз етілуіне, кәріз желілерінің қалыпты жұмыс істеуіне жұмыстары жүргізілуде. Алатау ауданы әкімінің аппараты тұрғын үй фондын басқару органдары және «Алматы жылу желілері» ЖШС-мен бірігіп ЖЕҚ-ын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. 655 көппәтерлі тұрғын үйлердің 526-ы орталық жылу жүйесіне қосылған. 129 үй жылумен автономдық қазандықтар арқылы қамтамасыз етілген. 2019 жылғы 10 шілде бойынша 526 тұрғын үйдің ішінде: - ЖЕҚ орнатылған тұрғын үйлер саны - 417; - пайдалануға берілмеген тұрғын үйлер саны- 45; - қазандықтардың есептеу құралы арқылы есеп жүргізіледі- 4; - тозығы жеткен үй саны - 31; - техникалық мүмкіндігі жоқ үйлер саны - 29. Аудан аумағындағы 100% тұрғын үйлер ЖЕҚ-мен қамтамасыз етілген. ПИК (Пәтер иелерінің коперативі) тарапынан үй аулаларын уақытында тазалауға байланысты тиісті тапсырмалар беріліп жұмыстар атқарылуда. Аудан аумағындағы 10 ауланы көріктендіру бойынша жоба-сметалық құжаттама дайындалған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде (4 аулада Зердели 2,3,8; 4,5,6; 1,9,11,12,13; 14,15,16). Күрделі жөндеу жұмыстарының құны 383 483 000 тенгені құрайды. Сондай-ақ, аудан аумағындағы инженерлік желілерді салу және басқа да жұмыстарды жүргізу үшін қазылған орындарды қалпына келтіру мақсатында бөлім тарапынан орынға шығып тексеру жұмыстары жүргізілуде және тиісті басқармаларға ақпараттар берілуде. Газ құбырлары Теплоэнергетик және Энергостроитель бау-бақша серіктестіктері, Рахат-Мәдениет шағынауданында «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан газ желісінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Су және кәріз жүйесі бойынша Аудан аумағында 688 км су құбыры, 453 км кәріз құбыры бар. Оның ішінде 2017 жылдан бері су және кәріз желілері 16 шағынауданда жүргізілді. Олар: «Айгерім-1,2» (бөлігі), «Қарасу» (бөлігі), «Ұлжан-1,2», «Дархан-Байбесік», «Шаңырак-1,2», «Томирис», «АЗТМ-Алғабас», «14 аумақ» (бөлігі), «Ақбұлақ», «Өжет», «Көкқайнар», «Құрылысшы», «Рахат-Мәдениет» (бөлігі). Қазіргі таңда 7 шағынаудандағы инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде: Айгерім, 14-аумақ, Ақбұлақ, Шаңырақ-5, Самғау, Көк-Қайнар ("Радуга"СТ). Желілердің жалпы ұзындығы 223,56 км құрайды,оның ішінде: су құбыры–118,876 км, кәріз-104,684 км, бөлінген қаржының көлемі 8,7 млрд. теңгені құрайды. Сонымен қатар, Шаңырақ-1, Шапағат, Алғабас, Теректі, Боралдай, Рахат-Мәдениет, Айгерім-1,2, Саялы, Қарасу (бөлігі), Болашақ шағынаудандарында инженерлік желілер құрылысын жүргізу қажет. Жол бойынша Қазіргі уақытта 12,19 млрд.теңге қаржыны құрайтын ұзындығы 120 км, 13 шағынауданда жаңа жолдың құрылысы жүргізілуде: Ақбұлақ, Қарасу, Көкқайнар, Ұлжан-2, Алғабас-АЗТМ, Томирис, Ұлжан-1, Шаңырақ-2, Шаңырақ-1, Дархан-Байбесік, Айгерім-1, Айгерім-2, Саялы-2. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 1,074 млрд. теңгеге ұзындығы 23,68 шақырым болатын 24 көшеде орташа жөндеу жүргізу жоспарланған (Шаңырақ-2, Ұлжан-1, Көкқайнар, Әйгерім, Қарасу, Дархан). Оның ішінде бүгінгі күні Веселов (МТФ) көш., Байсейіт батыр көш., Веселов көш., Аманшин көш., Тұрысов көш., Қаракемер көш., Әубәкіров көш., Мәмбетов көш., Бенберин көш., Әлмерек Абыз көш., Ақжар көш., Бесқайнар көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, Жаңалық, Бозарал, Ақжазық, Тәкежанов, Ахметов көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 7 көшеде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында жол айрығының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс 2019 жылдың 6 айында аумағы 86,986 мың.м2 тұрғын үй пайдалануға беріліп, соның ішінде көпқабатты тұрғын үйлер аумағы – 14,283 мың.м2, жеке құрылыс нысандары – 71,69 мың.м2, тұрғын емес ғимараттар – 1,013 мың м2. Пайдалануға берілген 7 көпқабатты «Алмалы» және «Алатау Сити» тұрғын үй кешендерінде орналасқан. 11. КӨРІКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ Көшелерді тазалау жұмыстары бойынша мердігер мекемелер «АВАН-Құрылыс» ЖШС және «NFK Group» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Аудан аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарымен 12 мекеме белгіленген кесте бойынша жұмыс жасайды. Олардың күшімен аудан аумағынан шамамен 1200-1300 м3 қоқыс қалдықтары шығарылуда. Сонымен қатар аудан аумағындағы 19 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдеріне «Жақсылық» ЖК тарапынан күтім жасалынуда. Сонымен қатар, «№4 Қазақ саңыраулар қоғамы» ҚБ тарапынан аудан бойынша ұзындығы 277 588 метр болатын арық жүйесіне күтім жасалуда. «№3 Қазақ саңыраулар қоғамы» ҚБ мердігер мекемесі тарапынан 300 апатты ағаштар кесу, сондай-ақ 3000 ағаш санитарлық қырқу, 20 822 ағаштың штамбысын көтеру, қураған бұтақтарды қырқу, 954 дана ағашты формалап қырқу жұмыстарын жоспарланған. Қазіргі таңда 1198 дана ағашқа санитарлық қырқу, 104 дана апатты ағаштарды кесу, 7282 ағаштың штамбысын көтеру, қураған бұтақтарын қырқу және 954 дана ағашты формалап қырқу жұмыстары жүргізілді. «Гарант Телеком» ЖШС тарапынан жерасты жаяу жүргіншілер өткелінің тазалық жағдайын күту және кадағалау жұмыстары күнделікті атқарылып жатыр. «ТМВ Сервис» ЖШС-нің тарапынан габионды арық жүйесіне күтім жасалуда. Дат архитекторы Ян Гейл бағдарламасы бойынша Рысқұлов даңғылы Шарипов көшесімен Момышұлы көшесінің арасындағы жаяу жүргіншілер жолағы және Солтүстік айналма көшесінің бойы, «Гелиос» жанармай бекетінен Балқурай көшесінің аралығындағы аумақты көріктендіру үшін күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ ведемостводан тыс сараптамадан өткізіліп, 172 млн теңгеге ЖСҚ дайын Жылдың басынан бері 4 аумақтық сенбілік ұйымдастырылды. Аталған шараға 1000-ға жуық тұрғындар, 25 арнайы техника жұмылдырылып, 350 м3 қоқыс шығарылды. Биылғы жылы мердігер мекеме "Темирлан 2007" ЖШС тарапынан 3 млн 800 мың теңге 114,4 га құрайтын жасыл желекті аумақтарды өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Өңдеу жұмыстары екі кезеңде жүргізілетін болады. Бірінші кезең химиялық препаратпен, екінші кезең билогиялық препаратпен жүргізілетін болады. Қазіргі таңда 14 мамырдан 20 мамыр аралығында 114,4 га құрайтын жасыл желекті аумақтарды химиялық препараттармен өңдеу жұмыстары жүргізілді. Теректі ықшамауданы Жеңіс к-сі, 1 үй мекен-жайы бойынша 0,5 га аумақта жасыл желектер зиянкестерінің ошағы анықталып, Диурон 48% химиялық препараттарын пайдалану арқылы жасыл желектерді өңдеу жұмыстары жүргізілді. 10 шілдеден 25 шілде аралығында жасыл желекті аумақтарды биологиялық препараттармен өңдеу жұмыстары жүргізу жоспарланған. Жыл басынан бері аудан аумағында 5 аумақтық сенбілік жүргізіліп, сенбіліктерге 1000 астам тұрғын тартылып, 75 дана техника жұмылдырылды. Сенбілік кезінде Теректі, Алғабас, Көк-қайнар, Шаңырақ-1,2, Әйгерім-1,2 Ұлжан-1,2, Өжет, Ақкент, Нұркент, Индустриалды аймақ, Қарасу және Адем маңындағы саябақтар тазаланып, 1300 м3 жуық ҚТҚ (ТБО) мен құрылыс қалдықтары шығарылды. Сәуір айының 13 жұлдызында жалпықалалық «Жасыл мекен» іс-шарасы ұйымдастырылып, аудан аумағындағы заңды тұлғалар, 19 000 жуық аудан тұрғындары, 100-ге жуық аранайы техника жұмылдырылып, 51 км арық тазаланып, 2,3 км болатын Қарасу өзенінің арнасы мен габбионды каналының бойы тазаланып, 920 м3 қоқыс шығарылды. Сонымен қатар «Жасыл мекен» іс-шарасы аясында Рысқұлов даңғылының бойы, Момышұлы мен Доспанов көшелерінің арасына 515 дана, Зерделі ықшамауданында 185 дана, Саялы ықшамауданында 380 дана ағаш көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ, 2019 жылы Алатау ауданында 17 көшеге жаздық кезеңдегі гүлдер (летники) -4140 ш.м., канналар-1554 ш. м., қызғалдақтар-980 ш. м. және раушан-1200 ш. м. отырғызылды. 12. ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ПЕН ЗАҢДЫЛЫҚТЫ КҮШЕЙТУ 2019 жылдың 6 айында Алатау ауданы бойынша 3161 құқықбұзушылық тіркелген, ашылуы 22,7 % құрады (2018ж. тиісті кезеңінде 3129, ашылуы 25,2%). Тіркелген қылмыстың жалпы саны 3081, ашылуы 21,0% (2018ж. тиісті кезеңінде 3060, ашылуы 23,5%). 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қылмыс саны 0,7% өскен. Тіркелген қылмыстың негізгі түрлері бойынша: адам өлтіру – 3, барлығы ашылған (2018ж. тиісті кезеңінде 2, барлығы ашылған), бөтеннің мүлкін үрлау – 2468, ашылуы 17,3% құрайды (2018ж. тиісті кезеңінде 2352, ашылуы 17,9%), қарақшылық – 7, ашылуы 66,7 % (2018ж. тиісті кезеңінде 9, ашылуы 83,2%), тонау – 96, ашылуы 29,1% (2018ж. тиісті кезеңінде 93, ашылуы 43,6%), алаяқтық – 258, ашылуы 29,8% (2018ж. тиісті кезеңінде 236, ашылуы 55,6%), автомобильді жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу – 68, ашылуы 50% (2018ж. тиісті кезеңінде 45, ашылуы 48,7%), зорлау – 8, ашылуы 88,9% (2018ж. тиісті кезеңінде 9, ашылуы 57,7%), нашақорлық – 10, ашылуы 9 % (2018ж. тиісті кезеңінде 25, ашылуы 75,0%). Сонымен қатар, Алатау аудандық полоция басқармасының ақпаратына сәйкес, 2019 жылдың 1 шілдесіне 90 нашақор азамат тіркелген, оның 2-уі наркологиялық диспансерге емдеуге орналыстырылған; ішімдікке әуес – 358 азамат тіркеуде тұрады, оның 12-сі наркологиялық диспансерге емдеуге орналыстырылған.