АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алатау ауданында пробация қызметі бойынша жиналыс өтті

06.06.2018

Алатау ауданында пробация қызметі бойынша жиналыс өтті



19.05.2018

«Бент» көлі аумағында сенбілік өтті



09.05.2018

9 мамыр - Жеңіс күні!


Әкімге сұрақ ӘКІМГЕ СҰРАҚ



Құрметті сайтқа енуші!

Ескерту* Сіз сайттың ең көп оқылатын «Әкімге сұрақ» айдарына еніп отырсыз. Бұл жерде Сіз сұрақтарыңызды қоя аласыз. Сұрақ қоймастан бұрын сайт әкімшілігі төмендегі ережелерді сақтауды өтінеді:


1. Сіз тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз.
2. Сауалыңыз республикамыздың өзге өңірлеріне қатысты болмауы тиіс.
3. Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн.
4. Егер Сіздің сұрақ- шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет.
5. Шағымданушы автор өзінің электронды поштасын (e - mail) және телефонын міндетті түрде көрсетуі тиіс.
6. Берілген сілтемелер міндетті түрде толтырылуы тиіс. Аты- жөні көрсетілмеген өтініш- сауалдар қаралмайды.
Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдыруға құқылы.


Бекітілген файлдың құрамында мына форматтар болады:
txt, doc, docx, rtf, xls, xlsx, pps, ppt, pptx, pdf, jpg, bmp,
png, tif, gif, pcx.
Файлдың көлемі 15 Мб аспауы тиіс.
Файлді бекіту файл таңдалған
Ақпарат жіберу үшін суретте көрсетілген кодты енгізіңіз
CAPTCHA


Iздеу
Сұрақ тақырыбы: Сұрақ: Жауап:

ЖКХ 03.04.2018 Ардак

В микрорайоне Акбулак, вот уже, больше месяца не работает уличное освещение в вечернее и ночное время, что создает реальную угрозу безопасности жизни и здоровья граждан. Повторно прошу принять срочные меры по восстановлению надлежащего освещения в указанном районе, а также предоставить информацию о том в чьём ведении находится обслуживание освещения и какая организация обеспечивает освещение в микрорайоне Акбулак, Алатауского района. Информацию о принятых мерах прошу направить на мой электронный адрес.

Жауап

Аппарат акима Алатауского района, рассмотрев Ваше обращение, поступившее на Веб-сайт акима Алатауского района города Алматы 04 апреля 2018 года за №А-175 сообщает следующее: По вашему вопросу компетентными органами является Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Алматы и ГКП на ПХВ "Алматы Қала Жарық" в всязи чем, ваше обращение было перенаправлено для рассмотрения и ответа в вышеуказанные органы.

Саясат 02.04.2018 Дилдара

Сәлеметсіз бе ? Мен Сұрағым мынадай: Алғабас 1 ықшам ауданында салынып жатқан бала-бақшаға қазірден кезекке тұруға боладыма? Мен ол үшін қайда баруым керек?

Жауап

Алматы қаласы Алатау аудандық білім бөлімінің ақпаратына сәйкес, 2018 жылдың ақпан айынан бастап «Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін, мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» жаңа мемлекеттік стандартына (2017 жылғы 17 қазандағы № 518 бұйрық) және кезекті қалыптастырудың және оның жұмыс істеу үдерісін автоматтандыру және мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жолдамалар беру бойынша әдістемелікке ұсынымдар енгізілді ( 14.07.2017 ж. №337), осыған байланысты, әрбір ата-ана электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуы қажет. Қазіргі таңда «Кезекке қою және жолдамалар беру» мемлекеттік қызметі бойынша жаңа Стандартқа сәйкес, өзгерістер енгізілді. Қазіргі уақытта кезекке тіркеу үшін, белгілі бір балабақшаға арналған кезектер жоқ. Өтініш кезекке қойылған күнінен бастап тіркеледі. Жүйе balabagsha.open-almaty.kz сайтында байланыс деректерін еңгізу қажет (электрондық пошта және ұялы телефон нөмірлері), өтініш иелеріне кезекке қоюға өтініш беруге, берілген өтінішті өзгертуге (байланыс деректеріне түзету енгізу / қосу), өтінішті кезектен алуға (кезектен шығу), мемлекеттік немесе жеке меншік мектепке дейінгі ұйымға орналастыру үшін жолдама алуға, жолдама алуға мүдделілікті көрсетуге мүмкіндік береді. Электрондық кезекке сәйкес кейбір азаматтарға жеңілдік беріледі: 1) заңды өкiлдерi мүгедек болып табылатындардың балалары; 2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар; 3) жетiм балалар; 4) көпбалалы отбасылардан шыққан балалар; 5) әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабар-ошарсыз кеткендердiң балалары; 6)арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң, оның iшiнде қызмет өткеру кезiнде қазатапқан, қайтыс болған, немесе хабар – ошарсыз кеткен қызметкерлердiң балалары. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) не өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге шағым жасауға құқығыңыз бар екенін жеткіземін. Толық ақпарат алу үшін, қолдану қызметіне хабарласыңыздар: 1308, 338-33-88, 262-21-15.

Сырт 30.03.2018 Динара

Сəлеметсіздерме, Алатау аудандық әкімшілік! Міне қыс бітіп жаз келер уақытқа таяды. Көшенің жөндеу жұмысына түсіністікпен қарап отырмыз. Бірақ жұмысшылар қазған жерлерін бекітпей отыр. Үйімізге кіріп шыға алмай отырмыз. Осыған кім жауап береді? Жоқ әлде қаланың сайтына шығу керек пе?

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2018 жылғы 2 сәуірдегі веб-сайт арқылы келіп түскен № Д-174 хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының қарауына жіберілгендігін хабарлаймыз.

Экономика 22.03.2018 Жанибек

здравствуйте я Серикбай Жанибек хотел узнать стоит ли на "на красной линии " участок по местоположению Алатауский район,мкр Теректы квартал КазМИС-1 УЧАСТОК 34 ,если участок находиться "на красной линии " будет ли оплачиваться полная сумма участка и построенного дома

Жауап

Аппарат акима Алатауского района города Алматы, рассмотрев Ваше обращение, поступившее на Веб-сайт за №Ж-163 от 27 марта 2018 года, сообщает, что Ваше обращение согласно пункту 6 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О порядке рассмотения обращений физических и юридических лиц" для рассмотрения направлено в Управление архитектуры и градостроительства города Алматы.

Сырт 14.03.2018 Гүлмария

Салеметсизбе. Мен осы адресте уақытша тұрам. Өзім Өзбекстан Республикасы азаматшасымын. Қызым Ұланқызы Мерей ҚР азаматшасы. Осы Алатау ауданы 169-білім беру мектебіне осы жыл Өзбекстан Республикасынан шығарып білім алу мақсатында сабаққа бергем. Бүкіл документін алып келдім. Мектептен шығарылғандығы жайлы мектеп директорының справкасы жана акимшиликтин қарары да бар. Енди документин толык емес деп қызымды мектепке кіргізбей жатыр. Кітаптарында бүгін қайтарып алып қойды. Ертеннен бастап оқымайды биздин мектепте деп кетти. Қайда қалай шағымдансам болады. Жол жоба бере аласызба?

Жауап

Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің хатыңызды қарастырып, № 169 мектеп лицейінің директоры Ш. Бакитованың ақпаратына сәйкес келесіні хабарлайды: Сіз Өзбекстан Республикасынан 2018 жылғы 20 қаңтарда Тақтакөпір аудандық жасөспірімдер жөніндегі комиссиясының шешімімен тіркеуден шыққансыз. Арада 43 күнтізбелік күн өткеннен кейін 2018 жылдың 5 наурыз күні мектепке қабылдау қажеттігі жөнінде № 169 мектеп әкімшілігіне өтініш білдіргенсіз және құжаттарыңыз дұрыс болмағандықтан кері қайтарылған. Дегенмен әлі күнге дейін құжаттарыңыз мектеп әкімшілігіне ұсынылмаған. Сондықтан тез арада құжаттарыңызды реттеп тұрғылықты мекен-жайыңыздағы мектепке өткізуіңізді сұраймын. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127 бабына сәйкес, ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертемін. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) не өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге шағым жасауға құқығыңыз бар екенін жеткіземін.

ТКШ 07.03.2018 Гулдана

Уважаемый Аким алатауского района! К Вам обращаюсь во поводу улицы Жана Гасыр в микрорайоне Айгерим2.Это самая оживленная и длиная улица,по которой день и ночь ездят машины и автобусы и ходят жители микрорайона. Но почему на по этой улице до сих пор не установлено освещение, хотя в параллельных маленьких улицах оно имеется. Во вторых, сейчас уже по этой улице не ходить пешком, ни проехать на машине невозможно, так как дорога уже полностью избита, хотя и проводят вроде ремонтные дороги каждый год,но на третий день после ремонта там же образовываются ямы и заложенный асфальт трескается. Летом невозможно ходить из за пыли, весной и осенью - из-за грязи и воды. В третьих, на всех улицах имеется тротуар, а на этой улице ее нет. Проходя вдоль дороги, мы, пешеходы, всегда боимся быть обрызганными грязью проезжающими машинами или же ходить по грязи и шлепать по воде. В четвертых, перекресток ул.Жана Гасят и угол ул.Мамытова является самым опасным углом где слишком часто происходят ДТП. Можно ли решить эти вопросы в пользу жителей и облагородить главную улицу. Прошу Вас дать ответы на поставленные вопросы.

Жауап

По информации аппарата акима Алатауского района в ответ на Ваше обращение за №Г-133 от 12 марта 2018 года, сообщаем: По вашему вопросу компетентным органом является ГКП на ПХВ "Алматы Қала Жарық" и Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог.

Саясат 07.03.2018 Азамат

Ассалаумагалейкум!!! мен Алатау Ауданы озерная 2 үй атынан сізге өтініш жазып отырмын!!! Біздің көшемізге канализация құбырларын жүргізіп болып өз жұмыстарын аяқтап болғасын бізге асфальт төсеп береміз деп алдап кетті, содан бері 2 аптадан асып кетті уақыт!! Біздің көшеде автокөлік жүрү түгілі адам баласы әрең жүреді!!! Сіздерден көмек сұраймыз!!! Сіздер бір шара қолданады деген үмітпен күтеміз

Жауап

Алматы қаласы, Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2018 жылғы, 12 наурызда №А-136 хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына қарастыра отырып жауап беру үшін жолданғанын хабарлайды.

Саясат 06.03.2018 Азамат

Ассалаумағалейкүм!!! Мен Алматы қаласы Алатау Ауданы мкр.Трудовиктен өтініш жазып отырмын!!! Біздің көшеде бір фирма канализация құбырларын жүргізіп жолды қазып өз жұмыстарын бітіріп болгасын ертең келіп асфальт төсейміз деп алдап кетті.Содан бері 10 күн өтті. Біздің көшеге автокөлігімізбен кіру мүмкін емес адам баласа әрең дегенде аяққа салафан киіп жүреміз!!! Көшеміз балшық кішкентай балаларымыз қиналып кетті!!! Сіздерден көмек сұраймыз өтініш!

Жауап

Алматы қаласы, Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2018 жылғы, 12 наурызда №А-139 хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына қарастыра отырып жауап беру үшін жолданғанын хабарлайды.

Сырт 06.03.2018 Аяулым

Салеметсизба Аким мирза?Мен сизден комек сурайын деп едим озим жалгызбасты анамын балам мугедек патер жалдап турамын мен уакытша уй тиркеуине тиркеле алмай журмин!3жылдан асты пропискага акша толеп тиркелип журмин казир катты киналып кеттим баламнын жардем акысы озине жетпейди али кунге дейн баламды емдете алмай журмин патер акысын толеп пропискага да акша таба алмай калдым.Комек беретин ешкимим жок отинемин мени уакытша уй тиркеу кезегине тиркелуге комек сураймын.Баламды оз катарына коса алмай катты киналып кеттим Кайда кимнен сурарымдыда билмеймин.Отинемин комектесиниздерши Алла разылыгы ушин маган баламнын оз катарына косылса деген арманым бар еди жалгыз озим катты киналдым отинем

Жауап

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес, тұрғын үй беру немесе тұрғын үй кезегіне тіркеуге қою аудан әкімінің құзырына кірмейтіндіктен тұрақты тіркеуге тұрған мекен-жайыңыз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына (Жароков көшесі, 215) жүгінуіңізді сұраймын. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) не өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге шағым жасауға құқығыңыз бар екенін жеткіземін.

Другое 05.03.2018 Павел

Добрый день! В ноябре 2017 г., в период дождей и слякоти, в микрорайоне Кок-Кайнар начали проводить водопровод и канализацию. При этом были повреждены асфальтированные дороги, въезды во дворы, вокруг разведена грязь. Выйти из дома и ходить по улицам стало очень проблематично. В конце декабря работы приостановили. Зимой передвигаться было легче. Но сейчас, когда наступила оттепель и сошел снег, ситуация стала еще хуже. Просим Вашей помощи в скорейшем восстановлении дорог, въездов во дворы и уборки загаженных территорий.

Жауап

Аппарат акима Алатауского раойна города Алматы, рассмотрев Ваше письмо, поступившее за №П-143 от 12 марта 2018 года, сообщает, что Ваше письмо согласно п.6,ст.7 Закона РК "О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц", направлено в Управление энергетики и коммунального хозяйства для рассмотрения и ответа.

Сырт 05.03.2018 Азамат

Ассалаумағалейкүм!!! Мен Алматы қаласы Алатау Ауданы мкр.Трудовиктен өтініш жазып отырмын!!! Біздің көшеде бір фирма канализация құбырларын жүргізіп жолды қазып өз жұмыстарын бітіріп болгасын ертең келіп асфальт төсейміз деп алдап кетті.Содан бері 10 күн өтті. Біздің көшеге автокөлігімізбен кіру мүмкін емес адам баласа әрең дегенде аяққа салафан киіп жүреміз!!! Көшеміз балшық кішкентай балаларымыз қиналып кетті!!! Сіздерден көмек сұраймыз өтініш!!! Бір шара қолданады деген үмітпен күтеміз!!!

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 5 наурыздағы веб-сайт арқылы келіп түскен №А-122 хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының қарауына жіберілгендігін хабарлаймыз.

Саясат 03.03.2018 Шолпан

Здравствуйте аким Алатауского района города Алматы.Уважаемый Аким мы жители Мкр.Акбулак сообщаем вам о ситуации дорог улиц Ахатова и ул 4 . Всю улицу перекопали в Декабре 2017года в зимний периуд. Снег тает,дождь у нас невозможно ходить пешком и на машине не проехать .машины застревает. Вся наша улица собирает подпись на жалобу в суд . Примите меры.

Жауап

Аппарат акима Алатауского района города Алматы, рассмотрев Ваше обращение, поступившее на Веб-сайт за №Ш-124 от 5 марта 2018 года, сообщает, что Ваше обращение согласно пункту 6 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О порядке рассмотерения обращений физических и юридических лиц" для рассмотрения направлено в Управление энергетики и коммунального хозяйства города Алматы.

ТКШ 27.02.2018 Эльмира

Құрметті əкім мырза! 2017 жылы Дархан ықшамауданы Жалағаш көшесіне су жəне кəріз жүйесі жүргізілді. Көшемізде бұрыннан асфальт жоқ. Көшені қазған соң ми батпаққа батты. Қар еріген соң жағдай мүлде қиындады. Жүру мүмкін емес. Көшемізге тас төсеп уақытша болса да жағдай жасауыңызды сұраймын

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2018 жылғы 28 ақпандағы Интернет-ресурс арқылы келіп түскен №Э-112 өтінішіңізді, Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының 7 бабының 6 тармақшасына сәйкес, Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына қарастыру үшін жолдағанын хабарлайды.

Сырт 27.02.2018 Бахыткүл

Салеметсізбе құрметті Алатау ауданының әкімі! Сізге қояр сұрағым. Мен Көксай ықшам ауданында тұрамын. Көксай ықшам ауданында қазір құрылыс жүріп жатқандықтан көше атауы мен үй номеріміз азірше жоқ. Көксай ықшам ауданында қалаға қатынайтын транспорт жоқ, бұл ауданда қалада оқитын көптеген студенттер мен жұмыскерлер тұрады. Бізге бұл ауданнан қалаға қатынайтын жане оңай электронды картасымен тасымалдайтын автобустар қажет. Көксай, Іргелі, Кемертоған ықшам аудандарында 344 нөмерлі жалғыз кішкентай газель бар алайда оның интервалы ар-бір 25-30 минут аралығында жүреді,және жолаушылардың отыратын орныда санаулы, ескі, бұл аудан тұрғындарына қолайсыз. Осы өтінішімді орындауыңызды сұраймын.Сонымен қатар көршілес жатқан Іргелі, Кемертоған ықшам аудандарыда тура осындай жағдайда,сол себепті бізге транпорт жағдайын және оңай көлік картасын қосып беруіңізді сұраймын.

Жауап

Алатау ауданы әкімінің аппараты,Алатау әкімінің Веб-сайтына 2018 жылдың 28 ақпанында келіп түскен №Б-110 хатыңыз бойынша "Көксай" ықшамауданы Алатау ауданы аумағына кірмейтіндіктен көше атауы және үйлердің реттік саны бойынша Алматы облысы, Карасай ауданы әкімі аппаратына хабарласу керектігін мәлімдейді.

Сырт 22.02.2018 Алия

Құрметті Алатау ауданының әкімі,мен Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде мемлект тарапынан бөлінетін әлеуметтік көмек сұрағым келеді. Менің анам 4 балалы көп балалы ана, осы Алатау ауданында Ақбұлақ ықшамда 10 жылдан бері пәтер жалдап тұрып келеді. Жақында пенсияға шыкты. Айтайын дегенім 10 жыл аралығында көше сыпырушы болып жұмыс істеп келді.Сұрағым келетіні ол кісі көп балалы ана 10 жылдан бері көше сыпырыушы болып қала тазалығы ушін өз улесін айтарлықтай қосты деп ойлаймын. Соған орай Елбасымыз жолдаған мемлекеттік бағдарламалар арқылы менің анам жеке пәтер немесе ұй ала алама? Ала алса қандай жағдайда қайда жолуға болатынын,қайда қалай кімге,құжат өткізуге болатыны бағыт бағдар берсеңіздер екен.Сұрағым ескерусіз қалмаса екен.

Жауап

1) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-бабына сәйкес, қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес келсеңіз тұрақты тіркеуге тұрған мекен-жайыңыздағы Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік тұрғын үйге кезекке тұруыңызға болады. Толық ақпаратты Алматы қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасынан (Жароков көшесі, 215) немесе тұрақты тіркеуге тұрған мекен-жайыңыздағы Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуыңызға болады. Мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұрушы тұлғалар тізімі 1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 2. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 3. 1 және 2 топтағы мүгедектер; 4. Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар; 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 6. Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 7. Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 8. Оралмандар; 9. Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 10. Көп балалы отбасылар; 11. Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; 12. Толық емес отбасылар; 13. Мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 14. Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтары.

ТКШ 15.02.2018 Санат

Сәлеметсіз бе? Сіздерге Өтемісұлы мен Көкорай көшесінің қиылысындағы "Бұлақ" ЖШС атына шағым түсіріп отырмын. 13.02. 2018 жылы "аталған ұйымның қызметкерлері өздерінің ауласындағы қарды сыртқа торатуардың боцйынна шығарып жатты, барып ескерту жасап едім, "ауланың сырты да бізге тиесілі еш қақың бомасын" деп шығарып салды олсыған шара қолдануыңызды сұраймын. Ол қар еріген жағдайда біздің көшені су басады.Заң бойынша заңды тұлғалар ауласындағы қарды көлелікпен шығаруы тиіс.

Жауап

  Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің Веб-сайтына 2018 жылдың 19 ақпанда келіп түскен №С-92 хатыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймын:
  Қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімі мамандары №С-92 арызы бойынша Құрылысшы ы.а. Көкорай көшесінде болып, нәтижесінде Алматы қаласының аумағын көріктендіру ережесін бұзғаны үшін 505 бабы бойынша ЖШС "Бұлақ" заңды тұлғасына 40 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Сырт 14.02.2018 Жансая

Сәлеметсізбе! Сұрағым мынандай: Үйдің кезегіне тұруым үшін қандай адамдар тапсыра алады? Және қандай құжаттар керек? Екінші сұрағым:Мен бала күтіміне байланысты үйде отырмын.Жолдасым жұмыс истемейді, өзіміз пәтер жалдап тұрамыз. Енді маған әлуметтік жәрдем ақығы алуға құжаттар тапсыруыма болама?Жерге кезекке тұруыма болама?

Жауап

1) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi
94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-бабына сәйкес, қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес келсеңіз тұрақты тіркеуге тұрған мекен-жайыңыздағы Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік тұрғын үйге кезекке тұруыңызға болады.

2) Алатау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы Алматы қаласы мәслихатының VIII сессиясының 2016 жылғы
16 қыркүйектегі №32 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек
7,5 (жеті жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетілетін жәрдемақыға өтініш білдіруіңізге болады.

Қосымша ақпаратты Алатау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алуыңызға мүмкіндігіңіз бар.
Мекен-жайы: Алатау ауданы, «Шаңырақ-2» ы/а., Жанқожа батыр көшесі, 26. Байланыс телефоны: 395-36-40.

3) Жерге кезекке қою мәсесі бойынша құзырлы орган Алматы қалалық
Жер қатынастары басқармасына өтініш білдіруіңізді сұраймын.
Мекен-жайы: Төле би көшесі, 155. Байланыс телефоны: 378-46-47.

Қосымша: 1 бетте.

Мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұрушы тұлғалар тізімі

 

1.       Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

2.       Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

3.       1 және 2 топтағы мүгедектер;

4.       Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар;

5.       Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;

6.       Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

7.       Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

8.       Оралмандар;

9.       Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

10. Көп балалы отбасылар;

11. Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

12. Толық емес отбасылар;

13. Мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;

14. Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтары.

Сырт 12.02.2018 Марал

Сәлеметсіздер ма. Менің екі сұрағым бар. Біріншісі сумен қамтамасыз ету. Биылғы қыс мезгілінде біздің ықшам ауданда судың арыны тым төмендеп кетті. Не ыдыс аяқ жуа алмаймыз, не кір жуа алмаймыз. Суға түсу үшін алдын ала біраз суды жинау қажет. Судың арыны мүлдем жоқ. Жарайды жаз айларында түсінікті, бау-бақшаларын суарады содан төмендеп кетеді дейді, бірақ неге қыс айында судың арыны жоқ.Ондай жағдай алдында ешқашан болмайтын. Екінші сұрақ жол мәселесі. Күз айларында Бекболата көшесінің бойында су құбырын жөндеу-ауыстыру жұмыстары жүргізілген. Теп тегіс асфальт жолды қазып, кейін оны қалай-болса солай асфальттап кетті. Қазір жамаған асфальттын барлығы шайылып, Бекболата көшесіндегі жол шұңқыр шұңқыр болып қалды. Сізден өтініш осы жұмыстарды жүргізген мердігер мекемеге асфальт жамылғысын қайтадан қалпына толығымен келтіруді міндеттеу. Сұрақтарымды жауапсыз қалдырмаңыздар.

Жауап

  Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2018 жылғы 13 ақпанындағы Интернет-ресурс арқылы келіп түскен №М-83 өтінішіңізді, Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының 7 бабының 6 тармақшасына сәйкес, Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына және "Алматы Су" МКК-на қарастыру үшін жолдағанын хабарлайды.

ТКШ 10.02.2018 Алмагүл

Сәлеметсіз бе? Біз Теректі ықшамаудан.Орталық көшесі 25 үй тұрғындарының атынан қойылатын сұрақ. Бізде орталық жылу жүйесі жоқ.газ тартуға бізге рұқсат жоқ деді. Біздің үй қашан орталық жылу жүйесіне қосылады? Биыл қыс суық болып тұр, көмір таппай қатты қыйналдық. Сізден өтініп сұраймыз жауап күтеміз.көп рақмет

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2018 жылғы 12 ақпандағы интернет-ресурсы арқылы келіп түскен №А-77 хатыңызды қарастырып, ҚР "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының қарауына жіберілгендігін хабарлаймыз.

ТКШ 06.02.2018 Нұрсұлтан

Қайырлы күн, құрметті әкім мырза. Біз Алатау ауданы Алғабас ықшам ауданы, Жаңа Құрылыс орамы тұрғындарымыз. Бізде 30-40 үйде ауыз су 10 күннен бері тоқтап тұр. Тасымалдаушы ЖК «Шильдебаева М» Куәлік 08915 №0082417 магистальдік құбыр қатып қалған дегенді айтады, оны ерітуге ешқандай әрекет жасамай жатыр. Сізден осы мәселені шешіп беруіңызді сұраймыз. Үлкен рахмет

Жауап

Аудан әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімімен арызда көрсетілген мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында орынға шығу ұйымдастырылып, ауыз сумен қамтамасыз ететін "Шілдебаева М." мекемесінен түсініктеме алынды. Магистральді желінің қатуына байланысты апаттық жағдай орын алды. Бүгінгі күні, "Шілдебаева М." мекемесі тарапынан құбырлардағы қатқан мұзды еріту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аппаттық жағдай жойылғанға дейін тұрғындарды ауыз сумен қамту мақсатында, мекеме тарапынан су алу орны ұйымдастырылып, ауыз су жеткізу мәселесі қарастырылуда.

Страницы: Пред. 1 2 3 4 5 ... 17 След. Все