АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
2019 жылдың15 қыркүйегі мен 10 желтоқсаны аралығында «Участок» атты Республикалық жедел профилактикалық іс-шара өтуде.

20.09.2019
2019 жылдың15 қыркүйегі мен 10 желтоқсаны аралығында «Участок» атты Республикалық жедел профилактикалық іс-шара өтуде.


19.09.2019
"Танысу " тренингтері жүргізілді.


19.09.2019
Ағымдағы жылдың тамыз айының басында Алатау ауданының «Бақыт отбасы» орталығы өз есігін айқара ашты.

Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Тұрғын үй көмегін тағайындау


   Алматы қаласында тұрақты тұратын және тіркелген аз қамтылған азаматтарға Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 шешімімен бекітілген Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесіне сәйкес тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды, ағымдағы тұрғын үй коммуналдық қызметтерді, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын негізінде тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

    Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның филиалы- Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;

3) өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай анықтамасы;

4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;

5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың көшірмесі;

6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттың көшірмесі;

7) телекоммуникация қызметтеріне арналған түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың көшірмесі;