АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
                   Отбасы тақырыбында жиналыс өтті.

13.09.2019
Отбасы тақырыбында жиналыс өтті.


12.09.2019
Аудан әкімінің брифингте сөйлеген сөзінен.


11.09.2019
Алатауда қарттар арасында спартакиада өтті.

Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әлеуметтік сала бөлімі


«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің

әлеуметтік сала бөлімінің

Е Р Е Ж Е С І

1.     Жалпы ереже

         1.1. Әлеуметтік сала бөлімі (бұдан әрі-бөлім) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

         1.2. Бөлім өз жұмысын атқару кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Қазақстан Рспубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, қалалық мәслихаттың, Алматы қаласы әкімінің және аудан әкімінің актілерін, «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің жұмыс регламентін және осы Ережені басшылыққа алады.

         1.3. Бөлімнің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді, бөлімнің құрамында бөлім басшысы және 2 бас маман бар.

         1.4. Бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аудан әкімінің өкімімен жүзеге асырылады.

         1.5. Бөлім басшысы мен бас мамандардың міндеттері лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

2. Бөлімнің негізгі міндеттері

         2.1. Бөлімнің қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық және құқықтық жағынан бөлім қызметі бойынша қамтамасыз ету.

         2.2. Халықты әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асыру.

3. Бөлімнің негізгі функциялары

         3.1. Әлеуметтік сала сұрақтары бойынша жоғары тұратын органдардың директивтік құжаттарын жүзеге асыру бойынша мәліметтер дайындау, өз құзыреті шегінде олардың орындалуына қадағалау жүргізеді.

         3.2. Аудандық құрылымдық мекемелерімен және қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру және қызметін үйлестіру:

         1) қалалық халықты жұмыспен қамту орталығымен;

         2) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен;

         3) жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесімен;

         4) қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен;

         5) әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының аудандық бөлімшесімен;

         6) аудандық денсаулық сақтау мекемелерімен;

         7) аудандық білім бөлімімен;

         8) әскери комиссариаттан түскен құжаттармен;

         9) аудандық қоғамдық ұйымдармен, ардагерлер кеңесімен, мүгедектер қоғамымен және т.б.

         3.3. Заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен хаттар мен өтініштерді бөлім міндеттері шегінде қарастыру. Салаға қатысты мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау.

         3.4. Аудандық комиссиялардың қызметін үйлестіру:

         1) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есебін жүргізу жөніндегі комиссия;

         2) 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін 6 айдан кем емес мерзім жұмыс істеген тұлғаларға еңбек өтілін белгілеумен айналысатын комиссия;

         3) әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия;

         4) туберкулез, жұқпалы аурулар, ЖҚТБ, АҚТҚ аурулары, маскүнемдік және нашақорлыққа қарсы күрес және олардың алдын-алу жөніндегі комиссия;

         5) тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия;

         6) әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділігін түгендеу жүргізу жөніндегі комиссия;

         7) қорғаншылық және қамқоршылық белгілеу жөніндегі комиссия.

         3.5. Бөлімнің құзыреті шегінде шешімдер мен өкімдердің жобасын және басқа құжаттарды дайындау.

         3.6. Белгіленген тәртіппен әлеуметтік сала бөліміне қарасты мекемелерден мерзімдік есеп алу.

4. Бөлімнің құқықтары

         4.1. Бөлім қызметіне қатысты әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдарынан қажетті ақпараттарды, мәліметтерді талап ету.

         4.2. Аудан әкімі аппаратының регламентіне және жоспарына сәйкес аудан әкімінің орынбасарының келісімімен тиісті іс-шараларды өткізу, қажетті ақпараттар мен мәліметтерді дайындау үшін бөлімнің, құрылымдық мекемелердің мамандарын тарту.

         4.3. Аудан әкіміне бөлім жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар жасау.

5. Бөлім қызметкерлерінің жауапкершілігі

5.1. Бөлімнің қызметтік міндеттемелеріне сәйкес жүктелген тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалмауы.

5.2. «Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-не тиесілі мүліктің және материалды құндылығы бар заттардың күтіп ұстамағандығы үшін жауапқа тартылады.

5.3. Қызметтік және мемлекеттік маңызы бар мәліметтердің айқындалуы.

Бөлім басшысы: Султангазин Алмас Тоқбергенұлы

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Шаңырақ 2 ықшамауданы, Жанқожа батыр, 26, 4 қабат, 401 каб. 

Телефон: 299-86-43