АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алатау ауданы аумағында  жалпықалалық сенбілік өтті

21.04.2018

Алатау ауданы аумағында жалпықалалық сенбілік өтті



20.04.2018

Л.Б.Гончаров атындағы КазАДИ – де «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті



20.04.2018

Алатау ауданында «Қазақстан Барысының» іріктеу турнирі өтті



Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2017 жылы атқарған жұмыстарының ЕСЕБІ


Мәдениет

14-28 ақпан аралығында ауданның барлық мектептерінде көркемөнерпаздардың байқауы өткізіліп, 14 наурыз №1 Оқушылар үйінде көркемөнерпаздар байқауының қорытынды концертінде №182, №152, №156 ЖББ мектеп өнерпаздары жүлделі орындарды иеленді.

28 ақпан күні №82 ЖББ мектепте «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты                 1 наурыз «Алғыс айту» күніне арналған мәдени іс-шара өткізілді. Іс-шарада өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылды.

7 наурыз күні №180 ЖББ мектептеХалықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді. ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, көп балалы аналар, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен тұрғындардың қатысуымен атап өтілді. Іс-шара барысында қажырлы еңбегімен ауданның дамуына үлес қосып жүрген аналар марапатталып, көп балалы аналар алтын алқа, күміс алқалармен марапатталды. Мерекеге орай «Ұшар» би тобы, О.Татамиров,     Т. Әшімбекова, А. Тарғын және басқада өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды..  

22 наурыз күні Атлетикалық ауылда «Наурыз» мерекесі кең көлемде аталып өткізілді. Сонымен қатар, қазақ үйлер тігіліп, өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама жасалып, көрмелер ұйымдастырылды. Ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өткізілді, мекемелердің қатысуымен тұрғындарға тегін көже, бауырсақ таратылды.

27 наурыз күніАлатау ауданыбойынша әскер қатарына шығарып салу рәсімі өткізілді. №1 оқушылар үйінің көркемөнерпаздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Әскер қатарына алынатын болашақ сарбаздарға аудан әкімінің сыйлықтары табыс етілді.

18 сәуір күні Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнінің аясында Трудовик ықшамауданында орналасқан Боралдай Сақ қорғанында аудан тұрғындары, Нұр Отан партиясының, Жас Отан және аудан әкімі аппарат қызметкерлерімен бірлесе ағаш отырғызылып, тазалау жұмыстары жүргізілді.

26 сәуір күні Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығы қарсаңында Ұлттық «Ұлан» ән-би ансамбілінің гала концертіне аудандағы қоғам қайраткерлері, ақсақалдар және ауыл тұрғындары қатысты.

1 мамыр күні «Халық» спорт кешенінде Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай салтанатты іс-шаралар өткізілді. Этно-мәдени орталықтарының және өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мекемелер арасында шағын футбол, волейболдан және бұқаралық жаппай жүгіруден (кросс) жарыстар өткізілді.

6 мамыр ҚР Отан қорғаушылар күніне орай, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай №7552 әскери бөлімшесінде №1 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

7 мамыр күні Ұлы Жеңіске 72 жыл толуына орай Әкімшілік алдындағы алаңда ҰОС ардагерлерінің және тыл еңбеккерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өткізілді. Мемориалға гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылып, әскери шеру, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. «Грант Алатау» мейрамханасында ардагерлерге мерекелік салтанатты кеш ұйымдастырылып, ардагерлерге арнайы сыйлықтар таратылды.  

31 мамыр күні Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қанды сай» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіліп аудандық ақсақалдар алқасының төраағасы Қ.Қабдолдин сөз сөйледі.

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудан әкімшілігі алдындағы алаңда аудан көлемінде мүмкіндігі шектелуі, көп балалы отбасы және де аз қамтамасыз етілген отбасылардың қатысуымен мерекелік іс-шаралар өткізілді. Мерекелік іс-шараға аудандық №1 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама көрсетілді.

Сонымен қатар тегін атракциондар ұйымдастырылып, сусындар мен балмұздақтар таратылды.

2 маусым күні 4 - маусым ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қабылдануына 25 толуына арналған аудандық салтанатты жиын №182 ЖЖБ мектепте өтті.      №1 Оқушылар үйінің және №182 ЖББ мектеп өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Маусым айы бойы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған мектеп кітапханаларында тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды.

16 маусымда «Медицина қызметкерлері» күніне байланысты №25 қалалық емханада арнайы медицина қызметкерлеріне арнап концерттік бағдарлама өткізілді. Аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтарымен марапаттады.

20 маусым күні «Мемлекеттік қызметкерлер күні» мерекесіне орай Алатау әкімшілігі аппаратының мәжіліс залында салтанатты жиын өткізілді. Аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, қызметкерлерді дипломдармен марапаттады.

24-25 маусым күні Алатау ауданында орналасқан «Боралдай сақ қорғандары» археология ескерткішінің аумағында қала әкімі Б.Байбектің қатысуымен Халықаралық «Ұлы дала рухы» көшпенділер өркениеті фестивалі өткізілді. Шараға Түркия, Әзірбайжан, Башқұртстан, Қырғызстан, Мажарстан, Өзбекстан, Болгар, Бурат секілді 10-нан аса мемлекеттің өкілдері қатысты.

3 шілде күні Алатау ауданына 9 жыл толуына орай №169 қазақ             мектеп-лицейінде мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шарада №1 оқушылар үйі және өнер қайраткерлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

5 шілде күні «Астана күніне» арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада Сүлеймен Ибрагимов, Айжан Нұрмағанбетова секілді өнер қайраткерлері және «Ла Фиеста» би тобы өнер көресетті.

29 тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты мерекелік іс– шара өткізілді. Мерекелік іс-шараға «Салтанат» би ансамблі, Күләш Байсейітова атындағы халық аспаптар оркестірі, Тахмина Әшімбекова, Еркін Құдайберген, Бақыт Шадаева және №1 оқушылар үйінің жас өнерпаздары өнер көрсетті.

16 жасқа толған азаматтарға жеке куәлік табыс етілді.

16 қыркүйек күні «Халық» спорт кешенінде «Қала күніне» арналған мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік іс-шараға Айжан Нұрмағанбетова, «Суникеш» тобы, Бақытгүл Исмаил, «Ла Фиеста» би тобы және №1 оқушылар үйінің жас таланттары өнер көрсетті.

29 қыркүйек күні «Ұстаздар күні» мерекесіне орай аудан акімшілігінің залында Сұлушаш Нұрмағамбетова, Тұңғышбек Мусаиф секілді өнер қайраткерлерінің және №1 оқушылар үйінің өнерпаздарының қатысуымен концерт өткізілді.

22 қазан күні Алатау аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып әскер қатарына шығарып салу мерекесі өткізілді. Аталған           іс-шарада №1 Оқушылар үйінің өнерпаздарымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып және аудан әкімінің сыйлықтары табысталды.

30 қазан күні Ақсақалдар алқасының ұйымдастыруымен «Қарттар айлығы» аясында №149 ЖББ мектепте көркемөнерпаздар байқауы өткізіліп, 18 елді мекен қатысып 1 орынды «Әйгерім-1» ықшамауданы, II орынды «Құрылысшы» ықшамауданы, III орынды «Парасат» бастауыш ұйымы иеленді.

19 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрмесіне тамашалау үшін Алатау ауданынан 1 145 адам қатыстырылды.

30 қараша күні 1-желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты мереке өткізілді. Меркелік іс-шарада «Жорға би тобы», Б. Шадаева, И. Елемес, Т. Мусаиф және №1 Оқушылар үйінің өнерпаздары қатысты.

13 желтоқсан күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мереке өткізілді. Мерекелік іс-шарада Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, «Алаш ұлы» және «Серілер» топтары, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әншілері және ҚР халық әртісі С. Тыныштығұлованың қатысуымен мерекелік концерт өтті.

Тілдерді дамыту.

28 наурыз күні Қазақстан Республикасының «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес Аламаты қаласы Тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеу шараларын өткізді. Тестілеу нәтижесі бойынша қазақ тілі курсының үш деңгейлі оқыту топтары жасақталады.

Қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылған. Кесте бойынша қызметкерлер қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстарына қатысады. Ай сайын Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасына аудан әкімдігі аппаратының кіріс, шығыс және бастамашыл хаттарының жазылуы туралы есеп беріліп, сараптама жасалынып отырады.

21 сәуір күні 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша    1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Тіл татулық тірегі» қалалық байқауы өткізілді. Аталған іс-шараға Ұйғыр этно- мәдени орталығы және Ким Ангелина қатысып бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

4 мамыр күні «Пушкин және Шевченко оқулары» қалалық байқауына Алатау ауданы атынан Н.Нурғалиева, Ч.Байхан, А.Жолдыханова, Ж.Омарбековалар қатысып алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

12 мамыр күні2017жылға арналған іс-шаралар жоспары бойынша үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» қалалық байқауы өткізілді. Байқауға А.Назарбекова, Н.Рамадин, А.Арынтаева, А.Балтабайлар қатысты.

14 маусым күні Қазақстан Республикасының «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында қазақ тілінде оқитын жастар арасында «Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің аудандық іріктеу байқауы өтті. Байқауға 15 өнерпаз қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 1, 2, 3 орынға ие болған қатысушылар тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталды.

30 маусым күніҚазақстан Республикасының «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында және Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты қалалық байқауы өткізіліп, Алатау ауданы қала бойынша II орынды иеленіп, бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

6 қыркүйек күні «Көркемсөз оқу шеберлері» атты қалалық байқауға қатысуға тілек білдіргендер арасында іріктеу жұмыстары өткізілді. 12 қыркүйек күні ережеге сәйкес қалалық байқауға Алатау ауданынан 3 үміткер қатысып, Алатау ауданы әкімшілігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жанар Алчынқызы Накова I орынды иеленді. Жеңімпаз Республикалық байқауға жолдама алды.

13 қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Жетісу әкімдігінің мәжіліс залында «Тілдарын» қалалық байқауына Алатау ауданынан 3 үміткер қатыстырылды.

20 қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Текті сөздің төресі - терме» қалалық байқауы өткізілді. Байқауға Алатау ауданынан 3 үміткер қатысып, Нұрбек Жұмахметұлы Жүзбембетов ынталандыру сыйлығына ие болды.

10 қараша күні «Абай оқулары» қалалық байқауы өткізіліп, аудан атынан              3 үміткер қатысып, Алиева Турсуной I орынды иеленіп бағалы сыйлықпен және дипломмен марапатталды.

17 қараша күні №174 мектеп-гимназиясында қалалық «Тіл-парасат» байқауы өткізіліп, Ким Вера Дмитриевна I орынды иеленіп, бағалы сыйлықпен және дипломмен марапатталды.

29 қараша күні №156 ЖББ мектепте «Тіл мерейі» қалалық байқауы өткізіліп, Қасайынова Алтын Серикқызы қатысты

8 желтоқсан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Жетісу әкімдігінің мәжіліс залында «Ана тілім-ән жырым» қалалық байқауына Алатау ауданынан 3 үміткер қатыстырылып, аудан намысын қорғаған екі азамат, терме орындаудан Алтыбаев Қуаныш, көркем сөз оқудан Тұрарбеков Әділет 1орынды иеленді.

Спорт.

13-15 қаңтар күндері Алатау ауданы әкімінің жүлдесі үшін №26 ЖББ мектепте Алматы қаласы және Алматы облысының палуандары арасында          грек- рим күресінен жарыс өткізілді. Жалпы командалық есеп бойынша Алматы қаласы I орынды иеленіп, бағалы сыйлық және дипломдармен марапатталды. Жарысқа 400 жасөспірім қатысты.

21-24 қаңтар аралығында 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада қарсаңында Н.Назарбаев атындағы 11-ші Евразия кубогы үшін Керлингтен өткізілген жарысқа 650 аудан тұрғындары қатыстырылды.

28 қаңтар күні №156 ЖББ мектебінде оқушылар арасында үстел теннисінен аудандық жарыс өткізілді. Соның ішінде ұлдар арасында бірінші орынға ие болған № 169 қазақ мектеп-лицейі, екінші орын № 182 ЖББМ, үшінші орын №185 ЖББМ, ал қыздар арасында бірінші орынға №156 ЖББМ, екінші орынға №182 ЖББМ, үшінші орынға ие болған №178 лицейі. Жалпы жарысқа қатысқан оқушылардын саны 80 адам.

29 қаңтар күні 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың эстафеталық алауының бағыты бойынша өткізілген іс-шараға 1162 аудан тұрғындары қатыстырылды.

7 ақпан күні Универсиада қарсаңында №152 мектеп-гимназиясында «Таэквондодан» жасөспірімдер арасында жарыс өткізілді. Қатысқан оқушылардың саны 300.

14 ақпан күні Алатау ауданында №26 ЖББ мектебінде «Гандболдан» оқушылар арасында жарыс өткізілді. Соның ішінде ұлдар арасында бірінші орынға ие болған № 178 лицей, екінші орын № 152 ЖББМ, үшінші орын №26 ЖББ мектеп, ал қыздар арасында бірінші орынға №152 ЖББМ, екінші орынға №180 ЖББМ, үшінші орынға ие болған №178 лицей. Жалпы жарысқа қатысқан оқушылардын саны 300.

28 ақпан күні №182 қазақ ЖББ-мектебінде ұлдар мен қыздар арасында «Волейбол» спортынан жарыс өткізілді. Соның ішінде ұлдар арасында бірінші орынға ие болған № 154 ЖББМ, екінші орын №152 мектеп- гимназиясы, үшінші орын №180 ЖББМ, ал қыздар арасында бірінші орынға №182 ЖББМ, екінші орынға №152 мектеп-гимназиясы, үшінші орынға ие болған №156 ЖББМ. Жалпы жарысқа қатысқан оқушылардын саны 380.

11 наурыз күні ҚазақстанРеспубликасыТұңғышПрезидентінің–Елбасыныңқысқыспорттүрлерінен ауданның барлық мектептерінде тестілерді тапсырусынағы өткзілді. Жалпы аудан бойынша 12746 мектеп оқушыларымен аудан тұрғындары қатыстырылды.

18 наурыз күні «Наурызмерекесі» қарсаңында №180 ЖББ мекткепте ұстаздар арасында волейбол және шағын футболдан турнир өткізіліп, №181 ЖББМ, №178 ЖББМ, №149 ЖББ мектеп ұстаздары жеңіске жетіп дипломдармен марапатталды. Жалпы жарысқа қатысқан ұстаздардын саны 350.

1-2 сәуір күні Алматы Арена кешенінде жүзуден қалалық түрнир өткізілді. Жарысқа 400 жасөспірім қатыстырылды.

8-9-11-28-30 сәуір күндері Алматы Арена кешенінде футзалдан Еуропа чемпионаты өткізілді. Жалпы 450 көрермен қатысты.

23 сәуір күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» аудандық жарыс өткізілді. Сайыс Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы, Алматы қалалық маслихат депутаты Қасанов Зиядин Исмиханұлының демеушілігімен, «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті.

Жарысқа 80 келіден жоғары 16 балуан қатысып, жарыстың қорытындысы бойынша Насиев Елдар Кадырбекович -1 орын, Саткынов Алмас Мухтарович -2 орын, Жұмахметов Әлімжан Арманұлы -3 орынды иеленіп, бағалы сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталды.Жарысқа 150 аудан тұрғындары қатыстырылды.

21 сәуір күні Мусрята Еликбакиева атынан шахмат пен тоғызқұмылақ ойындардың ашулуына байланысты   Алматы Арена кешенінде жарыс өткізілді. Ашылуына 800 жасөспірім қатысты.

1 мамыр күні Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай мемлекеттік қызметкерлер арасында шағын футболдан, волейболдан және ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өткізілді. Жарысқа 12 команда қатысып, 1 орынды- Білім басқармасы, 2 орынды- Алматы қаласының Шаңырақ ш/а олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп–интернат-колледжі, Шаңырақ ОРРММИК РММ, 3 орынды- аудандық Прокуратура иеленіп, аудан әкімінің кубогымен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар, барлық мекемелердің қатысуымен жаппай жүгіруден (кросс) өткзілді. Жарысқа 500 мекемелер мен аудан тұрғындары қатыстырылды.

7 -9 мамыр күндері Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай ұлттық ойындардан жарыстар өткізілді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Жалпы 1120 аудан тұрғындары қатыстырылды.

20-23 мамыр күні Алатау ауданы бойынша мектептер арасында Қазақстан Республикасының Президенттік тестілердің жазғы спорт түрлерінен сынақ өткізілді.Жалпы аудан бойынша 12 746 мектеп оқушыларымен аудан тұрғындары қатыстырылды.

25 мамыр күні №152 ЖББ мектепте мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жарыс нәтижесінде 1 орынды №41 ЖББМ, 2 орынды №180 ЖББМ, 3 орынды №152 ЖББМ иеленді.Жалпы жарысқа 150 мұғалім қатысты.

1 маусым күні Қалада өткен Президенттік тесттілерді қабылдау жарысына аудан тарапынан 18 тұрғын қатысты.

1 маусым күніХалықаралық балаларды қорғау күніне орай «Халық» спорт кешенінде 7-8 сынып оқушылары арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жеңімпаздар аудан әкімінің дипломдарымен марапатталды.

2 маусым ҚР «Рәміздер күнін» мерекелеу қарсаңында шахматтан аудандық жарыс өткізілді. Іс-шара ұлттық спортты насихаттау және мәртебесін жоғарлату, мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді. Жарыс жеңімпаздары қалалық жарысқа жолдама алды.

3-6 шілде күндері аралығында «Астана күні» мерекесі қарсаңында жәнеАлатау ауданына   9 жыл толуына орай Алатау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен    №169 қазақ мектеп-лицейінде Ұлттық ойындардан жарыс өткізілді. Жарыс жеңімпаздары аудан әкімінің дипломымен және сыйлықтармен марапатталды.

(Қатысқан адам саны 100)

19 тамыз күні Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты және Денсаулық сақтау мекемелерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «Конституция күні» мерекесіне орай «Халық» спорт кешенінде аудан әкімінің кубогы үшін шағын футболдан мемлекеттік қызметкерлер мен мекемелер арасында турнир өткізілді. Турнирге 8 команда қатысты.

Турнирде I орынды Алатау аудандық Ішкі істер басқармасы, II орынды Алатау аудандық Прокуратурасы, III орынды қалалық емханалардан құралған команда жеңіске жетіп, аудан әкімінің сыйлығы және дипломдармен марапатталды. (Қатысқан адам саны 80)

26 тамыз күні Алатау ауданы әкімінің аппараты және Денсаулық сақтау мекемелерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «Конституция күні» мерекесіне орай велошеру «Атлетикалық ауыл» аумағындағы алаңда өткізілді.

«Конституция күні» мерекесіне арналған велошеруге аудан тұрғындары және мекемелер қызметкерлері қатысып, I орынды Е.Алимов, II орынды А.Жапашев, III орынды М.Досалиев иеленіп, бағалы сыйлықтармен және аудан әкімінің дипломымен марапатталды. (Қатысқан адам саны 150)

16 қыркүйек күні «Қала күні» мерекесіне орай «Халық» спорт кешенінде мекемелер және мектептер арасында шағын футболдан аудан әкімінің кубогы үшін турнир өткізіліп, 1орынды №169 ЖББМ, 2 орынды №152 ЖББМ, 3 орынды №180 ЖББ мектеп мұғалімдері иеленді. Арқан тартыс, бұқа тартыс, гир көтеру, асық атудан жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар аудан әкімінің дипломдарымен марапатталды.

4 қазан күні Қарттар айлығы аясында жеңіл атлетикадан жарыстар өткізіліп, жалпы команда бойынша «Шаңырақ -2» ы/а I орын, «Парасат» ұжымы II орын, №14 аумақ III орынды иеленді.Сонымен қатар ұстаздар арасында «Халық» спорт кешенінде шағын футболдан турнир өткізіліп, №156 ЖББМ I орынды, №152 ЖББМ II орынды, III орынды №180 ЖББ мектеп мұғалімдері иеленді.

11 қазан күні №154 ЖББ мектепте шахмат және дойбыдан, 13 қазан күні бильярдтан, 18 қазан күні стол теннисінен жарыс өткізіліп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және аудан әкімінің дипломдарымен марапатталды.

14 қазан күні жеңіл атлетикадан жасөспірімдер мен оқушылардың арасында жеңіл атлетикадан жарыс өткізілді . Командалық есеп бойынша №185 ЖББМ I орынды, № 160 ЖББМ II орынды, №154 ЖББМ III орынды иеленді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және аудан әкімінің дипломдарымен марапатталды.

13 қараша күні «Рухани жаңғыру», «Туған жер» бағдарламасы аясында №152 мектеп- гимназиясында арқан тартыс, бұқа тартыс, тоғызқұмалақ ұлттық ойындары түрінен «Алатау ауданы кубогы» үшін оқушылар арасында қалалық турнир өткізілді. Командалық есеп бойынша № 152 МГ I орынды, № 180 ЖББМ II орынды, №156 ЖББМ III орынды иеленді. 13 қараша күні №156 ЖББМ стол теннисінен жарыс өткізілді. № 178 ЖББМ I орынды, № 156 ЖББМ II орынды, №149 ЖББМ III орынды иеленді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және аудан әкімінің дипломдарымен марапатталды.

14 қараша күні №1 Оқушылар үйінде шахмат ойнау жарысынан №171 ЖББМ I орынды, №178 ЖББМ II орынды, №179 ЖББМ III орынды иеленді.

18 қараша күні «Ұстаз» кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында волейбол, шахмат, стол теннисінен жарыс өткізілді. Командалық есеп бойынша № 178 ЖББМ I орынды, № 180 ЖББМ II орынды, №149 ЖББМ III орынды иеленді.