АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
2019 жылдың15 қыркүйегі мен 10 желтоқсаны аралығында «Участок» атты Республикалық жедел профилактикалық іс-шара өтуде.

20.09.2019
2019 жылдың15 қыркүйегі мен 10 желтоқсаны аралығында «Участок» атты Республикалық жедел профилактикалық іс-шара өтуде.


19.09.2019
"Танысу " тренингтері жүргізілді.


19.09.2019
Ағымдағы жылдың тамыз айының басында Алатау ауданының «Бақыт отбасы» орталығы өз есігін айқара ашты.

Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Аудан әкiмдiгiнiң (құзiретi) өкiлеттiгi


     Жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдiк) — аудан әкiмi басқаратын және өз құзiретi шегiнде Алатау ауданының аумағында жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.

     Жергiлiктi атқарушы орган заңнамаларға сәйкес келесi өкiлеттiктердi жүзеге асырады:

     - ауданның жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламаларын әзiрлейдi және оның орындалуын қамтамасыз етедi.

     - ауданның коммуналдық меншiгiн басқарады, оны қорғауға iс-шараларды жүзеге асырады.

     - азаматтардың және ұйымдардың Конституция, Заңдардың, Қаақстан Республикасы Президентiнiң және үкiметiнiң актiлерiн, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк-құқықтық актiлерiн орындауларына ықпал жасайды.

     - аудан аумағңында кәсiпкерлiк қызмет ивестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;

     - аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi:

     - аудан аумағындағы кенттер мен ауылдар құрылысын салудың бас жопарларын әзiрлейдi және оларды аудандық мәслихаттың бекiтуiне ұсынады, коммуналдық меншiк объектiлерi мен әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлердi салуға тапсырысшы болады,коммуналдық желiлер мен құрылыстарды салуға рұқсат бередi;

     - ауданда су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк игнфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады.

     - әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;

     - қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырады.

     - өз құзiретiнiң шегiнде жер қатынастарын реттейдi,

     - аудандық маңызы бар жолдарды пайдалануды және ұстауды ұйымдастырады;

     - оның басқаруындағы тұрғын үй қорын бөледi,

     - тұрғындарды жұмыспен қамтуға және кедейлiкпен күресуге ықпал жасау жөнiндегi бағдарламаны жүзеге асыруға қатысады;

     - халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетуге, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi.

     - аудан аумағындағы тарихи және мәдени құндылығы бар табиғат объектiлерiн тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi.

     - қоғамдық орындарды абаттандыружәне сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi.

     - ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдарды құрады.

     - аудан әкiмдiгi Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес оған жүктелген басқа да басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.