АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қарттарым асыл қазынам!

12.10.2017

Қарттарым- асыл қазынам!



12.10.2017

ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ!



09.10.2017
 

«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ару Алматыға – 1001 түп жасыл желек» атты қалалық сенбілік өтті




Саясат САЯСАТ



Әкімнің алғы сөзі



Құрметті Алатаулықтар мен қала қонақтары!
Біздің ресми Интернет-ресурсқа қош келдіңіздер!

Алатау ауданы Алматы қаласы Мәслихатының шешіміне сәйкес, 2008 жылдың 2 шілдесінде Алматының әкімшілік орталығы ретінде құрылды.

Ауданды құрудағы негізгі мақсат - жергілікті тұрғындардың өмірін, сондай-ақ аудан аумағындағы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту. 

Күрделі мәселелерді шешу үшін аянбай еңбек ету нәтижесінде ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Ауданды құру барысында заңсыз иеленген жер телімдерін заңдастыру ең күрделі мәселелер қатарында болатын. Аудан құрылғалы бері барлық жер телімдері заңдастырылып, қазіргі таңда бұл мәселе толлыққанды шешілген.

Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын сөз еткенде елді мекендерді абаттандыру, халықты аса қажет коммуникациялармен қамтамасыз ету, білім беру саласы мен мәдени нысандарды, медициналық қызмет көрсету, жол-көлік инфраструктурасын айтпай кетпеске болмас. Аудан құрыларда аталған мәселелер көңіл көншітерлік емес еді.  Сондықтан жергілікті халық қарқынды дамуды күтті.

Елбасы мен Үкіметтің қолдауы арқасында мектептер, балабақшалар, емханалар бой көтерді. Сондай-ақ аудан толықтай газбен жабдықталды, жаңа көшелер салынды, сумен, электр энергиясымен қамту, «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдармасына сай  көпқабатты үйлер тұрғызу жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы алғанда қолға алынған жұмыстар аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандырып, барлық тұрғындар тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Бұдан бөлек автокөлік иелері үшін арнайы мамандырылған алып мегаполистегі ең алғашқы халыққа қызмет көрсету орталығы ашылып, екі кинотеатры бар «Алатау» атты киноконцерт залы қолданысқа берілді.

 2017 жылы Алматыда халықаралық қысқы Универсиаданы өткізу жоспарланып отыр. Нысандардың көбі Алатау ауданында салынбақ – бұл біз үшін бір жағынан зор мәртебе болса, екінші жағынан  үлкен жауапкершілік. Біздің ауданда 20 мың көрерменді сыйдыра алатын негізгі спорттық кешен тұрғызылмақ. Халықаралық Универсиаданың негізгі спорттық іс-шаралары дәл осы кешенде өткізіледі. Болашақта, Универсиада аяқталғаннан кейін, бұл аумақ студенттер қалашығына айналатын болады.

Ауданымызда кіші және орта бизнес қарқынды дамуда. Табысты кәсіпкерлік - әлеуметтік-экономикалық даму мен халықтың жұмыспен қамтылуының негізі. Осының арқасында қосымша жұмыс орындары ашылып отыр.

 «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Ақкент», «Нұркент», «Ақбұлақ», «Алғабас-6», «Саялы» жаңа ықшамаудандар пайда болды, көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы жүргізілуде.

 «Әкімге сұрақ» айдары арқылы өзіңізді толғандырып жүрген мәселелеріңізбен бізбен бөлісе аласыздар. Тікелей байланысқа шығып, сауалдарыңыз, ұсыныс-тілектеріңізді жолдауға мүмкіндіктеріңіз бар.

Келешекте Алатау ауданы Алматы қаласының ірі ғылым мен білім, мәдениет орталығына айналарына сенімдімін.

Алатау ауданының әкімі