АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алатау аудан әкімдігінің мәжіліс залында латын әліпбиіне көшу жөнінде жиын өтті.

06.12.2019
Алатау аудан әкімдігінің мәжіліс залында латын әліпбиіне көшу жөнінде жиын өтті.


04.12.2019
Алматыда өткен Форумда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа форматы ұсынылды


03.12.2019
«Әлйедерге қатысты зорлық- зомбылықсыз» акциясы

Әкімге сұрақ ӘКІМГЕ СҰРАҚ



Құрметті сайтқа енуші!

Ескерту* Сіз сайттың ең көп оқылатын «Әкімге сұрақ» айдарына еніп отырсыз. Бұл жерде Сіз сұрақтарыңызды қоя аласыз. Сұрақ қоймастан бұрын сайт әкімшілігі төмендегі ережелерді сақтауды өтінеді:


1. Сіз тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз.
2. Сауалыңыз республикамыздың өзге өңірлеріне қатысты болмауы тиіс.
3. Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн.
4. Егер Сіздің сұрақ- шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет.
5. Шағымданушы автор өзінің электронды поштасын (e - mail) және телефонын міндетті түрде көрсетуі тиіс.
6. Берілген сілтемелер міндетті түрде толтырылуы тиіс. Аты- жөні көрсетілмеген өтініш- сауалдар қаралмайды.
Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдыруға құқылы.


Бекітілген файлдың құрамында мына форматтар болады:
txt, doc, docx, rtf, xls, xlsx, pps, ppt, pptx, pdf, jpg, bmp,
png, tif, gif, pcx.
Файлдың көлемі 15 Мб аспауы тиіс.
Файлді бекіту файл таңдалған
Ақпарат жіберу үшін суретте көрсетілген кодты енгізіңіз
CAPTCHA


Iздеу
Сұрақ тақырыбы: Сұрақ: Жауап:

ТКШ 05.12.2018 Самат

Армысыздар! Біз "Алатау ауданының жаңадан бой көтерген "Алатау сити" тұрғын үй кешенінің тұрғындарымыз! Біздің үйлеріміз батыр бабамыз Момышұлының даңғылының бойында орналасқан. Үйлерімізде 300 ден астам пәтер бар. Бір пәтерде 3 адамнан есептесеңіз орташа көлеммен 1000 мың адам.Біздің нақты бұйымтаймыз бар!!! Жолдың арғы бетіне өту өте қиын."Базис" фирмасы салған үйдің қарама қарсысында жаяу жүргіншілері жолағы ғана бар.Күнде байқап, зертеп жүрміз. Момышұлы даңғылымен пешеходпен өту оте қауіпті. Сіздерден өтініш Алатау ауданының әрбір тұрғынының қауіпсіздігі ұшін бізге бағдаршам немесе аспалы көпір мәселесін шешіп беруге көмек қолын созсаңыздар екен. Көшршілеріміздің барлығы ресми түрде сіздерге хат жіберген жауап қанағаттандырмады.Күн сайын пешеходтан өту қиын, қарт кісілер, ана мен бала,жастар өмірін жалғыз пещеходтан өтер алдында қауіпке тігеді. Біз айтып отырған пешеход Алматы Арена спорт кешені мен "Базис" фирмасы салған үйлердің дәл ортасында. Біз Журналисттерді, Нур отанды шақырайық деп едік, бірақ біздің аудан бізге көмектесер деген үміттеміз!!!!

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы веб-сайт арқылы келіп түскен №С-576 хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және Алматы қаласы Әкімшілік полициясы басқармасына қарастыруға жіберілгендігін хабарлаймыз.

Саясат 30.11.2018 Гульдана

Қайырлы күн, әкім мырза! Ақбұлақ, Саялы бағытына жүретін 25 автобус өте кішкентай. Орнына үлкен автобус берсеңіз. Себебі таңертең, кешке автобусқа симаған ел, мектептен қайтқан балалар қараңғыда автобусқа симай қалады.

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Веб-сайт арқылы Сізден келіп түскен хатқа келесіні хабарлайды: ҚР "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Сіздің хатыңыз Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарастырылуға жіберілді.

Саясат 30.11.2018 Гүлдана

Қайырлы күн, Әкім мырза! Сізге Ақбұлақ ауд. Еспаев көшесінің хал-ахуалы туралы айтамын. Жақында көшені қазып су құбырын салып кетті. Қазған жер реттелмеген күйі қалды, әлі дұрыс толықтай жөнделмеді. Аяқ алып жүру мүмкін емес.Сосын су мәселесі қашан реттеледі? Көшеге жарық орнату қашан іске асырылады?

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы веб-сайт арқылы келіп түскен №Г-571 хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына қарастыруға жіберілгендігін хабарлаймыз

Сырт 28.11.2018 Мира

Здравствуйте! Хотела с вами поделиться с проблемой городского транспорта в м-ны Алгабас-6, Саялы, Алматы арена, особенно в час пик: утром когда ехать на работу, вечером после работы. Невозможно сесть в автобусы, особенно детям после школы вечером. Можно ли хотябы в час пик добавть автобусы или организовать дополнительные маршруты. Спасибо за ранее.

Жауап

Аппарат акима Алатауского района города Алматы, рассмотрев Ваше письмо поступившее на Веб-сайт акима района сообщает следующее: Согласно п.6, ст.7 Закона РК "О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц" Ваше письмо было направлено в Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Алматы для рассмотрения и принятия соответствующих мер.

Сырт 25.11.2018 Роза

Сәлеметсіз бе. Трудовик ы/а Шаймерденов С және Көлсай көшесі қашан мемлекеттік жарық (электр энергиясы) көзіне өтеді екен? Алдында осы хатты жолдағанмын. Мардымды жауап ала алмадым. Нақты қай уақытта өтеді немесе жарық неге мемлекеттің қарамағына не себепті өтпей тұр?

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты Сіздің 2018 жылғы 26 қарашада интернет-ресурс арқылы келіп түскен №Р-562 хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы және «АЖК» АҚ жіберілгендігін хабарлаймыз.

Саясат 16.11.2018 Алма

Құрметті әкім мырза! Алатау тұрғындары атынан өтініш №118 бағытында жүретін автобустар саны көбейтілуін ізгі ниетпен сұраймыз. жауабын тағатсыздана күтеміз.

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Веб-сайт арқылы Сізден келіп түскен хатқа келесіні хабарлайды: ҚР "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Сіздің хатыңыз Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарастырылуға жіберілді.

ТКШ 15.11.2018 Асыл

Біз, Құрылысшы ы\а, Ботақара көше (сай) тұрғындары СІЗДЕН өтінеріміз, біздің тұрып жатқан Ботақара көшесінің электрөткізгіш желілерінің күйі алаңдатуда. Желілер ілінген бағаналар (опоралар) өте ескі, құлау алдында шақ тұр. Оның барлығын тұрғындар өздері қолдан орнатқан. Сонымен қоса тоқ кернеулері жеткіліксіз, кешкі мезгілде ерекше: үйдегі электр жарықтары, тоңазытқыштар, теледидарлар жиі жанып кетуде. 2010 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін осы шаралар мемлекеттің бюджетіне өтеді деп уаде бергеннен күтудеміз. Электр есептегіш құрылғыларын электронды жаңа үлгісіне ауыстыру мақсаты да тұрғындардың есебінен жүзеге асуда. Қарапайым тұрғындардың қалтасына ауыр тиюде. Қасымыздағы (жоғарғы жақтың тұрғындарында, біз сайда орналасқанбыз) бұл мәселелер шешімін тапқанына екі (шамамен) жыл болды. Осы мәселенің әділ шешімін табатыныңызға үміт артамыз!

Жауап

ответ: Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2018 жылғы 21 қарашада интернет-ресурс арқылы келіп түскен №А-542 хатыңызды қарастырып, жарық мәселесі бойынша "АЖК" АҚ хабарласуыңыз қажет екенін жеткізді. исп: М.Зейнолдин тел: 299-86-36

Сырт 14.11.2018 Жанар

Салеметсиздерме осы ауданда жекеменшик балабакшалар неге оз еңбек ақымызды уакытылы бермеиди. Дархан ыкшам ауданындагы Нурраян бақшасы балалар толык емес сонда да ашылып адамдарды зорлап кинап жумыс жасатып отыр. Балабақша жагдайларын бакылайтын адам бармекен не жогары астана каласына шыгуымыз керек па? Жеке бакшалар казирги танда оз билгендерин жасап отыр. Халыктын наразылыгын тудырып неге олай жасайды сол бакшаларды тексеруди кушеитсениздер екен?

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, «Дархан» ықшамауданындағы «Нұр-Раян-1» балабақшасына қатысты сұрағыңызды қарастырып, келесіні хабарлайды. «Нұр-Раян-1» жекеменшік балабақшасы 2017 жылдың 4 қыркүйегінде ашылған болатын. Мекеменің санитарлық – эпидемиологиялық қорытындысына сәйкес, 40 орынға арналған балабақшаға аудандық білім бөлімі тарапынан 40 баланың тәрбиеленуіне жолдама берілген. Жекеменшік балабақшаларды тексеруге өкілетті органға, яғни Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы мен Алматы қаласы Білім басқармасына өтініш білдіруіңізге болады. Сондай-ақ, аталған жауаппен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, Сізге сот тәртібімен шағымдануыңызға болады.

ТКШ 12.11.2018 Еркебулан

Сәлеметсіз бе әкім мырза! Мен сіздерге Ақбұлақ ықш ауданы К.Аханов көшесі тұрғындары атынан жазып отырмын. Біздің көшеміз Алматы аренаға қарама -қарсы бетте орналасқан. Аханов деген көшеден 3 көше бар, жедел жәрдем, жеткізу қызметі көліктері адасып жүреді,екіншіден біздің көшеде 10 жылдан асты ауыз су құбыры жоқ, әр үй скважинамен отыр. Және көшемізде асфальт жоқ, биыл құбыр салып бастаған аяғына жеткізбей тастап кетті, көшеде төселетін құм тас тау боп үйіліп жатыр. Машиналар өткенде кедергі келтіреді. Осы Акиматта істейтін Бектас деген жігіт біледі көшенің жағдайын, өзі осы көшенің тұрғыны, жауап болмаса телевидение шақырамыз. Астанаға жібереміз суреттерді Алматы арена маңайының сиқы осы деп

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2018 жылғы 12 қарашада интернет-ресурс арқылы келіп түскен №Е-535 хатыңызды қарастырып, су құбыры мен асфальт мәселесі бойынша Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына хабарласуыңыз қажет екендігін жеткізеді. Байланыс ақпараты: Республика алаңы, 4. 271-65-50.

Сырт 10.11.2018 Әсем

Құрметтті Шахмерден Сыртпайұлы! Мен Алғабас ауылының тұрғынымын. 2017 жылдың 30 желтоқсанында жолдасым ауыр жағдайда инсульт алып, ауруханаға түсті. Басына 4 рет ота жасалып,3 ай ауруханада жатып, ауыр жағдайда дәрігерлер үйге шығарды. Жолдасыма І топ мүгедектік берілді (70 мың теңге). Алайда өзіме ешқандай күтуші ретінде ақша төленбеді, кәмелеттік жасқа толмаған екі балам мен зейнеткер анамыз бар. Жолдасымның мүгедектікке төленетін ақшасы дәрі-дәрмекке әрең жетеді. Өзім амалсыз ақысыз демалыстамын, жолдасыма өзім қарап жатырмын. Мүгедектерге арналған Қол арбаны да ала алмай отырмын. Жолдасым жүре алмайды. Ауруханаға, тіпті серуенге де алып шыға алмай отырған жайым бар. Сізден үлкен өтінішім, маған күтуші ретінде төленетін ақшаның мәселесін шешіп берсеңіз.. Бүгінгі күнде апамыздың 54 мың зейнетақысына қарап отырған жайым бар.

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты Сіздің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 3649 өтінішіңізді қарастырып, келесіні хабарлайды. 2018 жылдың 14 қарашада Алатау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан, Сізге ұялы телефон арқылы күтуші ретінде төленетін ақша мәселесі туралы түсініктеме берілді. Атап айтқанда, Сіздің жолдасыңызға Абиров Едилваис Абдиваисовичке №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің 2018 жылғы 11 шілдедегі №2181564-710 мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес, гигиеналық заттар мен простыня берілді, қалған кресло-коляска және кресло-стул Алатау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келіп түскенде, міндетті түрде беріледі. Сонымен қатар, мүгедек жолдасыңызға жеке көмекші-күтуші ретінде болу үшін, Сіз 4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне хабарласуыңыз қажет . Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) не өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге шағым жасауға құқығыңыз бар екенін жеткіземін.

Саясат 01.11.2018 Гульнур

Курметти Шахмерден Сыртбайулы! Мен Саялы ауданынын тургынымын.Осындатурып жатканымызга еки жыл болды. Биздин аулада балаларга арналган жалгыз аткеншектен баска ешнарсе жок. Онын ози сынык. Кишкентай балапандар ойнау ушин жолдан отуге тура келеди.КСК га бирнеше марте айтып едик, болады,жасаймыз деп кургак уаде береди да кояды.Осы маселени шешип берсениз екен деймиз!Алдын ала сизге рахмет!

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2018 жылғы 7 қарашада интернет-ресурс арқылы келіп түскен №Г-520 хатыңызды қарастырып, балар ойын алаңы мәселесі бойынша Алматы қаласы Құрылыс басқармасына хабарласуыңыз қажет екендігін жеткізеді. Байланыс ақпараты: Республика алаңы, 4. тел: 272-40-02.

ТКШ 27.10.2018 Мадина

Добрый день микроайон Акбулак Алатауского р-на, на данный момент идет реконструкция улиц нашего микрорайона от улицы Мамышулы,дело в том что со стороны нашего микрорайона есть проезд на улицу Мамышулы, его в связи с реконструкцией хотят закрыть что является большим нарушением так как в связи с тем что его закроют у нас выезд на дорогу будет осуществляться только со стороны Рыскулова , певое это крайне не удобно, второе проезд для машин скорой помощи либо пожарных машин будет осуществляться в нашем районе со стороны Рыскулова а это три квартала практически это очень неудобно,просим вас рассмотреть наше обращение так как реконструция идет полным ходом в кратчайшие сроки и заезд для нашего микрорайона со стороны Мамышулы считаеться как пожарным и очень нужен, в случае его перекрытия это станет просто катастрофой

Жауап

Аппарат акима Алатауского района города Алматы, рассмотрев Ваше обращение, поступившее через интернет-ресурс за №М-513 от 1 ноября 2018 года, сообщает что для решения данного вопроса Вам необходимо обратится в Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Алматы. Контактные данные: пр. Республики, 4, тел.:271-65-47.

ЖКХ 24.10.2018 Абылкаир

Добрый день, прошу разъяснить ситуацию: я уже несколько раз обращался по поводу асфальтирования ул. Комсомольская в мкрн Ожет. Первое обращение было около 2-3 лет назад. Был получен ответ, что асфальтирование будет после выполнения инженерных работ. В 2018 году были осуществлены работы по прокладке канализационных труб по нашей улице. На сегодняшний день работы закончены. Вопрос: асфальт по ул. Комсомольская в мкрн Ожет будет? Если да - когда?

Жауап

Аппарат акима Алатауского района города Алматы, рассмотрев Ваше обращение, поступившее через интернет-ресурс за №А-502 от 25 октября 2018 года, сообщает что для решения данного вопроса Вам необходимо обратится в Управление Энергетики и коммунального хозяйства города Алматы и в Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Алматы. Контактные данные: пр. Республики, 4 Тел.: УЭиКХ 271-65-46 УПТиАД 271-65-47

ТКШ 23.10.2018 Қалижан

Әйгерім 2 ықшам ауданындағы Ынтымақ, еркіндік, алмерек абыз көшелерін қазып тастаған, сол көшелерге қашан асфальт төселеді

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2018 жылғы 25 қазанда интернет-ресурс арқылы келіп түскен №Қ-501 хатыңызды қарастырып, асфальт мәселесі бойынша Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына хабарласуыңыз қажет екендігін жеткізеді. Байланыс ақпараты: Республика алаңы, 4. 271-65-46

ТКШ 18.10.2018 Гаухар

Салеметсизбе!Улжан-1 ыкшам ауданы бойынша казирги кезде казан айынан бастап кокыс шыгарумен кайдай мекеме занды турде айналысады? 2018 жылдын казан айына дейин ИП Сапаровка толеп келдик. Енди казан айына Алсекодан ТОО" Алма-Ата горкомхоз" -га берешек корсетип тур 2212 тг адам басына 553,04 тг. Сонда мекемедер тургындармен кандайда бир келисим шарт жасамайды ма? Егерде кокыс шыгаратын мекеме ауыскан жагдайда, не себепти тургындарды хабардар етпейди.Сосын адам басына 553 тг коп теп есептеймин!!! Не себепти осы Улжан ыкшам ауданында кокыс шыгаратын мекекелер жии ауысып турады? Жауаптарынызды асыга кутемин!!!

Жауап

Алатау ауданы әкімінің аппаратына 2018 жылдың 23 қазанда келіп түскен № Г-490 хатыңызға байланысты, келесіні хабаралаймын: Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 7 тамыздағы №3/378 қаулысына сәйкес, 2018 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласының аумағынан коммуналдық тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару бойынша тендер өткізген болатын. Аталған тендердің шарттары мен нәтижесі бойынша қоқыс шығаратын ұйымдар анықталып, учаскілерге нақты бекітілген. 2018 жылдың 10 қазанынан бастап «Алама-Ата горкомхоз» ЖШС №4 учаскенің бас мердігері болып танылған. Алматы қаласының аумағынан коммуналдық тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау құны, Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйегінде VI шақырылған XXI сессиясының № 146 шешіміне сәйкес, 2018 жылдың 1 қазанынан бастап адам басына 553,04 теңге болып бекітілген. Басқа да туындаған мәселелер бойынша «Алама-Ата горкомхоз» ЖШС мердігер мекемесіне хабарласу (моб.: 87078707121 Саян) керектігін жеткіземін. Алған жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, Сіз Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес арыздануыңызға болады. Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, утилизацию, переработку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Алматы Решение ХХI сессии маслихата города Алматы VI созыва от 15 сентября 2017 года № 146. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 22 сентября 2017 года № 1405. Сноска. Действие решения приостановлено до 01.09.2018 - решением маслихата города Алматы от 17.07.2018 № 244 (вводится в действие с 01.07.2018). Действие решения возобновлено с 01.09.2018 - решением маслихата города Алматы от 17.07.2018 № 244. В соответствии с подпунктом 2) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан, маслихат города Алматы VI-го созыва РЕШИЛ: 1. Утвердить тарифы на сбор, вывоз, утилизацию, переработку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Алматы, согласно приложению к настоящему решению. 2. Аппарату маслихата города Алматы обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции с последующим опубликованием в официальных периодических печатных изданиях, а также в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и на официальном интернет-ресурсе. 3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии по развитию предпринимательства и коммунального хозяйства маслихата города Алматы К. Авершина и заместителя акима города Алматы С. Макежанова (по согласованию). 4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие с 1 июля 2018 года и подлежит официальному опубликованию. Председатель XXI-й сессии маслихата г. Алматы VI-созыва М. Абдуллаев Секретарь маслихата г. Алматы VI-созыва К. Казанбаев Приложение к решению XXI-й сессии маслихата г. Алматы VI-го созыва от 15 сентября 2017 года № 146 Тарифы на сбор, вывоз, утилизацию, переработку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Алматы № Наименование Расчетная единица Цена, в тенге (с НДС) 1. Тариф на сбор, вывоз, утилизацию, переработку и захоронение твердых бытовых отходов: 1.1 Физические лица благоустроенного и неблагоустроенного домовладения 1 житель в месяц 553,04 1.2. Юридические лица и субъекты частного предпринимательства 1 кубический метр 2288,46 2. Тариф на переработку и захоронение твердых бытовых отходов для юридических лиц и субъектов частного предпринимательства 1 тонна 5600 Примечание: НДС – налог на добавленную стоимость.

Сырт 17.10.2018 Арайлым

Сәлеметсіз бе, Заря восток районында Тайқоңыр тағы басқа көшелерде арықтан канализация суы ағады, асxаналар тамақ төгеді, көп үйлердің асxана квартиралар канализацияға қосылмаған арыққа төгеді. Көше сасып кеткен. Арықтардың ішінде крысалар бар.Өтініш осы районды бақыласаңыздар.

Жауап

Алматы қаласы әкімінің, интернет ресурсына 2018 жылдың 23 қазанында келіп түскен № А-493 хатыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймын: Алатау ауданы әкімінің аппараты, қоршаған орта және экологияны қорғау бөлімі мамандарымен, табиғатты қорғау полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, Заря-Восток ықшамауданы, Тайқоңыр көшесі, 27 үй, мекен – жайы бойынша орынға шығу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Алматы қаласының аумағын көріктендіру ережесін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік кодексінің 505 бабы бойынша аз. Ұ. Утегеновке (хаттама номері №1494123) әкімшілік хаттама толтырылғандығын хабарлаймыз. Алған жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, Сіз Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғылардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес арыздануыңызға болады.

Сырт 16.10.2018 Қалижан

Әйгерім ықшам ауданындағы өткен жылы қараша айында басталған су және кәріз жүйесінің жұмыстары қашан бітеді.ЫНТЫМАҚ және ЕРКІНДІК, ӘЛМЕРЕК АБЫЗ көшелерінің қазылған жерлері қашан жөнделеді Ынтымақ көшесінің қоқыстарын уақтылы алмайды, оған кім жауап береді

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2018 жылғы 11 қазанда интернет-ресурс арқылы келіп түскен №Қ-495 хатыңызды қарастырып, асфальт мәселесі бойынша Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына хабарласуыңыз қажет екендігін жеткізеді. Байланыс ақпараты: Республика алаңы, 4. 271-65-46

Саясат 11.10.2018 Алуа

Сәлеметсізбе әкім мырза! Алатау ауданының Көк қайнар ықшам ауданындағы Бесағаш көшесінде жаздан бері су, кәріс құбырлары тартылып жатыр еді. Оның бәрін қалай болса солай жасалып жатқанына шыдамдылықпен қарап отырдық! Енді көшемізге асфальт төсейміз деп құм тасын әбден төгіп біткен соң, үйлерге судың құбырларын жіберуді ұмытып кетіппіз деп қайта қопарып тастап кетті. Біз үйімізге көлігімізбен кіре алмай қалдық. Оны жасап жатқан ешкім жоқ! Көршілер ұйымдасып,телеканалдарды шақырамай тұрып алдымен сізге жазып көрейік деп шештік! Осы сұрақты жауапсыз қалдырмаса екен дейміз!

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2018 жылғы 11 қазанда интернет-ресурс арқылы келіп түскен №A-482 хатыңызды қарастырып, асфальт мәселесі бойынша Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына хабарласуыңыз қажет екендігін жеткізеді. Байланыс ақпараты: Республика алаңы, 4. 271-65-46

Экономика 27.09.2018 Тамара

Шаңырақ-1 шағынауданы Жаңаталап көшесі /Қайнар көшесі жалғасы/ ешқашан жол жөндеу жұмысы жүрілген жоқ. Бұл көше шаң топырақ, батпақ күл-қоқыс одан басқа жанындағы құрылыс машиналарының топырақ төгетин жері. Ыстық су шығатын жерге бірнеше жыл болды 9 қабаттық ғимарат тұрғызылуда. Сол құрылыс машиналары одан бетер жолды ойқы-шойқығып бітірді. Айтайын дегенім мектеп табалдырығында осы көшеде кем дегенде 30 баладай оқиды. Әр семьяда 5-6 баладан олар жүретін жол жоқ. Сондықтан ол балалар сайдың жиегімен бір аяқ жолмен мектепке баруға тәуіеді. Басқа жүретін жол жоқ. Ал машина жолдың түрі де осы. Машина 1-2 айдан кейін салдыр -салақ күйге түседі№ Демек осында тұрып жатқан адам баласына ешқандай Акімдіктің шаруасы жоқ. Ертеңгі күні жаңбыр жауып топырақтан бала аяғы тайып кетсе олар құздан құлайды. Демек Әкімдіктің бала өміріне қауып төніп тұрғанынан бейхабар. Бұл хатты бірнеше жыл бойы Сіздин әкімдікке жазып келеміз. Бірақ ешқандай жауап та, іс те жоқ.

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2018 жылғы 28 қыркүйекте интернет-ресурс арқылы келіп түскен №Т-458 хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарастыруға жіберілгендігін хабарлаймыз.

Саясат 26.09.2018 Балзия

Ә.Мәмбетов көшесінде су құбыры мен канализация өткізу үшін бірнеше рет жол қазылып жол астан кестені шыгып тұр.Жалғыз осы көшені асфальт салу үшін жоспарға енгізілмеген дейді. Сұрақ су құбыры мен канализация жоспарға кіргенде қазылған жерді орнына келтіру жоспарға неге кірмейді? Ол кімнің кінәсі келесі 10 жыл бойы неге балшықты белуарға дейін басып журуіміз керек?

Жауап

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Сіздің 2018 жылғы 28 қыркүйекте интернет-ресурс арқылы келіп түскен №Б-465 хатыңызды қарастырып, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес, Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы және Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарастыруға жіберілгендігін хабарлаймыз.

Страницы: Пред. 1 ... 3 4 5 6 7 ... 23 След. Все