АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
 Алатау ауданы әкімінің аппаратында аппарат жиналысы өткізілді

18.09.2018

Алатау ауданы әкімінің аппаратында аппарат жиналысы өткізілді



18.09.2018

Ауданда заңсыз сауда дүңгіршектері алынды



17.09.2018

Ауданда арық жүйесін тазарту жұмыстары жүріп жатыр


Әкімге сұрақ ӘКІМГЕ СҰРАҚ



Құрметті сайтқа енуші!

Ескерту* Сіз сайттың ең көп оқылатын «Әкімге сұрақ» айдарына еніп отырсыз. Бұл жерде Сіз сұрақтарыңызды қоя аласыз. Сұрақ қоймастан бұрын сайт әкімшілігі төмендегі ережелерді сақтауды өтінеді:


1. Сіз тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз.
2. Сауалыңыз республикамыздың өзге өңірлеріне қатысты болмауы тиіс.
3. Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн.
4. Егер Сіздің сұрақ- шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет.
5. Шағымданушы автор өзінің электронды поштасын (e - mail) және телефонын міндетті түрде көрсетуі тиіс.
6. Берілген сілтемелер міндетті түрде толтырылуы тиіс. Аты- жөні көрсетілмеген өтініш- сауалдар қаралмайды.
Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдыруға құқылы.


Бекітілген файлдың құрамында мына форматтар болады:
txt, doc, docx, rtf, xls, xlsx, pps, ppt, pptx, pdf, jpg, bmp,
png, tif, gif, pcx.
Файлдың көлемі 15 Мб аспауы тиіс.
Файлді бекіту файл таңдалған
Ақпарат жіберу үшін суретте көрсетілген кодты енгізіңіз
CAPTCHA


Iздеу
Сұрақ тақырыбы: Сұрақ: Жауап:

Саясат 16.02.2015 Айгуль

Сәлеметсіз бе!Біздің Алғабас ы.а 1/42 үйінің алдындағы қоқысты жинауға кім жауапты? Қоқыс контейнерлері ауданымызда көп болса да, көрші үйлерден келіп осы жерге тастай береді.Балалардың ойнайтын ауласы да жоқ. Соның шешімін тауып берулеріңізді сұраймын.

Жауап

Ответ: По вашему вопросу компетентными органами являются Управления страйтельство г. Алматы и Управления жилья и жилищной инспекций г. Алматы в связи чем, ваше обращение было перенаправлено для рассмотрения и ответа в вышеуказанное управление.

ТКШ 15.02.2015 Жумагазы

Сухамбаев кошеси тазаланбайды. Лас кокыска толы.

Жауап

Ответ: Алатау ауданы әкімі аппаратының сайтына келіп түскен 2015 ж 16 ақпанында келіп түскен №Ж-13 хаты бойынша т-мендегіні хабарлаймыз. Алатау ауданы бойынша көшелерді тазалаумен айналысатын мердігер мекеме "АВАН-Құрылыс" ЖШС-гі тарапынан Ақбұлақ ықшамауданы Сухамбаев көшесін қоқыстардан тазалау жұмыстары жүргізілгенін хабарлаймыз

ТКШ 12.02.2015 Айгуль

Уважаемый Багдат Сайланбаевич! Мы недавно переехали в мкр. Алгабас-6. У нас перед домом 1/42 и 43 лежит мусор.много раз видели как приходят люди, выкидывают свой мусор и уходят. на наши замечания не обращают внимания. Хотя мусорных баков везде полно. На улице уже все тает. и скоро дети начнут выходить играть во двор, где им играть? среди мусора? Прошу вас решить благоустройство нашего двора.

Жауап

Ответ; Рассмотрев ваше письмо по вопросу стихийной свалки бытовых отходов возле жилых домов №1/42 и №1/43 в мкр. "Алгабас", Управление страйтельстваг. Алматы просит Вас провести разъеснительную работу с населением данного микрарайона о необхадимости выноса бытовых отходов в определенные для этого места площадки для складирования бытовых отходов в этом микрарайоне оборудованы, так как данный мусор является не страйтельным, а бытовым.

Саясат 21.01.2015 Меруерт

Салеметсізбе! "Айгерім" ықшам ауданындағы Жаңа ғасыр мен Алмерекабыз кошелерінің қиылысында асфальт жоқ. Сонымен қатар жарықта жоқ. Балалар, үлкен адамдар каранғыда жүреді. Қиын, автобусқа отыру үшін осы жердің тұрғындары 3 остановкалы жер жаяу жүруге мәжбүр. Отініш Алмерек кошесінің бойымен автобус журсе, асфальт мәселесі шешіліп, жолдарға жарық берілсе. Шешімін берінізші.

Жауап

Ответ: Ваше обращение было перенаправлено в Управление пассажирского транспорта г. Алматы и Управление автомабильных дорог г. Алматы для рассмотрение и принятия соответствующих мер.

Сырт 20.01.2015 Саметова

Сәлеметсіз бе! Біз 6градакомплекс тұрғындарымыз. Бізге ең жақын орналасқан "Жаңа Қарасу" ықшам ауданында 2013 жылы ашылған №179 орта мектеп пен 2012 жылы ашылған №177 балабақша. Алайда, біздің 6градакомплекстен ешқандай бағытта автобустар қатынамайды.Автобус жүретін жолдарға дейін жергілікті таксилерге мінуге мәжбүрміз. Ең қиыны балаларды балабақшаға тасу. №179 орта мектепке берілген автобусқа (өте кішкентай) мектеп оқушыларының өздері әрең сыйып жүргендіктен, балабақша мектептің тура қасында орналасқанына қарамастан, балабақшаға балаларын апаратын ата-аналарды алмайды.Ол таңертеңгі уақытта ғана, ал кешкісін балабақшадан қайтарда мектептің сабақ кестесімен сәйкес келмегендіктен ол автобусқа тағы міне алмаймыз. Сонда, мектеп оқушылары автобуспен, ал мектеп жасына дейінгі балалар жаяу жүруге тиіс пе? Біз бұған дейін де сізге хат жазғанбыз, мәселені шешеміз деген жауап бергенсіздер. Бірақ, біз 3 жылдан бері балаларымызды жаяу тасуға мәжбүр болып жүрміз. Сізден үлкен өтініш, біздің тұратын аймаққа ең болмаса, бір бағытта қалаға шығатын, және балабақшаға баратын автобус берсеңіздер екен.

Жауап

Ответ: Ваше обращение было перенаправлено в Управление пассажирского транспорта г. Алматы для рассмотрение и принятия соответствующих мер.

Сырт 16.01.2015 Абзал

Құрметті Бағдат Сайланбайүлы! Мен Алғабас ықшам ауданының тұрғынымын, сізге қояр сауалым мынадай: алғабас жаңақүрлыс районындағы жерлерде салынған үйлер қашан заңдастырылады? қызыл сызық қашан жүріледі? мен барлық легализация қажетті құжатты дайындап барған едім бұл жерге әлі қызыл сызық жүрмегенін айтты, бірәқ қашан жүретінін білмейді ондағылар, енді қанша уақыт күтеміз? тезірек болса екен! рехмет! жұмыстарыңызға табыс!

Жауап

Ответ: Сіздің сұрағыңыз бойынша толық мәлімет алу үшін әр аптаның дүйсенбісінде сағ; 14:00-17:00 бейсенбі күні сағ: 10:00-13:00 Алматы қаласы сәулет және құрылыс басқармасының өкілі, Алматы қаласы жер қатнастар басқармасының өкілі, Алатау ауданы әкімі аппаратының жер мәселелері жөніндегі жауапты маманның қатысуымен өтетін қабылдауыңызға келуіңізді сұраймын.

Сырт 13.01.2015 Базарбаев

Ассалаумалейкум Багдат Сайланбайулы! Айгерім-2 турғынымын, Бізге қаладан қатынайтын жол Ахрименко және Майкопская көшелерi өте тар, жазы қысы әсіресе Майкопская көшесінде көлiк қақтығыстары жиі болып жатады. Бір аяқ жолмен екі бағытта көліктер жүреді, сонымен катар жаяу жүргіншілерге тіпті жол жоқ Осы көшелерді кеңейту қарастырылған ба? Сіз жалпы осы көшелердің осындай жағдайда екенін білесіз бе? Рахмет!

Жауап

Жауап: Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты сіздің хатыңызды қарастырып, ҚР "Жеке және заңды тұлғаларының өтініштерін қарастыру тәртібі туралы" Заңның 7 бабы 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының қарауына жіберілгендігін хабарлаймыз.

Сырт 11.01.2015 Gulzi

Ауезов районындагы Жамбыл кошеси кашан сноска кетеди??

Жауап

Не наш район. Обратитесь в Ауезовкой сайт.

01.12.2014 Айгерим

Құрметті Бағдат Сайланбайүлы! Мен Алғабас ықшам ауданының тұрғынымын, сізге қояр сауалым мынадай: Алғабас ықшам ауданынан шығар жол, яғни Момышұлы көшесін өту оқушы балаларға ғана емес бізге үлкендерге де өту қиын. Себебі жол кең, көлік ағыны жылдам әрі көп. Жалғыз ғана қала ішіне қатынайтын 7 автобусымыз бар. Қыс мезгілінде бұл көліктер де кейде кешігіп келеді. Тоңып калмас үшін Момышұлы жолын өтіп такси ұстауға тура келеді. Ол жерде жаяу жүргінші жүру белгісі бар, бірақ автокөлікке рұқсат етілген жылдамдық 80 км/сағ. Көптеген адам қағылып, талай жол апаттарынан зардап шегіп жүр. Сол жерге бағдаршам немесе қауіпсіздік үшін жол асты/жол үсті жүріп өту көпірлерін салуды қарастыруыңызды сұраймын.

Жауап

Жауап: Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппарат, Сіздің хатыңызды қарастырып, келесіні хабарлайды.: ҚР "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңның 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Сіздің хатыңыз Алматы қаласының әкімшілік полиция басқармасына және Алматы қаласы жолаушылар көлігі басқармасына және Алматы қаласы автомабиль жолдары басқарамсына жолданды.

27.11.2014 Назым

Құрметті Алатау ауданының аппараты, жаһандану кезеңінің дамып, жетілуіне байланысты өзімнің өтінішім мен сұрағымды онлайн жүйеде жеткізуімді жөн көрдім. Менің сіздерге айтқалы отырған ақпарат Казақстан Республикасының Президентнің жарлыгы бойынша іске қосылған балабақшаларға қатысты болмақ; Құрметті, Манзоров Бағдат Сайланбайұлы, сіз басқарып отырған Алатау ауданындағы № 164 Балабақшаның қызметкерлерінің жұмысын тікелей өз басшылығыңызбен қатаң бақылауға алсаңыз екен деген өтінішімді білдіргім келеді. Мемелекет тарапынан балабақшаға бөлінетін тиісті жағдайлар мен көмектер балабақшадағы балаларға орта жолда жетпей қалмай жатыр деген қорқыныш: себебі; № 164 Балабақшада тәлім алып жүрген бөбектерге тамақтандыру жағынан мәселе бар, ата –аналар тарапынан күмән туғызатын жағдай - балалар балабақшадан уйлеріне аш келеді, көбінесе кешкі асты бергенде нан берілмейді, тамақ аз мөлшерде беріледі,меню сауатты түрде құрастырылмаған. Мемлекеттегі Балабақшалар Мемелекеттің қарауындағы Мектепке дейінгі білім беру Орталығы болып табылатындықтан - Президентіміздің тапсырмасы бойынша Балапан бағдарламасы негізінде тамақтандыру жоғары деңгейде жүргізілу керек, ал аталмыш балабақшада бұндай үрдіс байқалмайды, Ең бірінші балабақшадағы балаларды тамақтандыру қызметін тексерулеріңізді сұраймын. Екі

Жауап

Жауап: Алатау ауданыны әкімінің аппараты Сіздердің хатыңызға Алатау аудандық білім бөлімінің ақпаратына сәйкес, келесіні хабарлайды; 2014 жылы қыркүйек айында аудандық білім бөлімі балабақша мекемелеріндегі тамақтанудың ұйымдастырылуын тексеру үшін, арнайы комиссия құрылған. Аталған комиссия әр тоқсан сайын тексеріс жүргізіп, қорытындысы балабақша меңгерушілерінің жиналысында оқылды. ҚР үкіметінің 2011 жылы 30 желтоқсанындағы №1684 "Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы " қаулысындағы балаларды тамақтандыру нормаларында 3 жасқа дейінгі балаларға бидай наны 55 гр, ал 3-7 жас аралығындағы балаларға 80 гр. мөлшерден артық берілмейді деп көрсетілген.Комиссияның тексеруі нәтижесінде тамақтану мөлшері нормаға сай сақталғандығы және тәрбиешілердің балаларды жұлқыламайтындығы анықталды.

22.11.2014 Еркебулан

Құрметті Алатау ауданының әкімі Манзоров Бағдат Сайланбайұлына сұрақ ? Менің сізге сұрағым, Қызыл сызықтағы жер теліміне жер берілеме.

Жауап

Алматы аласы Алатау ауданы әкімдігіні аппараты сіздің хатыңыздың Алматы қаласы жер қатынастар басқармасына жөнелтілгенін жариялайды.

06.11.2014 Алғабас ықшамауданы тұрғындарынан

Құрметті Бағдат Сайланбайұлы, Бүгінгі күнде №115 автокөлік маршруты жүріп жатыр. Алайда, маршрут Момышұлы Акынсара көшесінде орналасқан Алғабас ықшамауданын қамтымайды. Осы маршруттың Алғабас және Көккайнар ықшамаудандары арқылы өтіп әкімшілікке қатынауын сұраймыз.

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің хатыңызда қарастырып келесіні хабарлайды: Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының 7 бабы, 6 атрмағына сәйкес, Сіздің хатыңыз Алматы қаласының жолаушылар көлігі басқармасына жолданды.

05.11.2014 Еркін

Құрметті Бағдат Сайланбайұлы, Шаңырақ -5 ықшам ауданыда су мәселесі туралы сізге хат жолдап едім. ҚР Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы (2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Заңына сәйкес Өтiнiште қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн субъектiге немесе лауазымды адамға келiп түскен өтiнiш субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi субъектiлерге жiберiледi, деп заңда көрсетілген. Бірақ Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының осы су туралы өтінішімізге беретін жауабын біле алмай отырмыз. Бұл Шаңырақ -5 ықшам ауданының тұрғындарының бәріне қатысты мәселе болып отыр. Судан әбден қиналып кеттік. Осы мәселені аяғына дейін шешіп берсеніз екен. Көп рахмет!

Жауап

Аппарат акима Алатауского района города Алматы6 рассмотрев Ваше письмо поступившее за №Е-809 от 07.11.2014 года, сообщает, что Ваше письмо согласно п.6, ст.7 Закона РК "О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц", направлено в Управление энергетики и коммунального хозяйства города Алматы для рассмотрение и ответа.

30.10.2014 Молдир Ержановна

Сәлеметсіз бе, құрметті әкім мырза?! Мен шаңырақ-2 ықшам ауданының жергілікті тұрғынымын. Осы ауданда 1993 ші жылдан бері тұрып жатырмын. Көшелерді жаңартып жатырсыздар оған әрине үлкен рахмет! Бірақ жаныма бататыны: Мына көшенің тазалығы. Қай жерге барсаң да қоқыстан көз ашпайсың. Тіпті қоқыс тазалаушылардың өзі мәдениетсіз, әуелі қоқысты алмай кетеді. Өзіңе сөз қайтарып, ақыры өзіміз көлік жалдап қоқыс шығарған күніміз болды. Сұрақ: Егер қоқысты алмаса неге оған ай сайын төлемақы береміз? Ұсыныс: Неге әр көше қиылысына қаладағындай улкен қоқыс жәшіктерін қоймасқа? Сонда қоқыс жинаушылар да тұрғындармен урсыспай өз жұмыстарын атқарар еді. Көшелеріміз таза болар еді. Және де көшенің ластығын жергілікті тұрғындардан көру дұрыс емес. Адамдар көшеде қоқыс жәшіктері аз немесе мүлдем болмағандықтан сондай іске барады. Уақыт бөліп оқығаныңыз үшін рахмет! Сіздің жауабыңызды күтемін. Бұл менің ғана емес бүкіл ауданның мәселесі. Сондықтан зер салып карап бір шешім қабылдарсыз деп ойлаймын.

Жауап

Ответ: сіздің сұрағыңыз бойынша, Алатау ауданы бойынша көшелерді тазалаумен "Аван-құрылыс" мердігер мекемесі техникалық ерекшеліктерге сәйкес көше тазалығы мен қоқыстарды тазалау жұмыстарын жаяу жүргінші жолдарынан бастап, үлкен көшелерге дейін жүргізеді. Шаңырақ-2 ықшамауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарымен "Wisdoms KZ" ЖШС-гі айналысады. Келісім шартқа байланысты қоқыс шығарушы мекеме үйден шыққан қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарады, басқа әртүрлі қоқыстарды тек қосымша қаражатқа шығарады. Бекітілген аумақтағы қоқыстарды уақытында шығармағандығы ұшін "Wisdoms KZ" ЖШС-гі басшылығымкен түсінік жұмыстары жүргізілі, ескерту жасалынады. Қоқыс жәшіктерін орнату кешенді түрде жол құрылысы толық аяқталған соң ған қойылады.

28.10.2014 Жазира

Құрметті Бағдат Сайланбайұлы, мен акбулак шқшам ауданының турғынымын АЗТМ көшесі. Рысқұлов көшесінде бірде бір жарық жок қап қаранғы, кешке жұмыстан қайту өте қорқынышты, не бір автобус маршруты жок жүретін. Сізден өтініш қашан жарық қосады және автобус маршруты бола ма? Рахмет көп көп.

Жауап

Алатау ауданы әкімі аппаратының Веп сайытына 2014 жылдың 28 қазанында келіп түскен № Ж-789 хаты бойынша төмендегідей хабарлаймын: Рысқүлов көшесінің бойындағы көше жарығын электр қуатына қосу мердігер мекеме «Алматықалажарық» акционерлік қоғамы тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Рысқұлов көшесінің бойындағы көше жарығы ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін қосылатынын хабарлаймын. «Ақбұлақ» ықшам ауданы, «АЗТМ» көшесімен қоғамдық көліктерді жүргізу мәселесі қалалық жолаушылар көлігі басқармасының жұмыс тобымен қарастырылып, төмендегідей шешім қабылданды. «Ақбұлақ » ықшамауданы, «АЗТМ» көшесімен қоғамдық көліктерді жүргізу Рысқұлов даңғылы мен Сайын көшесіндегі жол айрығының құрылысы аяқталғанан кейін ұйымдастырылатын болады.

26.10.2014 турсынхан токтасынқызы

Құрметті Бағдат Сайланбайұлы Ақбұлақ ықшам ауданындағы Байқоныров, Сулеймен ов көшелеріне қашан тас жол салынады екен жаңбырлы күндері балалардың сабаққа баруы қиындап кетеді

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2014 жылғы 27 қазандағы №Т-785 келіп түскен хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының "жЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ҚАРАУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ" Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы автомобиль жолдары басқармасының қарауына жіберілгендігін хабарлаймыз.

23.10.2014 Базгаламова Аяужан

Құрметті Бағдат Сайланбайұлы, сізден сұрайын дегенім. Мен екі баламды да садикке жазып қойғанмын. Қазір қызым садикке барып жүр. Біз садикке Алатау ауданынын акиматына барып жазылғанда Балапан бағдарламасы жоқ деген. Бірақ менін қызым мен қатарлас балалар балапан бағдарламасы бойынша айына 15000 - 17000 төлейді. Сонда қалай болғаны. Ал екі баланы апарса жеңілдік болмайма?

Жауап

Алатау ауданы әкімінің аппараты сіздің хатыңызды қарастырып төмендегіні хабарлайды: "Балапан" бағдарламасы жекеменшік балабақшаларға қаралған бағдарлама болып табылады. ХҚКО арқылы кезекке тұруға болады. Бір үйден 1 немесе 2,3 бала барса да жеңілдік болмайды.

22.10.2014 Назира

Құрметті Бағдат Сайланбайұлы, біз тұрып жатқан Петров және онымен қиылысатын көшелерде тазарту жұмыстары мүлдем жүргізілмейді. Кейбір тұрғындар ғана өздеріне жақын жерлерді тазалаумен шектеледі. Сонымен қатар, көше бойында арық жүйесінің болмауы салдарынан жауын-шашын кезінде жүру мүмкін емес. Осы аталған мәселелерді шешуге ықпал етуіңізді сұраймыз.

Жауап

Алматы қаласы әкімінің Веб-сайтына 2014 жылдың 23 қазанында келіп түскен №Н-775 хатыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймын: Хатыңызда көрсетілген арық мәселесі бойынша құзырлы мекеме Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы болғандықтан, хатыңызды әрі қарай қарастыру және жауабын беру мақсатында аталған мекемеге қарастыру үшін жіберілгендігін хабарлаймын. Көше тазалығы бойынша мердігер мекеме «Аван Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тапсырыс берілді.

22.10.2014 Турсынай

Құрметті Бағдат мырза. Мен Алатау ауданында салынып жатқан пәтерлердің біріне үміткер болсам деймін. Ол жерде бәріне бірдей сатлылады ма, әлде жеңілдіктер қарастырылған ба? өтініш сіздерден, егжей-тегжейлі түсіндірсеңіз екен. мен екі жыл болды, тұрмыстан. қызым бар, учетта турады ауруханада. жолдасым да жалданып қара жұмыс жасайды. мен декретте болып жұмысқа енді шықтым, екі ай болды. енді менің жағдайым бойынша мен қай бағдарламаға және жеңілдікпен құжат тапсыра алам? көмек беріңіздерші, суық пәтерлерден ауыса ауыса қиын боп кетті.

Жауап

Алматы қаласының тұрғындарын әлеуметтік тұрғын үй қамтамасыз ету Алматы қалалық Тұрғын үй басқармасы арқылы жүзеге асырылады. Сіз әлеуметтік тұрғын үй жөнінде толық ақпаратты Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе Алматы қалалық Тұрңын үй басқармасы арқылы алуыңызға болады.

15.10.2014 Еркін

Құрметті Бағдат Сайланбайұлы, Шаңырақ -5 ықшам ауданыда шешімін таппай жатқан мәселе-Cу. Бізде су жоқ. Саялыда суда газ құбыры да бар. Судан қатты қиналдық. Ақшасы барлар 300 мыңнан су қаздырып жатыр.Су мәселесін шешіп берсеніз. Көп рахмет!

Жауап

Аппарат акима Алатауского района города Алматы, рассмотрев Ваше письмо поступившее за №Е-761 от 16.10.2014 года, сообщает, что Ваше письмо согласно п.6, ст.7 Закона РК "О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц", направлено в Управление энергетики и коммунального хозяйства города Алматы для рассмотрение и ответа.

Страницы: Пред. 1 ... 13 14 15 16 17 След. Все