АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
            «Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз» тақырыбында акция өтті

19.02.2018

            «Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз» тақырыбында акция өтті



13.02.2018

Кедергісіз келешек партиялық жобасы - қайырымдылық белгісі



05.02.2018

ҚҰРМЕТТІ

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІ!


Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2017 жылдың IV тоқсанында атқарған жұмыстарының ЕСЕБІ


Мәдениет

          22 қазан Алатау аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен бірлесе          отырып әскер қатарына шығарып салу мерекесі өткізілді. Аталған іс-шарада                       

№1 Оқушылар үйінің өнерпаздарымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, аудан әкімінің сыйлықтары табысталды.

          30 қазан Ақсақалдар алқасының ұйымдастыруымен «Қарттар айлығы» аясында №149 ЖББ мектепте көркемөнерпаздар байқауы өткізіліп, 18 елді мекен қатысып, 1 орынды «Әйгерім-1» ықшамауданы, II орынды «Құрылысшы» ықшамауданы, III орынды «Парасат» бастауыш ұйымы иеленді.

          19 қараша Қазақстан Республикасының Тұғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрмесіне тамашалау үшін Алатау ауданынан 1 145 адам қатыстырылды.

                   30 қараша 1-желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты мереке өткізілді. Меркелік іс-шарада       «Жорға би тобы»,         Б. Шадаева, Индира Елемес, Тұңғышбек Мусаиф және №1 Оқушылар үйінің өнерпаздары қатысты.

                   13 желтоқсан «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс- шара өткізілді. Мерекелік іс-шарада «Құрманғазы» атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, «Алаш ұлы» және «Серілер» тобы, «Алатау» дәстүрлі театрының әншілері және ҚР халық әртісі С. Тыныштығұлова өнер көрсетті.

Тілдерді дамыту. Қазақстан Республикасының «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес мемлекеттік қызметшілер үшін қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылған. Кесте бойынша қызметкерлер қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстарына қатысады. Ай сайын Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасына аудан әкімдігі аппаратының кіріс, шығыс және бастамашыл хаттарының жазылуы туралы есеп беріліп, сараптама жасалынып отырады.

13 қазан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Жетісу әкімдігінің мәжіліс залында «Тілдарын» қалалық байқауына Алатау ауданынан 3 үміткер қатыстырылды.

20 қазан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Текті сөздің төресі- терме» қалалық байқауы өткізілді. Байқауға Алатау ауданынан 3 үміткер қатысып, Жүзбеметов Нұрбек Жұмахметұлы ынталандыру сыйлығына ие болды.

10 қараша «Абай оқулары» қалалық байқауы өткізіліп аудан атынан              3 үміткер қатысып Алиева Турсуной I орынды иеленіп, бағалы сыйлықпен және дипломмен марапатталды.

17 қараша күні №174 мектеп-гимназиясында қалалық «Тіл-парасат» байқауы өткізіліп, Ким Вера Дмитриевна I орынды иеленді. Жеңімпаз бағалы сыйлықпен және дипломмен марапатталды.

29 қараша күні №156 ЖББ мектепте «Тіл мерейі» қалалық байқауы өткізіліп, Алатау ауданының намысын Қасайынова Алтын Серикқызы қорғады.

8 желтоқсан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жетісу әкімдігі мәжіліс залында «Ана тілім-ән жырым» қалалық байқауына Алатау ауданынан 3 үміткер қатысып, терме орындаудан Алтыбаев Қуаныш, көркемсөз оқудан Тұрарбеков Әділет 1 орынды иеленіп, бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Спорт.

4 қазан Қарттар айлығы аясында жеңіл атлетикадан жарыстар өткізіліп,

жалпы командалық есеп бойынша «Шаңырақ -2» ы/а I орын, «Парасат» ұжымы II орын, №14 аумақ III орынды иеленді.Сонымен қатар ұстаздар арасында «Халық» спорт кешенінде шағын футболдан турнир өткізіліп, №156 ЖББ мектебі I орынды, №152 ЖББ мектеп II орынды, III орынды №180 ЖББ мектеп мұғалімдері иеленді.

11 қазан №154 ЖББ мектепте шахмат және дойбыдан, 13 қазан күні бильярттан, 18 қазан күні стол теннисінен жарыс өткізіліп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және аудан әкімінің дипломдарымен марапатталды.

14 қазан күні жеңіл атлетикадан жасөспірімдер мен оқушылар арасында жеңіл атлетикадан жарыс өткізілді . Командалық есеп бойынша №185 ЖББМ I орынды, № 160 ЖББМ II орынды, №154 ЖББМ III иеленді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және аудан әкімінің дипломдарымен марапатталды.

14 қараша күні №1 Оқушылар үйінде шахмат ойнау жарысынан №171 ЖББМ I орынды, №178 ЖББМ II орынды, №179 ЖББМ III орынды иеленді.

18 қараша күні «Ұстаз» кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында волейбол, шахмат, стол теннисінен жарыс өткізілді. Командалық есеп бойынша № 178 ЖББМ I орынды, № 180 ЖББМ II орынды, №149 ЖББМ III орынды иеленді.

13 қараша «Рухани жаңғыру», «Туған жер» бағдарламасы аясында №152 мектеп- гимназиясында арқан тартыс, бұқа тартыс, тоғызқұмалақ ұлттық ойындары түрінен «Алатау ауданы кубогы» үшін оқушылар арасында қалалық турнир өткізілді. Командалық есеп бойынша № 152 МГ I орынды, № 180 ЖББМ II орынды, №156 ЖББМ III орынды иеленді. 13 қараша күні №156 ЖББМ стол теннисінен жарыс өткізілді. № 178 ЖББМ I орынды, № 156 ЖББМ II орынды, №149 ЖББМ III орынды иеленді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және аудан әкімінің дипломдарымен марапатталды.